Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Вестерн Гир фирмасының керілу жүйелерінің техникалық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет36/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Вестерн Гир фирмасының керілу жүйелерінің техникалық сипаттамасы
Жүйедегі ауаның максималды қысымы, МПа
15,4
Қадаушаның керілу құрылғысы 
Шкив өлшемі, м
1,3
Арқан диаметрі, мм
44
Арқанның максималды жүрісі, м
15
Арқанның номиналды керілісі, кН
353/706
Ауысудың максималды жылдамдығы, м/мин
183
Жүйенің гидравликалық сыйымдылығы, л
1000/2000 
Масса, Кн
110,8/221,6
Бағыттаушы арқандардың керілу құрылғысы
Шкив өлшемі, м
0,71
Арқанның диаметрі, мм
19
Арқанның максималды жүрісі, м
12
Ауысудың максимал жылдамдығы, м/мин
183
Жүйенің гидравликалық сыйымдылығы, л
136 
Масса, кН
35,3
Ескерту: 
Бөлшек алымында дара керіліс құрылғысы үшін, бөлімінде 
қосарланған құрылғы үшін
Теңіз жүзбелі бұрғылау қондырғыларында түсіріп-көтеру операцияларын 
(ТКО) механикаландыру және автоматтандыру мәселелеріне ерекше үлкен 
мағына беріледі.


76
3.8-сурет. Бұрғылау және шегендеуші құбырлардың көтеріп-
түсіру операцияларын механикаландыру құрылғысы
1968 ж. «Дискаверер-II», бұрғылау кемесінде орнатылған бұрғылау және ше-
гендеу құбырларына арналған құрылғыны қарастыралық. Бұл құрылғы диаметрі 
127 мм, ұзындығы 5000 м бұрғылау тізбегімен жұмыс жүргізуге есептелген. Со-
нымен қатар, диаметрі 196,8 мм 10 АБҚ, диаметрі 88,8 мм бұрғылау құбырлары 
мен диаметрі 107,9 мм АБК пайдалану қаралған. Диаметрі 39,7 (26,27) мм ше-
гендеу құбырларын пайдалануға да құрылғы икемделген. Құрылғыны үш адам 
басқарады: бұрғышы, бұрғышының көмекшісі және жоғарыда жұмыс атқаратын 
бұрғышы көмекшісі. «Дискаверер-II», бұрғылау кемесінде биіктігі 48,7 м мұнара 
орнатылған. Мұнара өлшемдері: табаны 10,9x10,9 м, жоғарғы шеті 5,5x5,5 м. 
3048 м тереңдіктегі ұңғымада ТКО жүргізгенде құрылғы шамамен бір бағанның 
көтеру немесе түсіру жылдамдығын 1 минутта қамтамасыз етеді. Бұрғылау және 
шегендеу құбырларына арналған (
3.8-сурет
) құрылғы бұрғылау кемесінің тік 


77
осінен +12° аспағанда ғана біркелкі жұмыс істей алады. Бұрғылау мұнарасына 
(1) тік бағыт беруші (2) орналасқан, онымен элеватор (3), ілмек (4), штроптар (5) 
таль блогы 6 кіретін құрама сырғанайды. Айтылған кұрама арқан мен кронблок 
арқылы бұрғы лебедкасымен (7) байланысқан. Құрама гидравликалық жетегі 
бар бұратын құрылғымен жалғасқан. Бұрғылау мұнарасының қарама-қарсы 
бет қырына шегендеу құбырларын ұстауға арналған төменгі каретка, бұрғылау 
немесе АБҚ үшін аралық каретка (10) кетергіш ұшпен (11) және жоғарғы ка-
ретка (12) ұстағышпен орналасқан. Аспа тақтада (14) блок (15) бар, ол арқылы 
(гидравликалық цилиндр (16) штогімен жалғанган) арқан тартылған.
Ұңғыма сағасының үстіне сыналы ұстағыш (17) және бұрғы кілті (18) 
қондырылған. Құбырларды көтеру кезінде бұрғы бағаны (19) немесе АБҚ 
бағаны элеватор (3) ұсталады, сыналы ұстағыш (17) босатылып баған ұңғымадан 
жоғарғы шеті аспа тақтаға (14) жеткенше көтеріледі.
Одан кейін бұрғылау тізбегі сыналы ұстағышқа қойылады, элеватор боса-
тылады және айтылған құрама 3-6 гидравликалық құрылғы (8) арқылы ұңғыма 
осінен басқа жаққа бұрылады, содан кейін төмен түсіріледі. Осымен бір мезгілде 
жоғарғы жұмыскер каретка (12) арқылы ұстағыш (13) итеріп, оны іске косады. 
Сонымен қатар, көтергіш үш (11) каретка (10) итеріп шығарады.
Құлыптық қосылысты бұрғы кілтімен (18) (гидравликалық цилиндр 16 
арқылы) ағытқаннан кейін бағанды көтереді және (21) саусаққа орнатады. Сонан 
кейін түсірілген элеватор (3) бұрғы тізбегінің келесі бағанын қапсырып көтереді 
және цикл қайталанады. Бұрғылау тізбегін түсіру кері сатыда жүргізіледі. 
Құрылғы Хьюстонда алдын ала сынақтан өткізілген, сонан кейін»Дискаверер-
ІІ» кемесіне орнатылған. Құрылғы 5-7 м толқын биіктігі, 1500 м/мин жел 
жылдамдығы және кеменің тік бағыттан 10-11° ауытқуы сенімді жұмысын 
көрсетті. 8170 м ұңғыма тереңдігінен ТКО 4 сағат 15 минут орындады. Бұл 
құрылғымен диаметрі 508 мм дейін шегендеуші құбырларды түсіру тежірибесі 
жинақталған.
Егер топырақ борпылдақ таужыныстардан тұратын болса, онда бағытты 
бағыттаушы арқандар арқылы бұрғылау тізбегімен түсіреді және осы арақашықты 
гидроманиторлы сұғындырмалармен қамтамасыз етілген жынысталқандағыш 
құралмен өтуге болады. Бағытты қондырғаннан кейін тұрақты арқан бағыттауыш 
түйінді жинайды. Бұл түйін сфера тәрізді жасалған қабырғалары бар жалпақ ра-
мадан тұрады. Осының арқасында оларды құйғышқа орнатқан кезде, бұрғылау 
жеріндегі теңіз түбінің тегіссіздігінен туындайтын су асты негіздің көлденең 
тегістіктен ауытқуын болдырмайды. Раманың бұрыштарына арқанды кигізуге 
арналған ұзынына бойы кесілімі бар бағыттаушы стерженьдер орнатылады. 
Раманың ортаңғы бөлігіне бағыттың жоғарғы құбыры бекітіледі.
Бұрғылау құбырларын бағыттан ажыратқаннан кейін оларды жүзбе 
бұрғылау қондырғысына көтереді, сосын оларға ұғының кондуктор ішінен 
бұрғылау мақсатында қашау түсіріледі және мұнда бағыттаушы кранштейндер-
де ажыратқыш сол түйін қолданылады. Лақтырулардың алдын алу үшін кондук-


78
тордан оқпанды бұрғылау кезінде жұмысты суасты кемесінен бұрғылау тізбегіне 
бұрғылау сұйығын айдаған кезде жүргізіледі және оған суасты бағана бойымен 
қайтады. Кондуктордан бұрғылау кезінде 70-140 кгс/см
2
қысымға есептелген 
әмбебап превенторы бар саға жабдығының жинағын қолданады. Превентор 
үстінде шарнирлі қосындысы бар түйін орналасқан және ол арқылы жиынмен 
суасты бағананың төменгі ұшы жалғанған. 
Кондукторды түсіргеннен кейін оны гидравликалық тексеруден өткізеді. 
Кондуктордан бұрғылаған кезде ұңғының су асты сағасын массивті бағыттаушы 
тіректегі превентордың негізгі жабдығының жинағымен саңылаусыздандырады. 
Жинақ жоғарғы және төменгі жағынан гидрожетекті ажыратқыштармен 
аяқталған. Мұндай жинақтың салмағы 227 тонна. Оның құрамына төрт плашечті 
және екі әмбебап превентор кіреді. Плашечті превенторларда құбырларды 
кесетін пышақтары бар құбырлы, бітеу және кесуші плашкілер орнатылған. 
Құбыр кесілгеннен кейін ұңғыманы саңылаусыздандырады.
Шарнирлі қосылыс суасты бағана превенторға қарағанда салыстырмалы 
түрде 10
2
шектеуінде кез келген бағытта қозғалуына мүмкіндік береді.
Кондуктордың үстіңгі бөлігінде шегендеуші тізбекке алқа болатын тізбек 
головкасы орнатылады. Мұндай головкілер әртүрлі өту қимасының диаметріне 
және 35, 70, 140, 350 және 700 кгс/см
2
болатын ішкі жұмыс қысымына есептелген 
бірнеше типті өлшемді шығарылады. Бұл головкілер екі немесе үш шегендеуші 
тізбекті ілуге мүмкіндік береді.
Жүзбе бұрғылау қондырғыларында әртүрлі тік тербелістерді жоюға 
арналған компенсаторлар қолданылады. Компенсаторды бұрғылау мұнараға не-
месе қондырғы бортына орнатады.
Кейбір бұрғылау немесе ұңғыманы өңдеу кезіндегі іс-шаралар, ұңғымаға 
түсірілетіндерді арқан жабдығында қатаң бір анықталған аралықта ұстауын та-
лап етеді. Жүзбе бұрғылау қондырғыда жұмыс іс-шараларын жүргізгенде теңіз 
тербелісі күшейгенде бұл талаптар бұзылады. Осыған байланысты салыстырма-
лы түрде қарапайым компенсирлейтін құрылғы ұсынылған (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет