Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларын тасымалдау



Pdf көрінісі
бет46/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларын тасымалдау 
Керілу тірегінің негізінде
 
жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау 
қондырғыларын тасымалдау мен монтаждаудың жеңілділігін жатқызуға болады. 
Негізді созылу мен фундаментті бөлек тасымалдау монтаж үшін қысқа периодты 
жақсы ауа райы да қолайлы. Бұрғылау платформасымен байланыс негізі керілу 
тіректерден фундаменттің көтерілуінсіз үзілуі мүмкін, яғни ұңғымалардың 
шығынысыз және одан кейін қайтіп тіректермен қосыла алады. Бұл бізге жар-
тылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларын мұзды аумақтардың немесе 
айсбергтердің пайда болатын күмәні бар акваторияларда қауіпсіз қолдануға 
мүмкіндік береді.
5.8-сурет. Күн батардағы платформа
Аналитикалық жүйеге сүйенетін болсақ, қайраңдардың игерілуінің техника-
сы мен технологиясы белгіленген. Ол жүйе арқылы ең алғашқы керілу тірегіндегі 
жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары 1984 жылы Солтүстіктік 
теңіздің британдық секторындағы Хаттон кен орнында тұрғызылды. Алайда, 
бұл ой 1968 ж «Медуза»
 
жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғысы кон-
струкциясы құрылып жатқан кезде-ақ болған еді (
5.9-сурет
). Ол профессор В. 
С. Владиславлев көмегімен жүзеге асырылды.


107
5.9-сурет. Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау 
қондырғыларының негізгі сұлбасы
а – «Медуза» (Ресей); б – «Скат-600» (Ұлыбритания)
Құрылғы конструкциясы цилиндрлі понтоннан тұрады 1, төрт құбырлы 
тіректен 2, олардың үстінде орнатылған жұмыс аумағынан 3, бұрғылау 
құрылғысы мен мачтан, сақиналы балластан 4, понтонның осі бойынша тор-
лы фермада орналасқан, понтонның орталық иілгішімен араласқан, құбырлы 
керілулер арқылы понтонмен қосылуы. 
Зәкірдің жүзуін оған суды толтыру арқылы немесе суды зәкірден шланг 
арқылы айдау тәсілдерімен реттейді. Зәкір су бетінде еркін жүзеді. Керілу 
құбырларының ұзындығын ұңғыманы салатын әр жердің теңіз деңгейіне байла-
нысты анықтайды.
Бұрғылау жеріне Медуза құрылғысын және оның зәкірін буксирлі тасымал-
даумен жеке-жеке жеткізеді. Буксирлеу кезінде понтон қалқып жүреді 1, ал бал-
ласт ең мүмкін болатын жоғары деңгейге дейін апарылады, оның мақсаттылығы 
құрылғының қозғалысы кезінде үйкеліс күшін тудырмау үшін жасайды.
Бұрғылау жұмыстары жүріп жатқан кезде балласта ең төменгі деңгейге 
дейін апарады, бұл қондырғының тұрақты тұруына көмек береді. Содан кейін, 
құрылғыға Зәкір мен оған жалғанған керулерді белгіленген ұзындығы бойын-
ша әкеледі, керулердің жоғарғы бөлігін понтонмен жалғап және шлангтағы 
вентильді ашуға көмек береді 9. Зәкір ақырын суға толып, құрылғының понто-
нын төмен теңіз түбіне әкетеді.
Зәкірдің су түбінде нығыз орналасуы жұмыс жерін су деңгейінен жоғары 
ұстап, толқын соққылауынан сақтайды. Ал понтон болса қатты жел толқын 


108
қысымы жете алмайтын тереңдікке дейін орналасады. Понтонның қалқып 
шығу күші (итеруші күш) су деңгейінде Зәкір мен керулердің әсерінен 
тұрған, понтонның суитергіш салмағына тең. Зәкір мен понтонның табиғи 
массаларының сәйкес келуінде бұл күш аса көп және жеткілікті болуы мүмкін, 
ол бізге құрылғының тік және көлбеу кедергілерді бұрғылау жұмыстары жүріп 
жатқан кезде желдің және толқындардың соққысын, ағыстың қысым күшін жоқ 
қылуға көмектеседі. 
«Медуза» құрылғысының алғашқы жұмысы Жапон теңізінің акватория-
сында өткізілді және соққылау және вибрациялық бұрғылау жұмыстарымен 
жақсы нәтиже берді, бұл кезде 0,146 м-ге тең құбырлар және 0,112 м. В 1974-
1977 жж. айналу әдісімен жүретін коронкалар қолданылды. Шамамен 5 жыл-
дан кейін ағылшындық Seacore Ltd фирмасымен «Медуза» ППБУ «Skate-600» 
құрылғысына жақын қондырғы жасап шығарылды. Бұл қондырғылардың 
конструкциясының ұқсастығын алғаш рет А. В. Лукошков айтқан еді. 
«Skate-600» қондырғысы
 
дондық Зәкірлік плитадан, бұрғылау кондукто-
рына дейінгі тесігімен және бату қасиеті бар понтон-катарманнан 3, төрт тірек 
құбырлары бар жұмыс жерінен (4), бұл тірек құбырлары сонымен қоса тростар-
ды лебедкадан Зәкірлік плитаға дейін баратын бағыттауыш қызметін атқарады 
5. Төңкеріліс жағдайы болып қалмас үшін жұмыс жерімен қондырғылардың 
өлшемдірі минимумға дейін жеткізілген. Ал қалған қондырғылар бұрғылау 
қондырғысынан басқа 7. Палубада 8 ұзындығы 10 м-ге дейін орналасады.
Теңізді меңгеру жұмыстары жүріп жатқан кездегі жартылай батпалы жүзбелі 
бұрғылау қондырғылары конструкциясына: 
• 
ЖБ ЖБҚ-ның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• 
Бұрғылау жұмыстары жүріп жатқан кезде жартылай батпалы жүзбелі 
бұрғылау қондырғыларының минималді қозғалуы;
• 
Қозғалыс кезінде тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• 
Бұрғылау нүктесінде жылдам тұрғызу;
• 
Технологиялық және басқа қордың жеткілікті мөлшерде болуы;
• 
Қондырғыны ыңғайлы орналастыру, белгіленген қорларды сақтау үшін 
аумақтың жеткілікті болуы;
• 
Салыну жұмыстары кезінде қарапайымдылық пен технологиялық 
тиімділіктің болуы және игреру кезінде ыңғайлықтың болуы;
• 
Жұмыс күшінің аз кетуі және материалдардың минималды шығыны;
• 
Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары құрылғысын нақ 
қолданатын аумақтың белгіленуі сияқты негізгі талаптары қойылады.
Әрине, аталған талаптардың ішінде қарама-қайшылық бар, және оларды 
бір конструкцияда пайдалану тіпті де мүмкін емес. Сондықтан, жартылай бат-
палы жүзбелі бұрғылау қондырғылары конструкциясын қолданатын аумақты 
толығымен (бұрғылау тереңдігін, су тереңдігін, толқындық, жел, мұздық 
деңгейін және т.б.) зерттеу керек. 


109


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет