Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет77/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Ұңғыманы аяқтау.
Пайдалану ұңғымасы бұрғыланып болған соң
көмірсутектер жер бетіне аз энергия пайдаланып, еркін көтерілуі үшін 
эксплуатациялық тізбекпен бірге саға қондырғысы қондырылып ұңғыманы 
аяқтау үдерісі басталады. Ұңғыманы аяқтаудың түрін таңдауында бірнеше фак-
торлар әсер етеді: 
• 
Ұңғыманың түрі: пайдалану, айдау немесе өндірістік суларды лақтыру 
үшін;
• 
Күтіліп отырған ұңғыманың потенциалды шығымы, эксплуатациялық 
құбыр өлшеміне тікелей қатысады;
• 
Көмірсутектер мен коррозиоактивті компоненттерге байланысты құбыр 
металы таңдалынады;
• 
Құм шығару мүмкіндігі өнімді қабатта ұңғыманы аяқтаудың сипатына 
әсерін тигізеді;
• 
Құрамында газ бен суы бар ерекше қабаттың болуы өнімді қабатта 
ұңғыманы аяқтаудың сипатына әсерін тигізеді;
• 
Жаңадан аяқтаудың немесе қабырға оқпанын бұрғылаудағы жоспарлар;
• 
Кеңістіктегі ұңғыма ориентациясы: тік, көлбеу немесе горизонтальды 
ұңғыма;
• 
Ұңғымадағы болжанатын операциялар;
Жобаның негізі дайын болған уақытта эксплуатациялық тізбектің өлшемі 
мен ұзындығы таңдалынады. Изоляция талаптарына байланысты изоляциялық 
қондырғының әр түрлі зоналар арасына қондыру жоспарлануы мүмкін. 
Түсірілетін қондырғыға қойылатын нақты тереңдік пен талаптар ұңғыма 
бұрғыланып, ұзындығы бойынша түгел каротаждағаннан соң анықталады. 
Өлшеу құралдары арқылы өнімді қабаттардың тереңдіктері идентификацияла-
нады. Ол керек интервалда перфорация жүргізілуге болатынына кепілдік береді.
Эксплуатациялық тізбектегі арнайы ниппельдермен клапандар және 
қосымша қондырғылар қауіпсіздікті қамтып, болашақта жөндеу жұмыстарын 
жүргізуді жеңілдетеді. Көп жағдайларда осы қосымша қондырғылар ұңғыманың 
жұмыс жасау циклімен қысым туралы көрсеткіштер беріп тұрады. Қабат 
қысымы төмен ұңғымадағы жасанды көтеру әдісі, яғни түпке түсірілетін сорап 
немесе газлифт қажет.
Құмдар цементтелмеген жағдайда гравийлік фильтр немесе экран керек бо-
лады. Өткізгіштігі төмен қабаттарда кішкене жасанды түрде сынықтар жасау 
мақсатында қабатқа гидрожару әдісі қолданады.


165


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет