155
топсасының синхронды өзгеруін қамтамасыз етпейді. Құбырлар және керн
тасбаған қабылдағышты жыныстарға
шығыр көмегімен батырады, сонымен
қатар шегенделген тізбекті бас жағынан жабдықтармен соғу арқылы батыра-
ды, ол тұтас штангалі бағытталған, тізбек ішінде сырғанап бара жатқан жүк
тәріздес. Батырылғаннан кейін тізбектегі әрбір 1-2 м сайын соғу жабдықтарын
шешіп отырады және әр сапар сайын 0,2-0,5 м-ден кейін ұрмалы стаканның
көмегімен тасбаған таңдап отырады. Содан кейін
палубадан бірнеше метр
жоғары орналасқан құрылғыға қайтадан ұрмалы жабдық орнатады, жүзбелі
бұрғылау қондырғыларында игеру шартында ол қиын және қауіпті келеді.
Арқанда ілініп тұрған ұрмалы жабдықтың тербелу қаупі болғандықтан
оның салмағы 600 кг-мен шектеледі және ол жыныстарға батырылған шегендел-
ген тізбектің ұзындығы мен диаметріне тәуелсіз болады. Жабдық салмағының
кемшілігі жыныстарға диаметрі 0,168/0,188 м, ұзындығы 20 м-ден артық
құбырлардың қолайлы батуына мүмкіндік бермейді.
7.11-сурет. Теңіздегі ұрмалы бұрғылаудың ұстанымды сұлбасы:
а – дәстүрлі; б – А. П. Пронкин авторлығымен құрастырылған сұлба;
1 – соққылау снаряды; 2 – бас жағы; 3 – жалғастырғыш; 4 – шегендеу құбыры;
5 – башмақ; 6 – керн тасбаған қабылдағыш; 7 – соққылау штангасы
Сол уақытта теңізде бұрғылағанда су қабатын жабу үшін диаметрі 0,325/0,351
құбырлар қолданылады, олардың ұзындығы 200-300 м-ге дейін жетеді, олар бір
уақытта шегенделген түрде қолданылады және
жынысқа батырылуды қажет
етеді.
•
Батырылған тізбектегі соққы энергиясының төмендеуі маңызды мәселе
болып табылады. Теңізде бойлық серпімді тізбектің жоғалтуларына
156
оның тарамдалған серпімді жоғалтулары қосылады, ол шеген мен су
арасындағы интервалда майысудан қорғалмаған. Теңізде бұрғылағанда
жеке құбыр тізбектерінің ұзындығы 2 м-ден аспайды,
өйткені олар
көлемді (қабырға қалыңдығы 0,008 м жоғары), ПБУ жағдайында үлкен
диаметрлі үшбұрышты бұрандалы және 20-тан кем емес бұрышы бар
құбырларды ұзарту қиын. Сондықтан ұзын тізтектегі соққылардың
энергия жоғалтуы, мысалы ұзындығы 100 м жалғаушысы 50 м, 90%
жынысқа шегенделген тізбекті құбырды түсіргенде тасбағанның бөлігі
түпте сығылады, тізбектегі судың және өзіндік қасиеттің шығуынан
гидродинамикалық әсер етеді, ол тізбекке түскен жыныстарды сол се-
бептен тығыздайды;
•
тасбаған қабылдағыш ұрылады және тізбекке түскен
жыныс
қабырғаларын қосымша ұңғыма түбіне тығыздайды;
•
әрбір тасбаған қабылдағыш сапарынан кейін тізбек қабырғасында
тығыздалған жыныстар сақинасы пайда болады, олар келесі сапарларда,
ұрмалы штангімен жұмыс істегенде сумен араласады және ұңғымадан
тасбаған қабылдағышты шығарғанда онымен бірге сыртқа алынады.
Ұрғыламалы бұрғылауда, сондай-ақ тау жыныстарында жұмыртастар мен
дөңбектастар бар болған жағдайда қиындықтар туындайды. Осы жерде тізбек
батырылғанда, оған түскен жұмыр тастар мен дөңбектастар жарылады және
оның барлық қимасына жайылады. Оларға келесіде тасбағанды батыру қиынға
соғады, өйткені жұмыртастар мен дөңбектастар тасбаған қабылдағышқа
өлшемдері сәйкес келмегендіктен кірмейді. Жұмыртастар мен дөңбектастарды
тасбаған қабылдағышпен шетке ысыру тізбек қабырғасымен шектелген.
Су асты ағысы үшін, жүзбелі
бұрғылау қондырғысы қалқымасы, ұрмалы
зеңбіректердің орналасуы және теңіз түбінен алыс арақашықтықтағы тізбек
механизмін жыныстарға тіке батыруды қамтамасыз ету қиын болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: