Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ұңғыманы бұрғылау және ұңғыны аяқтау



Pdf көрінісі
бет76/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

7.11.3 Ұңғыманы бұрғылау және ұңғыны аяқтау
Мұнай ұңғымасын бұрғылау принципі
Ұңғыма үлкен диаметрлі қазу тесік арқылы, мысалға, 914 мм 40-60 м 
жоғары орналасқан жыныстармен өтіп құрылады. Ұңғымаға 762 мм диаметрі 
бар құбыр түсіріліп, цементпен айналасынан нығыздалады. Содан кейін құбыр 
ішімен диаметрі 660 мм болатын тесік бұрғыланады. Қазу тереңдігі 500-600 м
жиі кездеседі, одан кейін оның ішіне де 508 мм диаметрлі құбыр түсіріліп, 
цементтеледі.


162
Бұл қазу үдерісі қабатқа жеткенге шейін жалғасады және оның диаметрі 
146-245 мм дейін жетеді. Шындығында ұңғыма оқпанының әр аумағындағы 
өлшеммен тереңдік ұңғыманың потенциалды шығымына, жынысқа, 
бұрғыланатын қабат тереңдігіне, күтіліп отырған техникалық мәселелерге бай-
ланысты. Қайраңда бұрғыланатын ұңғыларды су асты аяқтау ұңғылары және 
платформада орналасатын ұңғыма деп екі түрге бөлуге болады. Платформалық 
ұңғымалар платформада орналасатын саға қондырғысымен аяқталады. Онда 
ұңғыманы пайдалану мен жөндеу жеңіл жүреді. Пайдалану ұңғымалары саға 
қондырғысымен аяқталып, теңіз түбінде орналасады.
Қазіргі кезде игеріліп жатқан кен орнында су асты ұңғымалары қолданылады. 
Оларда мұнайды өндіру және сақтау платформа қондырғысына жоғары қысымда 
тұраққа қатайтылады. Ағымдағы немесе күрделі жөндеуде су асты ұңғымалары 
жүзбелі бұрғылау қондырғысын қажет етеді. Сонымен қатар аталған ұңғыманы 
бұрғылау жұмысы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде тоқтатылады. Бұл 
жағдай көптеген шығындарға алып келеді және оның жөндеуі қымбатқа түседі. 
Себебі жүзбелі бұрғылау қондырғысын техникалық жабдықтау көп қаражатты 
қажет етеді. 
Бағытталған бұрғылау.
Көрінбейтін шығын келтіре отырып, ұңғыма 
оқпанының бағытын өзгертуді басқаруға бүгінде жаңа бұрғылау технология-
сы дамып келеді. Бұл үдеріс көлбеу ұңғылармен горизонтальды ұңғымалардың 
өсуіне әкеліп соқтырды. 
Бағытталған бұрғылаудың артықшылықтары:
 
Бір орыннан бұрғыланған ұңғыма торы арқылы қабатты жақсы қамтиды 
(платформалар, аралдар және т.б.).
 
Бір ұңғымамен қабат бірталай қашықтықта ашылады, соның есебінде 
горизонталь ұңғыманың шығымы вертикальдыға қарағанда 2-4 есе көп 
береді.
 
Басқа бағытқа бұру мүмкіншілігі, бұрғылау кезінде қауіпті жағдайға 
келтірмейді, мысалға, кішкентай тереңдіктен шығып жатқан газ немесе 
басқа траекториясын қию. 
 
Қарапайым және оңай оқпан қабырғаларын бұрғылауға мүмкіндік 
береді. Бұл қабырғалық бұрғылау мұнайға қаныққан линзалар неме-
се потенциалды мұнай бергіштік байқалғанда ғана және ойламаған 
ұңғымадағы техникалық мәселелер көрінгенде жүзеге асырылады.
Жаңа бағытталатын бұрғылау қондырғысында түптік ауытқыш пен 
қозғалтқыш және бұрғылау кезінде ұңғы түбінің параметрлерін өлшейтін 
құрал болады. Түптік қозғалтқыш (турбобур, винттік қозғалтқыш) циркуля-
ция уақытында пайда болатын сұйықтықтың гидравликалық күші арқасында 
жұмыс жасайды. Қозғалтқыш қашауды бұрғылау тізбегі қозғалыссыз тұрған 
жағдайда іске келтіреді. Бұрғылау тізбегін жер бетінен манипуляциялау арқылы 
қозғалтқыш ауытқышы керек бағытқа бұрылады. Бұдан кейін бұрғылау жер 
бетінен тізбектің айналуынсыз түпкі қозғалтқыш арқылы қозғала бастайды. Ке-


163
рек бағытта бұрылу бұрышын берген соң түпкі қозғалтқышты тізбектегі стаби-
лизаторлар қондырғылары арқылы бағыттап отырады.
Стабилизаторларда керек бағытты сақтай алатын жерде және сәйкесінше, 
өлшемдері болады. Жер бетімен қатысты көлбеу, бұрыш және азимут жөнінде 
ақпараттарды түпкі параметрлерді өлшейтін өлшем құралдары мәліметтейді. Бұл 
құбылыс түпкі өлшегіш аппараттары және олар арқылы ақпаратты жер бетіне 
сұйықтықтың циркуляциялық жүйесінің пульстеу қысымымен жеткізіледі. Бұл 
қысымдарды компьютерлер және өлшегіш аппараттар керекті көрсеткіштерді 
көрсетеді.
Бағыттауыш бұрғылаудың соңғы жаңа шыққан технологиясы – ротациялық 
бақылау жүйесі (РБЖ). Бұл қондырғы бір уақытта жер бетінен төмендегі 
қашауды іске қосып, керекті бұрылысқа бағыттауға мүмкіндік береді. РБЖ 
жүйесінің программалық қамтуы да бар. Ол көп жұмысқа кіріспей бақылауды 
едәуір жеңілдетеді.
Технология ауданында соңғы игерілген ұңғы түбі көрсеткіштерін өлшейтін 
өлшегіштер бұрғылау уақытында қабат жөнінде сипаттаманы анықтап, ха-
бар беру мүмкіншілігін береді. Бұл гамма-сәулену, үлесті кедергі, нейтронды 
кеуектілік және акустика туралы болуы мүмкін. Бұл көрсеткіштерді әдетте 
бұрғылау кезіндегі каротаж (БК) деп атайды. Одан алынған сипаттамалардың 
күнделікті жұмысын жоспарлауға қажетті петрофизикалық көрсеткіштерді 
беруінде көмегі зор. Геологиялық бақылауларды сол көрсеткіштермен тексеруге 
болады. Сонымен қатар, петрофизикалық көрсеткіштер ұңғымаларда пробле-
малар болған жағдайда жалғыз мәліметтерді бере алатын бұрғылау кезіндегі 
каротаж болады. Дегенмен, стандартты каротажбен алынатын дәстүрлік 
петрофизикалық бұрғылау рапортын бұрғылау кезіндегі каротаж ауыстыра ал-
майды. Көптеген ұңғыма теңдігінің интервалдары қазіргі уақытта тек бұрғылау 
кезіндегі каротаж арқылы ғана зерттеледі.
Жыныстар физикалық параметрлері олардың жасына, түріне, жату 
тереңдігіне және географиялық орналасуына байланысты отырады. Қазіргі 
уақытта бұрғылау қашауының үш негізгі түрі бар:
 
Үш шарошкалы қашау, шарошка шеттерінде тістері бар. Қашау 
айналғанда шарошкалар да жыныстарды жақсы бұзып қозғалады. 
Тістер қабат түрлеріне байланысты әр түрлі өлшемдерден және метал-
дардан құралады. 
 
Поли Даймонд Кристалин (ПДК) қашауы, стационарлы шарошкалы 
қашауға ұқсас келеді. Жүру барысында жынысты мықтап қажайды. 
ПДК қашаулары жасанды алмаздан және түрлі кескіш конструкциялар-
дан жасалып, қабатқа байланысты шарошка өлшемдері мен олардың 
саны таңдалынады. 
 
Алмас қашаулары. Оларды аз мөлшерде өндіріс маркалы алмастар-
ды жынысты ойсыратуға қолданады. Оны, әсіресе, қатты жыныстарға 
жұмсайды.


164
Қашаудың үлкен жылдамдықпен қысым әсеріндегі сұйықтық өтетін арнайы 
конструкциялы соплосы болады. Сопло өлшемдері әр ұңғыманың гидравликалық 
талаптарына тәуелді өзгертіледі.
Аталып кеткен қашаудың үш түрінің бірнеше нұсқалары бар. Мысалға, 
ПДК мен үш шарошкалы қашаудың кейбір параметрлерін жақсарту үшін табиғи 
алмас қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет