Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАрАу суАсТЫ сАҒАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАрЫ



Pdf көрінісі
бет82/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   274
8-ТАрАу
суАсТЫ сАҒАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАрЫ
8.1 суүсті және суасты пайдалану
8.1.1 Теңіз мұнай-газ кәсіпшілігі
Теңіз мұнай-газ кәсіпшілігі (ТМК) –
теңіз кен орындарын мұнай, газ, кон-
денсатты өндіру және жинауға, өнімді дайындау мен тасымалдауға арналған 
технологиялық кешендер.
Өнімді өндіру фонтанды тәсілмен (ҚҚҰ әдісімен), одан кейін газлифтілі не-
месе өндірудің механикаландырылған тәсілдеріне көшіріледі. Өндірілген мұнай 
және газ газлифтілі циклда энергия тұтынудың ішкі қажеттілігі үшін қолданады.
ТМК-нің құрлықтағы кәсіпшілігінен айырмашылығы негізгі және қосалқы 
жабдықтарды теңіз мұнай-газ кәсіпшілікті гидротехникалық құрылымдарда ор-
наластыру қажеттілігі.
ТМК-нің технологиялық сұлбалары теңіздің тереңдігі, толқынның биіктігі, 
желдің жылдамдығы, мұздардың пайда болуы және т.б. табиғи-климатты 
жағдайларға тәуелді. Теңізде мұз қатпайтын акваторияларда пайдалану 300 м 
тереңдікке дейі жүзеге асырылады.
25-30 м тереңдіктерде ТМК көбінесе жасанды аралдарда, дамбаларда
(5-10 м), эстакадаларда және басқа да свайлы құрылымдарда орналастырылады. 
Суүсті пайдалану – теңізде тұрақты платформаларды, негіздер мен эста-
када алаңдарын пайдалана отырып мұнай және газды өндірудің, жинаудың, 
дайындаудың және тасымалдаудың шаралар кешені.
25-30 м тереңдікте металл немесе темірбетонды тіректі бөліктерден тұратын 
тұрақты платформаларды қолданып, оған кәсіптік жабдықтарды орналасты-
рады. Теңізде 60-80 м тереңдікке дейін негізінен өндіру ұңғымалары немесе 
технологиялық жабдықтары (өнімді жинау, дайындау үшін) мен энергетикалық 
объектері бар бірфункциялы платформалар қолданылады.
80 м-ден жоғары тереңдік – көпфункциялы болып, әрбір платформа жеке 
мұнай-газ кәсіпшілігі болып есептеледі. Платформалардың саны дренирлеу 
объектісімен анықталып, әдетте екіден төртке дейін болады. Теңіз қайраңын 
пайдаланудың ерекшелігі көп шығындар және жабдықтарды орналастыру үшін 
орынның жетіспеушілігі. Осы шектеулер мұнай қабатының дренирлеу ауданын 
ұлғайту үшін көлбеу ұңғымаларды бұрғылауға апарады.
Қазіргі таңда әрбір ұңғыманы неғұрлым көп қоршап алуға жетуді бағытталған 
бұрғылау технологиясын көптеген мұнай компаниялары қолдануда. Мысалы, 
Статойл компаниясы 7 километрлі ұңғыманы бұрғылауда және ол платформадан 
қабаттың түбіне 5 км дейін жеткен.


172
Сағасы суастында орналасқан ұңғыма ең алғаш рет 1943 ж Эрн өзенінде 
(АҚШ) 11,5 м тереңдікте бұрғыланған. Осы кезден бастан бұл әдіспен 
әртүрлі теңіз кен орындарында: Мексика шығанағы, АҚШ-тың Тұнық мұхит 
жағалауында, Онтүстік-Шығыс Азия жетегінде, Солтүстік теңізде шамамен 300 
ұңғыма бұрғыланған. 1976-1980 жж аралығында сағасы суастында орналасқан 
ұңғымалар саны 217-ден 283-ке дейін жетті. 1980 жылдың басында тағы да 66 
ұңғыма бұрғыланған.
8.1-сурет. Су астында ұңғымаларды пайдалану кешені
Теңіз кен орындарында ұңғыманы сағасы суастында орналасқан кезде 
меңгеру өте күрделі болғанымен, оның сағасы суүсті қондырғыларына қарағанда 
бірқатар артықшылығы бар.
Осы әдістің негізгі жетістігі, ол – мұнай кен орнын пайдалануға кезекпен 
жіберу мүмкіндігі. Әдетте ол тәжірибеде алғашқы мұнайды алуды жылдамда-
тады. Бұрғылау кемесінен бірнеше ұңғымаларды бұрғылап, олардың саға үстіне 
сәйкес суасты арматураларын қондырып, пайдалануға енгізу, қымбат тұрақты 
платформаларды орнату және одан көлбеу бағытталған ұңғыларды бұрғылап, 
тек содан кейін кен орынды пайдалануға жіберуге қарағанда жылдам орында-
лады. Осымен қатар, бұл әдіс кен орынның бірнеше геологиялық-физикалық 
сипаттамаларын игерудің алғашқы кезеңдерінде пайдалану параметрлерін алуға 
мүмкіндік береді.
Күрделі қаражат пен қаржыны салыстырмалы түрде аз жұмсағандықтан, 
осы әдіс мұнай қоры аз кен орындарын игеру үшін қолдануға болады, өйткені 
онда аса қымбат тұрақты платформаларын пайдалану тиімсіз болады.
Сағасы суастында орналасқан жүйелердің тағы бір жетістігі, ол – түпте 
орналасқан қондырғының сыртқы климаттық жағдайлардан жақсы сақталатыны. 


173
Суүсті тұрақты платформалары үлкен қауіп төндіреді, ал осы кезде су астын-
да қондырғыны орналастыру мұншалықты қауіп төндірмейді, және онда өрт 
қауіптілігі де болмайды.
8.2-сурет. Қондырғыларды су астында пайдалану сұлбасы
Осындай жүйелердің кемшілігі аса үлкен тереңдікте болған жағдайда суас-
ты саға қондырғысына жету және онда ұңғымаларды жөндеу қиыншылығы бо-
лып саналады. Одан басқа, мұндай мәселені шешу үшін су астында тәжірибелі 
сүңгуірлердің еңбегінің қажеттілігі.
Бірақ, көптеген шетел мұнай фирмалары теңіз кен орнын сағасы су астында 
орналасқан ұңғымалармен меңгеру әдісіне үлкен сақтықпен қарайды, өйткені 
осы әдіс тәжірибелі кезеңдерден өткен жоқ және ол тек қана жеке бөлінген 
ұңғымалар үшін қолданады деп есептелінеді.
Суастында саға қондырғысын жеке тік бұрғыланған ұңғы сағасына неме-
се шектеулі тармақ ауданында бұрғыланған бағыттаушы ұңғымалар сағасына 
орнатады. Суасты саға қондырғысын және манифольдті камераны басқару 
үшін гидравликалық немесе электрогидравликалық жүйелерді қолданады. 
Әрбір ысырмаларды басқару кемеден келетін жеке желілер арқылы немесе бір 
тармақтау блогы арқылы жүзеге асырылады.
Суасты қондырғыны орнатудың екі жүйесі бар:
• 
Суастында саға қондырғысының ашық орналасуы;
• 
Суастында саға қондырғысының жабық орналасуы – «құрғақ» (атмос-
фералы).
Ашық түрлі жүйелерде барлық саға жабдығы теңіз тереңдігіне сәйкес 
гидростатикалық қысым әсерінде болады. Жабық түрлі жүйелерде саға жабдығы 
арнайы батпалы камераларда орнатылып, оның ішінде атмосфералық не болма-
са кішкене жоғарылатылған қысым сақталады. Осылардың ішінен ашық түрлі 


174
жүйелер «құрғаққа» қарағанда кеңінен қолдануда. Жабдықты жөндеу, монтаж-
дау және техникалық қызмет көрсету ашық жүйелерде манипулятор немесе 
водолаздар арқылы жасалынады, ал жабық жүйелерде – операторлар кәдімдігі 
киімдерімен атмосфералық камерада жүргізеді. Суасты сағаға арматураны ор-
нату өлшемдермен, конструктивті шешімдермен айрықшаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет