Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет84/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   274
8.1.4 «Закум» суасты меңгеру жобасы
«Закум» суасты өндіру жобасы 1969 жылы тамызда ұңғыма бұрғыланып, 
1972 жылғы сәуіріне дейін жалғасқан кезде және мұнай суасты сағалы армату-
расы бар ұңғымадан жақын орналасқан платформаға дейін жеткен жағдайда жа-
салды (
8.4-сурет
). Осы мерзім ішінде әртүрлі суасты пайдалану қондырғылары 
және әртүрлі суасты үдерістері сыналды. Жобаны жүзеге асыру:
1. суасты әдістері арқылы мұнай өндіруді қамту.
2. суасты жабдықтарды суасты әдістеріде пайдалануда тәжірибе жинау 
және оны мұнай кен орындарын игеруде қолдану сияқты мақсаттарды көздейді.
8.4-сурет. «Закум» жобасы бойынша суасты мұнай өндіру нұсқасы
1 – клапан және қоректену блогын іске қосуға арналған екі 
құрылғылы су асты ұңғымасы; 2 – негізгі қоректену блогы; 
3 – трансформатор; 4 – радиосигнал генераторы; 5 –радиобай-
ланыс; 6, 9 – құбыр сеператор; 8 – кабель; 10 – сепаратор


176
Жоба шеңберінде суасты мұнай өндірісінің барлық аспектілерін қамтитын 
жабдықтар мен операциялар сынақтан өткен. Негізгі пайдалану жабдығынан 
(сағалық арматура, клапандар, тастау сызықтары және т.б.) басқа зерттеулер 
бағдарламасына бірқатар көмекші жүйелер (сепараторлар, электроэнергия 
көздері, бақылау-өлшеу аспаптары және т.б.) мен операциялар кірген.
Жабдықтар мен операциялардың толық тізіміне:
- саға қондырғысы; 
- мұнай және газ сепараторлары;
- газды лақтыру жүйелері;
- қақпақтар жұмысын реттеу құрылғысы;
- бақылау-өлшегіш аспаптар және байланыс жүйесі;
- электрэнергия көздері және оларды тарату жүйелері;
- құбырлар және манифольдар;
- арқан жұмыстары;
- водолаз жұмыстары;
- қосымша кемелер кіреді.
«Закум» суасты жүйесінің пайдалану жағдайлары қолайлы болады. Онда 
судың тереңдігі 20 м аспайды және жабдықты орнату мен қызмет көрсету бо-
йынша операцияларды жүргізуге мүмкіндік берді. Одан басқа, негізгі жағалық 
база жүргізілетін жұмыстар орталығына (Дас аралы) жақын орналасқан, ол пай-
далану жағдайларын жеңілдетеді. Алайда, «Закум» жобасының арқасында су-
асты операцияларын жүргізудің тәжірибесі жинақталды, ол үлкен тереңдіктер 
мен пайдалану тәсілдері қатал жағдайларында пайдалы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет