Оқулық Алматы, 2014 Б. Қ. Қапасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата29.01.2017
өлшемі5,06 Mb.
#2986
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

– саяси­әлеуметтік;
– ел басқару;
– сот ісі;
–  көпшілікті  басқару,  белгілі  бір  идеяға  ұйыту,  бағыттау 
құралдары болуымен бірге, сөздің қоғамдық мәнін анықтау, қадір­
қасиетіне сендіру, тілдің қоғамдағы ең негізгі, басты күш екеніне 
көз жеткізу мақсаттары үшін жұмсалады.
Шешендік сөз деген ұғымды кейбір тұстарда «сөйлеушінің 
тыңдаушыны сендіру өнері» деп те атайды. Қалай болғанда да 
сөйлеудің мақсаты, мазмұны, шарты­таным мен білім құралы 
болу, сондай­ақ адамгершілік қасиеттерге үндеу, қоғамдағы 
келеңсіздіктерді сынау, т.б. адамның рухани дамуының негізгі 
көзі екені сөзсіз. Қазіргі қоғамда қолданылатын шешендік сөздің 
өзін бірнеше түрге бөлеміз.
Шешендік сөз түрлері
Саяси-әлеуметтік: қоғамдағы, басқару, билік,жүйесіндегі 
сөздер, съезд, конференция, митинг т.б. жиындардағы сөздер.
Академиялық: лекция, ғылыми баяндама, ғылыми шолу т.б.
Сот ісіндегі: прокурор, қорғаушы, айыптаушы т.б.
Әлеуметтік-тұрмыстық: мерейтой, салтанатты дастархандағы 
сөздер т.б.
Діни қызметтегі: уағыз, иман т.б.
Әскери қызметтегі: жалынды, жігерлі үндеу сөздер т.б.
 Саудадағы: жарнама.
Диалогтік: ойкөкпар, ойталқы, іскерлік қатынастағы әңгіме, 
мәжіліс, баспасөз­конференциясы, «Дөңгелек үстел» т.б.

146
137-жаттығу. Кестені толтырыңыздар. Бос орынға не жазар едіңіздер?
138-жаттығу
Екі­үш күннен бері бұл өңірде бұлыңғыр болған. Және қыстың 
соңғы салқын тынысы сияқттанып бір суық жел білінуші еді.
– Е, сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты суық 
болатын әдеті ғой! – деп, Қарабас қыстыгүні қар болатынын 
айтқандай, мерзім айтты.
– Неге? Сәуір қыстың айы емес! Жаздың айы емес пе? Жылда 
бүйтет деймісің?
– Жылда сүйтеді. Сәуірді, осы жұлдызша не дейді?
– Апрель дейді.
– Ендеше сол апрелің осы. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп, 
бұрынғылар текке айтпаған. Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз 

147
шықпайды дегені,  деп Қарабас Абайға ай­айдың мәнін айта бас­
тады.
Бұл жөнде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп білім 
бар екен. Сәуір – бұл айдың арапша аты. Қазақша – мамыр. Одан 
соң маусым... Абай қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта­қайта 
қайырып жаттап  алды. Бірақ сәуір турасындағы жаңағы сөзді  
алғаш есіткен осы еді. Жазға салымның ең жайсыз кезін әнеугүні 
әжесі «отамалы» деп атап еді.
– Осы «отамалы» немене? Не деген сөз өзі? – деп Абай соны 
сұрады.
– Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. 
Желсіз борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі сонда. Отамалы 
деп атанғаны бір байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. 
Сол бақыр күн қайырады екен-ау! Көкектің суығы басталған 
уақытта, әлгі қойды жайылысқа шығармайық, боран болады. 
Қойдың қыстан титықтап шыққан кезі, малыңнан айырыласың 
десе, байы діні қатты кәпір екен. Сен тоғышарлық қып ал­
дап отырсың деп, Отамалыны сабап­сабап қойды жайылысқа 
шығартады. Сол күні, құдай көрсетпесін, бір қатты боран баста­
лып, тақ үш күн, үш түн соғып, бар қой шығып кетіп қырылыпты 
да, қойдан қалмаймын деп, Отамалы бақыр да үсіп өліпті. Көкектің 
суығы – «отамалы» атанғаны содан дейді. Әжең бақыр соны біледі 
ғой, - деді Қарабас.
Осыдан соң: «Айдың тоғамы» деген не? «Өлі араның» не мәні 
бар? «Қыр күйек» неден қойылған? Абай осыларды да сұрастырып, 
көп қызық әңгімелер есітті. 
(М. Әуезов)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Әңгіме орнына қарай мәтіннің қандай тілдік ерекшеліктері бар?
2. Ай, жұлдыз санау туралы қандай ұлттық таным берілген?
3. Ұлттық мезгіл мерзімді білдіру жайында өздерің не білесіздер?
4.  «Айдың тоғамы», «Өлі ара», «Қыркүйек» деп не аталған?
5. Қарамен жазылған сөз, сөйлемдерінің сөйлеу тілі ерекшелігіне тал­
дау жасаңыздар.

148
139-жаттығу. 
Дүниеге келген адам бойында адам болудың нышаны ғана 
нышанындағы тіршілік  иесін әлеуметтік­тарихи тұлға (личность) 
ретінде қалыптастыратын – әр халықтың тарихи­табиғи бол­
мыс­бітімі, дәстүрдің құдіреті, мәдениеттің сабақтастығы. Адам 
ешуақытта өзінен өзі адам болмайды, адам болуды шыр етіп 
дүниеге келген күнінен бастап үйренеді. Ал адамды адам ететін 
– жұмыр жерді мекен еткен сан толқын ұрпақтардың ақыл­ойы 
мен тірнектеп жинаған тәжірибесі. Ғасырдан­ғасырға, ұрпақтан­
ұрпаққа, әкеден балаға ауысатын тарихи­әлеуметтік, қоғамдық 
практикалық дәстүр сабақтастығы болмаса, адамзаттық прогресс 
те болмақ емес. Өмір­салттың тіршілік­болмыстың ғажайып 
сабақтастығы үзілген жерде адам баласы бәрін де тырбанып 
қайтадан бастауға мәжбүр болар еді. Әрбір адамның бойында 
адамзат баласы жүріп келе жатқан жолдағы баға жетпес­тари­
хи тәжірибенің үлгісі бар. Сол тарихи­мәдени тәжірибені танып­
білу арқылы адам баласы өзінің парасат­болмысын шыңдайды. 
Үп еткен желге тамырын үзіп, тақтаған жерге тұқымын төгетін 
адам баласы қаңбақ емес. Саналы адамның (хомо сапиэнс) ең 
бір мәнді белгісі: рухани отырықшылығымен, яғни қоғамдық­
әлеуметтік таным­тәжірибесінің тарихи сабақтастығымен дара­
ланады. Қазақ халқының өмір­салты көшпелі болғанымен, ру­
хани  болмысы көшпелі болмаған. Кез келген көшпелі өзі туған 
жердің өзен­көлін, тау­тасын, орман­тоғайын ешбір отырықшы за­
мандастарынан кем сүймеген. Сондықтан да кіндік қаны тамған 
жері үшін тайсалмастан жүрек қанын да төге білген. Сондықтан 
да сол даланы әнмен әлдилеп, күймен тербеген. Сол далаға ең ая­
улы атаулар берген. Сол далаға тек қана сұлулық деп аталатын 
ұлы түйсікпен үндесетін белгілер қалдырған. Қысқасы, байтақ 
дала көшпелілердің рухани отырықшы әлемі болған. Осынау ұлы 
дәстүрдің қадыр­қасиетін танып­түсіну және сол ұлы дәстүрдің 
заңдылықтары бойынша ғұмыр кешу тірілер үшін қажет (А. Сей­
дімбек).

149
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ұлт болмысы, танымы туралы не айтылған?
2. Ұлт тұрмысы мен оның рухани дүние байланысы қандай?
3. Отырықшы жұртпен көшпелі халық болмыс­бітімінде қандай ерек­
шеліктер бар?
4. Автор көшпелілердің жеріне сүйіспеншілігін қалай баяндайды?
5. Қарамен жазылған сөздердің қайталанып берілуінің мәні неде? 
140-жаттығу. Кестені толтырыңыздар

Дәуір, 
ғасыр
Шешен 
Еңбектері 
1
Көне дәуір
«Риторика», 
«Метафизика»
2
Цицерон
«Міндеттер туралы», 
«Мемлекет туралы», т.б.
3
Көне дәуір
«Софист», «Парменид», 
«Федр»
4
ХІХ ғасыр
«Синтетикалық 
философия жүйесі»
5
Спиноза 
«Этика»
6
Көне дәуір  Конфуций 
7
Көне дәуір
«Шешендік тәлім»
Шешендік сөз сапалары
Шешендік сөз сапалары дегенде, ең алдымен, сөйлеу ерек­
шеліктерін ашуды қажет етеді.
Сөйлеу
1) пікір, ой білдіреді
тіл амалдары пайдаланылады
сөз 
жасау
сөз 
тіркес тіру
сөйлем 
құрау
2) Сөйлеуші сипаты анықталады
шығармашылық 
қабілеті

150
ой әсері
дә лел деуі
мәнер-
леп 
айтуы
Көр кем деу құ рал дары
3) сөйлеу 
айшық тары 
қолда нылады
шен-
дес-
тіру
дамыту
қайталау
ри то ри-
ка лық сұ рақ
дауыс 
ыр ға ғы 
т.б.
4) дайын 
тілдік 
құралдарды 
пайдаланады
мақал 
мәтел-
дер
жыр, 
өлең-
дер ден 
үзінді
сілте-
мелер
дәйек сөздер
5) лексика-
грамма-
тикалық 
жағынан 
түрлен діреді
оқшау сөздер
қаратпа 
сөздер
қыстырма 
сөздер
Сонымен бірге шешендік сөздің сапалы шығуы, яғни тыңдау­
шының ықылас қоя тыңдата білуі, пікір алмасу, сендіру, ой 
бөлісуімен де анықталады. Аристотель «Риторикада» қарым­
қатынасқа қажет: 
1) айтушы немесе шешен;
2) сөз, оның жеткізер ой­пікірі
3) тыңдаушы сияқты үш элементті анықтап көрсетеді.
Ендеше, жинақтай келгенде шешендік сөздің төмендегідей не­
гізгі белгілерін көрсетуге болады.
1. Тыңдаушымен көзбе­көз, тікелей қарым­қатынас жасалады.
2. Диалог түріндегі кері байланысқа мүмкіндік бар.

151
3. Түрлі белгілік жүйелері: лингвистикалық (тіл), пара-
лингвистикалық  (екпін), кинетикалық (ым-ишара) қол­
данады.
4. Шешендік сөздің кімге арналатыны нақты, яғни тыңдаушысы 
алдын ала белгілі болады.
5.  Шешеннің  жеке  қасиеттерін,  эмоциясын  да  байқауға 
мүмкіндік бар.
141-жаттығу.
Шоқан мен Саққұлақ шешен
Жазда ауылына демалысқа келіп жатқан Шоқан Саққұлақ ше­
шенді қонаққа шақырып, бірнеше күн оның тағлымды әңгімелерін 
тыңдайды. Дидарласу кезінде жас Шоқан қонаққа тосын сұрау 
қойып:
–  Ақсақал, біреу жолдан адасса, кімнен ақыл сұрайды? – дейді.
–  Шырағым, көнеден сұрайды, – дейді шешен.
–  Көне адасса, кімнен сұрайды?
–  Көргендіден сұрайды.
–  Көргенді адасса, кімнен сұрайды?
–  Көргенді адасса, көптен сұрайды.
–  Көп адасса, кімнен сұрайды?
–  Көп адасса, көп оқығаннан сұрайды.
–  Көп оқыған адасса, кімнен сұрайды?
– Көп оқыған неге адассын! Әлгінде ғана Сатыбалдының 
Жаманқұлына күдіктеніп, оның Үмбеталы жырау туралы даста­
нын өзің де менен сұрап анықтап алған жоқпысың? – дейді ше­
шен. Содан соң:
 Асылы, ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі – талап,
Шолғыншысы – ой,
Жолдасы – кәсіп,

152
Қорғаны – сабыр,
Қорғаушысы – мінез.
Біліп туған бала екенсің,
Тумысыңнан дана екенсің, – дейді Шоқанға риза болған шешен.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Саққұлақ шешен мен Шоқан арасындағы әңгімеге қандай баға берер 
едіңіздер:
а) әңгімелесу;
ә) дидарласу;
б) сынасу;
в) шер тарқатысу.
2. Саққұлақ шешенді Шоқан қалай риза етті?
3. Шоқан сөздеріндегі ұлттық түсінік, танымды көрсетіңіздер.
142-жаттығу.  Мәнерлеп  оқыңдар.  Қарамен  жазылған  сөз,  сөз 
тіркестерінің мағынасын анықтаңдар. 
Адыра қалғыр, көк Жайық
Адыра қалғыр, көк Жайық,
Садағын сала байланып,
Астана жұртын айналып,
Ерлерім еңсеп желген жер.
Мыңнан­мыңнан жылқы айдап,
Ақтылы қойдың өрген жер.
Шалқыған дәулет мол бітіп, 
Қызығын жұртым көрген жер.
Емендей белін бүгілтіп,
Жібектей жалын төгілтіп,
Ерні төмен салынған,
Құйрығы гүлдей малынған, 
Күдері бел, күпшек сан –

153
Бедеу атқа мінген жер.
Аузы түкті кәуірді
Ерлерім айдап келген жер,
Қысырықтай бөлген жер.
Күндердің күні болғанда
Таршылыққа іліндің,
Жеті жұрт кетіп бүлген жер! 
(Мұрат)
143-жаттығу. Төменгі тақырыптарға әңгіме құрыңыздар. Сөйлеу тілін­
дегі түрлі белгілік жүйелердің қолдануына назар аударыңыздар.
1. «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» 
(мақал)  
2. «Шешен сөз бастайды, көсем ел бастайды» (мақал)
ШешенШешенге қойылатын талаптар
Шешендік өнердің жүйелі теориясы бар ғылым болатынын да 
айтып өттік. Шешендік өнердегі ең негізгі –  шешеннің өзі.

154
Жоғарыдағы шешеннің қызмет әрекеті көрсетілген. Осындағы 
ерекшеліктерді игере білумен бірге шешеннің тілдік қоры мол, 
жан­жақты білімді, ұтымды пікір, ойға тоқтай алатын, шынжыл, із­
денгіштік,  т.б. қасиеттері болса, кез келген аудиторияны игере ала­
ры сөзсіз. Шешеннің сөзі көбіне  монологқа, диалогқа құрылудан 
бастап, қазіргі қоғамда пікірталастың әр түрімен ашылады. Бұның 
өзі іскерлік, ғылыми, көркем стильде болуы мүмкін. Ойды жет­
кізуде тақырып пен ортаға қарай анықталатын стиль оның амал­
тәсілдерін де ашады. Қажетті жағдайға қарай диалог құра білу ау­
диториямен дұрыс қарым­қатынас жасауға да қатысты. Аудито­
риямен қандай формада әңгімелесуге болады, қай уақытта екенін 
де білудің мәні зор екені белгілі. Ендеше шешенге қойылар бас­
ты талап­қабілет қарымын, білім­білігін шығармашылықпен бай­
ланыстыра алуында.
Шешенге: – белгілі бір тақырып  бойынша білім жинау:
– қажетті әдебиеттер іріктеу;
– жинақталған әдебиеттерді оқып игеру;
– жоспар жасау;
– сөздің жазбаша мәтінін әзірлеу;
– аудиториямен жұмыс істеу білу;
– уақытты дұрыс пайдалана алу;
– тыңдаушылар сұрақтарына жауап беру;
– қазіргі техника құралдарын қолдана білу талаптар қойы­
лады.
Шешен – терең білімді, ақпаратты игеруші әрі оны талдап, 
тыңдаушыға қажеттісін, сұранысына қарай талқылап жеткізуші.  
Шешен аудитория талап­талғамына сай материалды жинақтап, әрі 
соны жеткізу өнеріне төселу керек. Сондай­ақ:
– дауыс күші; 
– жағымды дауыс;
– сөз арасындағы екпін, кідірістің дұрыс қойылуы;
– ым­ишараны орнымен қолдана алуы;
– өзін­өзі әдепті ұстай білуі шешеннің тыңдаушылармен ара­
сын жалғастырады. Осы аталған ерекшеліктерді толығымен иге­
ру еңбекті, төзімділікті, ақылды, білімді қажет етеді. 

155
144-жаттығу
Қазыбектің алғаш көзге түсуі
Абылай ханның заманында қалмақты қысқа күнде қырық 
шауып, беттетпей қойыпты. Сонан тағы да басқа елді шабуға 
өзінің белгілі батырларын алып, жорыққа аттанып кетіпті. Бұлар 
осы жолы көп жүріп кешігіпті. Сонда арада жүретін өсекшелер 
қалмақтың  Қонтажы  деген  ханына  барып:  «Абылай  барған 
жорықта өліпті. Сен осы кезде қазақтан кегіңді алып қал!» – деп, 
қазақтың бір жағын келіп қалмақ шауып әкетіпті. Осы сөзге елігіп, 
қазақтың бір жағын келіп қалмақ шауып әкетіпті. Абылай келсе, 
елдің бір жағы жетім­жесір болып қалған екен.
Абылай бұл жолы:
– Сен бар деп, ешқайсысының атыңды атамаймын. Намысқа 
шыдамағандарың өздерің айт! – депті.
Сонда Тайкелтір би мен Малайсары батыр:
– Біз барамыз! – депті.
– Ендеше жүз адам жолдас алып барыңдар! – депті.
– Жарайды! – деп, бұлар дайындалып жатқанда, Қаракесек Кел­
дібек би үйіне келіп әйелінен:
– Қазыбек қайда? – деп сұрапты.
Онда әйелі:
– Бағана тай үйретемін деген, жылқыда шығар, –депті.
Жылқының ішіне келсе, айтқанындай, жылқыда тай үйретіп 
жүр екен. Келдібек баласын шақырып алып:
– Бала, атқа мініп, атақ алғың келе ме? – депті.
Сонда бала шу дегеннен:
– Атаққа шапқанша, жақсының атын ерттеп, жатқа атымды со­
лай шығарсам, болмай ма? – депті.
– Жарайды, балам, анау тұрған бедеуді ұстап мін де, үйге жүр, 
– деп, ертіп алып келіп, киіз беріп:
– Бар, балам, жолың болсын, алдыңнан, артыңнан күн тусын! 
Жортқанда, жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын! – деп бата­
сын беріп, – Жүріп бара жатқан топқа барып қосыл! – депті.

156
Келе жатса, қалмаққа баратын топты шығарып, өзі аңға шығып 
келе жатқан Абылайға қарсы келіп, жолығып, сәлем беріпті. Абы­
лай:
– Балам, қай ұлсың? – депті. Сонда Қазыбек:
– Тай бәйгесін менсінбей, ат бәйгесіне қосылайын деп жүрген 
Қаракесек: Келдібектің сіргелі тайы едім! – депті.
Сонда Абылай:
– Бар, балам, жолың болсын, бақытың арта берсін, бетіңді 
бұрма! Анау бара жатқан топқа қосыл! – депті.
Қалмақтың еліне таянғаннан кейін, Тайкелтір ойланып:
– Жүз кісімен қалың қалмақтың ортасына кіріп барғанда, не 
бітіреміз? Онан да бір­екі кісі барып, қалмақтың бетін біліп кел­
сін! – депті.
– Бұ да жарайды екен! – де (сіп), сөз білетін бір­екі жігітті жі­
беріпті.
Бұлар қалмақтың ханына келіп:
– Қазақ болып жиналып, қол келе жатырмыз. «Қапы қалдым!» – 
демей, дайындалсын! – деп сізге жіберді, – депті. Сонда хан өзінің 
бектерін шақырып айтыпты:
–  Алыстан  қонақ  келеді,  шатырды  тігіп,  малды  сойып, 
дайындалыңдар! ­ депті.
Бұлар ханның бетін білген соң, келіп көпшілігіне айтады. 
Көпшілігі бөгелмей, ханның аулына келсе, айтқанындай, шатыр­
ды тігіп, еркек қойды үйтіп, тайды сойып, осындайын дайындықта 
екен. Бұларды қарсы алып күтіпті. Үш күн тынығып жатыпты. 
Төртінші күні хан келіп, амандасып, бірге отырып, қалмақ енді 
бұлардан сұрапты:
– Неге келдіңдер? – деп.
Сонда Тайкелтір айтыпты:
– Өгізді өлеңге байладық, өрлікті төменге байладық. Ақ десең 
де, қара десең де, істің (шешуін) өзіңе байладық. Ендігісін өзің 
айт! – депті. Сонда:
– Бүрсігүнге дейін менен хабар болса, болды, егер болмаса, 
бастарың аман, жандардың бейбітте елдеріңді табыңдар! – деп, 
орнынан түрегеліпті.

157
Сонда босағада отырған Қазыбек:
– Тақсыр, хан, дат! – депті.
Хан:
– Арызың болса, айт! – дегенде, бала былай депті:
– Сен темір болсаң, мен көмірмін,
Еріткелі келгенмін.
Екі елдің арасын
Теліткелі келгенмін!
Сөз бермейтін шешенді
Кеміткелі келгенмін.
Тұтқыр сары желіммін
Жабысқалы келгенмін.
Жаңа үйреткен жас тұлпар
Жарысқалы келгенмін.
Сен қабылан болсаң, мен – арыстан,
Алысқалы келгенмін.
Шалқақтамай сөз берсең,
Табысқалы келгенмін.
Шалқақтайтын болсаңыз,
Тұрысатын жеріңді айт,
Шабысқалы келгенмін! – депті.
Сонда хан:
– Уа, жаным, сен қай ұлсың? – депті.
Қазыбек:
– Тай бәйгесін менсінбей, ат бәйгесіне қосылайын деп жүрген 
Қаракесек Келдібек бидің сіргелі тайы едім! – депті.
Хан:
– Атың кім? – депті.
– Атым – Қазыбек! – дегенде:
– Даусың қаздың даусы сияқты, сенің атың Қаз дауысты 
Қазыбек болсын! Сенің келген жолыңа қазақтан алғанды түгел 3 
күннің ішінде көзін тауып берем! – депті.
Осылай бітімге келіп, барған жұмыстарын бітіріп қайтыпты. 
Сол күннен бастап «Қаз дауысты Қазыбек» – атаныпты ( Мәшһүр­
Жүсіп).

158
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қазыбек бидің алғаш танылып, көзге түсуіне не себеп болды?
2. Қазыбектей баланың «Атаққа шапқанша жақсының атын ертеп, жатқа 
атымда солай шығарсам» деген сөзінен болашақ бидің қандай қасиеттері 
көрінеді?
3. «Сен темір болсаң, мен көмірмін, Еріткелі келгенмін» – деген сөзден 
Қазбек бидің қай қыры ашылады:
а) өз жұртының әскери күш­қуатын біледі;
ә) жас би үркіту, шошыту секілді психологиялық тәсілдерді мең герген;
б) бұдан бидің тәуекелшіл, қайтпас шегінбес мінезі көрінеді.
145-жаттығу
Жанқұттының қартайған шағында айтқандары
Бір сөз айтсаң жақсыға,
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға
Өміріне ұқпайды.
Надандықтың белгісі.
Өзін­өзі мақтайды.
Көкірегі соқырға,
Өмірде таң атпайды.
Шешеннің сөзі шын асыл,
Қап түбінде жатпайды.
* * *
Тон бітпеске тон бітсе,
Қағуменен тоздырар.
Жаман болса алғаны,
Ер жігітті аздырар.
Жақсыменен сөйлессең,
Құмарыңды қандырар.
Жаманменен сөйлессең,
Көңіліңді қалдырар.
Кез болсаңыз суайтқа,
Өтірік айтып нандырар.
Өсекшімен сөйлессең,
Ұрмай­соқпай талдырар.
Жолдас болсаң сараңмен, 
Жол үстінде қалдырар.
Жаман болса достарың,
Өзіңді жауға алдырар.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жанқұтты шешен туралы не білесіздер?
2. Шешеннің жақсы мен жаманды салыстыруында қандай тілдік 

159
көркемдеу құралдарын пайдаланған? Ойды дәл жеткізудегі салыстырудың 
артықшылығы неде?
3. Осыған ұқсас қандай ақын, би, шешен сөздерін, мақал­мәтелдерді, 
нақыл сөздерді білесіздер?
4. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар.
146-жаттығу 
Қазақ совет әдебиетінде екпіндей келген жастың бірі марқұм 
– Тайыр Жароков. Оны мен ең алғаш Орынборлық дәуірде қазақ 
педагогика институтында оқып жүрген шағында көргем. Ол кезде 
Тайыр сұлу кескінді, сымбатты, денелі жасөспірім де; институттың 
оқу үйі, рабфак оқу үйінің қасында болатын.  Бір мезгілдегі сабақ 
үзілісіне біз сапырылыса аралысып кететінбіз. Қарсы жақта «ит 
бақшасы» аталатын алаң бар. Араласқан оқушылар соған кіреді 
де, біреу қалжың айтып, біреулер өлеңдетіп оқып дегендей әртүрлі 
өнер жүйелері ортаға түсіп жатады. Сонда өлеңдері, әсіресе, өзінің 
өлеңдерін екпіндей оқып, көзге оғаш түсетіндердіңі бірі – Тайыр.   
Мен онымен тез танысып, пікірлес болып алдым. Кейін қадірлеп 
«Такең» атап кеткен Тайыр қулық сөзге шебер еді, сонда оның 
бір айтатыны:
– Менің өлеңдерімнің көркемдігінен кемшілік табылар, бірақ 
саяси  қатені ешкім таба алмас.
Онысы, рас та. Әдебиет майданында қырық жылдай қалам сіл­
теп, мыңдаған жол өлең жазған Тайырдың бар шығармасында 
коммунистік идеяға шын беріліп, биікке өрлеу айқын көрініп 
тұратын.
Ол осы жолынан ешуақытта тайған жоқ. Қазақ совет поэзиясы­
на оның түсірген олжасы орасан. 
(С. Мұқанов) 
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мәтін стилін анықтаңыздар.
2. С. Мұқанов Т. Жароков ақындығына қандай баға береді?
3. «Менің өлеңдерімнің көркемдігінен кемшілік табылар, бірақ сая­
си қатені ешкім таба алмас» осы сөйлемнің мәнін ашыңыздар. Ақын нені 
меңзеп тұр.

160
147-жаттығу
1. Адамзаттың  ақыл­ойының даму жолын айқындайтын, 
көркемдік танымның бағыт­бағдарын белгілейтін, өткен өмірді 
қалпына келтіріп, бүгінгі өмірді таңбаға түсіріп, замандармен, 
халықтармен  бірге ғұмыр кешетін тірі бейнелер кейіптеп, өз та­
рапынан жаңа бір әлем жасап шығаратын, халық рухы – әбілхаят 
нәрімен сусындап, фәниден озған, бақиға бата алған, ескірмейтін, 
өлмейтін мерейлі шығармалармен бұ дүниеде мәңгі жасайтын Жа­
зушы болу – айрықша бақыт. Үш дүниенің сырын тоқыған, төрт та­
рабын түгел таныған Қазақ Жазушысы болу – он есе артық бақыт. 
Талабы таудай жан балам, көкірегінде от болса, туған халқынды 
жан­жүрегіңмен сүйсең, сенің де ірі жазушы, зор тұлға болып 
шығарың күмәнсіз. Ірі болмасаң да, ұлы болмасаң да, қадарынша 
қызмет жасаң – мұратыңа жеткенің. Ол – сенің адамдығына бай­
ланысты.
Жазушының адамдық бейнесі – әділдік, адалдық, кісілік де­
ген ұғымдардың жиынтық көрінісі. Қазақ жалпақ тілде «жақсы 
адам» дейді, «жақсы кісі» дейді. Жақсы адамның бәрі бірдей жа­
зушы болмайды, бұл жалпылық өлшем, бірақ жақсы жазушының 
барлығы де жақсы кісі болған. Кісілігі кем жазарман ешқашан да 
тәуір жазушы дәрежесіне жетіп көрген емес. Өйткені жазу – ең ал­
дымен кісіліктің жемісі. Тетігін  білмеген адам трактордың өзін 
жүргізе алмайды. Жақсылық пен жамандықтың тетігін айырмаған 
жан қалай тәуір жазбақ, Жаза алмайды, болмайды. 
Қаламгердің азаматтық келбеті, яғни отаншылдық, ұлтшылдық 
– бұл да кісілікке жалғас, дарынмен бірге бітетін, өскен орта, алған 
тәрбие негізінде қалыпқа түсетін қасиет. Онсыз тағы да жазушы 
жоқ деп біліңіз. Әсіресе, біз сияқты отар ел жағдайында. Халқын 
сүймесе, ұлттық намыстан кенде болса – адамдық қасиеті де жоқ 
деген сөз, жазушылық қайда, дені түзу кісі есебіне қосу қиын. 
Қаламгер – аруақтың аманатын арқалаушы, халықтық рухтың жар­
шысы, яғни ұлттық сана – оның шығармашылық бітіміндегі ең игі 
негізгі көрсеткіші болуға тиіс. Сонымен, жазушы қайдан шығады 
деген әуелгі сауалымызға қайтып оралдық. Бірінші шарт – дарын  
дедік, ал бұл дарынның туа бітетіні – талассыз ақиқат. Бірақ сол туа 

161
біткен қасиет жүзеге асуы үшін тағы қаншама жағдай керек екен. 
Соның ішінде адамның өзіне тікелей байланысты және ең мәнді, ең 
басты шарт – таудай талаптан серпін алған табанды еңбек. Бойдағы 
дарын – тәңірінің сыйы, еңбексіз келді. Өзгеше талай. Бақ Қонды. 
Енді соны жетілдіру, жеріне жеткізу, кәдеге асыру – құт орнаған 
кісінің өзінің қолында. Дарын Көктен түсті. Жеміс емес, тұқым. 
Өнер, оның ішінде жазушылық – сол тұқымның мәуеге айналған 
көрінісі. Екі арада ауыр, әрі қызғылықты, ақыр түбінде бір адам 
емес, бүкіл жұрт үшін, оларды ұлыс үшін игілікті еңбек тұр. 
(М. Мағауин)
2. Басқаны былай қойып, мына тұрған Түркия жазушыларының 
жағдайы бізден мүлде басқаша. Біразының атадан қалған завод­
фабрикалары, банкілері бар. Әртүрлі кәсіпорын,  дүкен ұстап 
отырғандары қаншама. Кітап жазу – олар үшін күнкөріс көзі емес, 
жай хобби, бойдағы талантын әйгілеудің тәсілі ғана... Тәңірім­
ау, олармен салыстырғанда, біз күні кешеге дейін Совет өкіметі 
үлестірген ризықты талғажау еткен «интернаттың баласы» емеспіз 
бе? Әрине, жағдай тудырса біздің жазушылар да өз еңбегімен 
күн көре алады. Бірақ біздің кітаптарымызды көп данамен басып 
шығарып, кітап саудасын қыздырып отырған кім бар? Қалтылдап 
әрең отырған баспалар төлеуге қауқарсыз болса, сонда жазушылар 
топырақ жей ме? Айта берсе сөз көп, сұрақтан сұрақ туады. Айна­
лып келгенде, аужал тұтар бір ғана тірек бар. Оның аты – бостандық. 
Құдайым сол бостандықты қолдан шығара көрмесін деп тілейік.
Жалпы қай қоғамда да жазушы арқалайтын жүк жеңіл болмаған. 
Ал қазақ сияқты бодан елдің жазушысы болуды құдай енді басқа 
бермей­ақ қойсын! Мұнда не ұлтыңды, еліңді­жеріңді сатып, күнің 
үшін империяның сойылын соғуың керек. Не болмаса, «қиын 
қылса дулығалы бас кетер» деп, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақыптар 
секілді әділет жолында қасқайып тұрып қалуың керек. Екеуі де 
оңай емес, былай тартсаң бас  кетеді, былай тартсаң ар­ұятың 
аяққа басылады. Қазақ зиялысы осының екеуін де бастан кешірді. 
Ерлер мен ездердің енші бөліскен жері де – осы тұс. 
(Қ. Жұмаділов)

162

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет