Оқулық Алматы, 2014 Б. Қ. Қапасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата29.01.2017
өлшемі5,06 Mb.
#2986
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

120-жаттығу. Кестені толтырыңыздар.
кіммен?
Достары 
мен, жақсы 
таныста­
рымен
Жүз 
таныс 
жандар­
мен
Жұмыс 
жайында 
әріптес­
терімен
Оқытушы­
мен, ғылыми 
қызмет­
керлермен
қайда?
көшеде
қандай 
мақсатпен?
алдағы 
жиналыс 
жайында
қандай 
әңгіме?
достық
121-жаттығу.  Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем 
құраңыздар.
Келісімшарт, баспасөз қызметі, кеңес, қол қою парағы, ұсыныс, 
құжат, қызметтік нұсқау, келісімге келу, түрлі көзқарастар, негізгі 
міндеттерді бөлу, тапсырыс беру, міндеттеме қабылдау.
122-жаттығу.  Көрсетілген  жағдайларға  қарай  әңгіме  құрасты ры­
ңыздар.
1) Драма театры директорына мектептегі  драма үйірмесіне 
қатысты кеңесе алу.

131
2) «Іскерлік қарым­қатынастағы ресми тіл» тақырыбындағы 
ғылыми жобаның жоспары жайында оқытушымен ақылдасу.
3) «Біз сүйетін жырлар» атты өткен поэзиялық кеш жөнінде фи­
лология  факультетінің студенттерімен кеш барысын талқылау.
4) Өзіңіз қалаған мамандығыңыз туралы жоғары осы сала 
қызметкерінен ақыл­кеңес алу.
5) Соңғы оқыған кітабыңыз жөнінде кітапханашы апаймен ой 
бөлісу.
Іскерлік қарым-қатынастағы жазба  тіл үлгілері
Ресми тілде жиі қолданылатын құжаттардың қатарына анықтама, 
өтініш, түрлі ресми хаттар, бұйрық, мінездеме, өмірбаян, қолхат, 
сенімхат, хаттама, жарғы, келісімшарт, жеке іс парағы, қаулы 
түрлерін алуға болады.
Іс қағаздарының өзіндік тілдік жүйесі, белгі, құрылымы бар. 
Ал осы жүйе, белгі, құрылымның өзі әр іс қағазында түрлілігіне 
қарай бірінен­бірі бөлектенеді.
Хабарландыру
15. ІХ. 2014 жылдың университеттің спорт залында қазақша 
күрес секциясына іріктеу өтеді. Тілек білдірушілер қабылдау 15. 
00 – 17. 00 аралығында жүреді .
123-жаттығу. 
1. Әдебиет үйірмесінің отырысы;
2) Кітап көрмесі;
3) Өлкетану мұражайына саяхат;
4) Көркемөнерпаздар байқауы;
5) Журналистермен кездесу өтетіндігі жайында хабарланды­
ру жазыңдар. 

132
Есеп – белгілі бір уақыт аралығындағы мекеме ұйым, кәсіп-
орын, маманның атқарған жұмыстарына жүргізілген ресми 
тілде жазылған талдау.
Есептің төмендегі құрамын жазылуда назарда ұстау керек.
1. Есептің тақырыбы (есеп не жайында болуы қажет).
2. Мақсаты ( жалпы шолу, ақпарат, негізгі жұмыс тәртібінің  
қойылуы).
3. Мақсаттың шешілу жолдары (қандай бағыттар таңдалып 
алынды, неге).
4. Жұмыстың  жүру барысына талдау (қандай іс атқарылды,  
қандай істелінбеген істер бар, себептері)
5. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы (бағалау, шешім)
6. Келесі кезеңдегі атқарылу тиісті істер ( міндеттемелер)
7. Есеп ресми тіл стилінде жазылады. Көркемдеуді, суреттеу­
ді қажет етпейді.
Хаттама  –  жиналыс,  мәжіліс,  кеңестегі  шешім,  пікір,  ой 
көзқарас, пікірлер сол қалпында түсетін құжат түрі.
Хаттамада сөз, хабарлама өзгеріссіз беріледі. Жиналыс, мәжі­
ліс, кеңес хатшысы сөйлеушілердің сөзін ынта қойып тыңдап, 
хаттамаға ең бастысын, негізінен жазуы керек.
Хаттаманың құрылымы
1. Хаттама 
2. Қатысушылар туралы мәлімет
3. Күн тәртібі
4. «Тыңдалды»
5. «Сөйлегендер»
6. «Қаулы етеді»
7. Төраға мен хатшының қолдары.

133
124-жаттығу. Хаттаманы аяқтаңдар.
№ 7 хаттама
Үйірме отырысы 27.04. 2014
Қатысқандар: 15 студент
Күн тәртібі
1. Баяндама. «Іскерлік тілдегі жаңа терминдер» (Баяндамашы 
– Асылжанова Әйгерім)
2. Ғылыми жобаға ұсынылған баяндамаларды талқылау.
3. Әртүрлі
Пікір – белгілі бір кітап, еңбекке берілген баға. Пікір жазушы 
кітап, еңбектің қажеттілігін, мән-маңызын, ерекшелігін ашып 
көрсетуі тиіс.
125-жаттығу. «Егемен Қазақстан» газеті мен «abai.kz» порталындағы 
өздеріңізге ұнаған шығармаға пікір жазыңыздар.
126-жаттығу.  
Әр өмір саласындағы іс жүргізуші өз саласының сөз байлығын 
игеруі арқылы ғана кәсіби сөз саптау шеберлігін ширата алады. 
Мұның үстіне әлемдік құжаттармен жұмыс жасау технологиясы 
мен іс жүргізу құжаттары үлгілерін жақсы білмек керек. 
Қандай тіл жетілу үстіндегі тіл болмақ? Ішкі құрылысындағы 
оң өзгеріс, сондай­ақ поэзия, фольклор саласында ғана дамыған 
тіл көсегені көгертеді деу қиын. Әлемдік әлеуметтік лингвисти­
ка қоғамдық қызметінің көлемі өскен, жаңа мазмұнды бейне­
ленген тілді жетілу жолындағы тіл деп сипаттайды. Қоғамдық 
қызметі өскен тілдің сөз байлығы өсіп, тіл стильдік тұрғыдан са­
раланып, мағыналық өзгерістерге түседі. Олай болса, мемлекеттік 
тіл өмірдің әр қилы салаларына тікелей қатысты болып келетін 
іс жүргізу саласында кеңінен қолданылуы тиіс. Саланың арнау­

134
лы сөздері мен терминдері, кейбір құжатқа тән сөз саптау ерек­
шеліктері, мәтінді қысқарту мен аббревиатура, сандық ақпарат, 
орфографиялық ерекшеліктер т.с. тіліміздің дамуына өз әсерін 
тигізеді (Б. Хасанұлы «Мемлекеттік тілде іс жүргізудің әлеуметтік­
лингвистикалық қырлары» кітапта: Мемлекеттік тіл: терминоло­
гия, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. – 
Астана, 1999.)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Кәсіби сөз саптау шеберлігі» дегенді қалай түсінесіздер?
2. Тілдің қоғамдық қызметінің өсуі туралы қандай ой  айтылған?
3. «Тілдің – қоғамдық қызметі» тақырыбында әңгіме жазыңыздар.
127-жаттығу. Бірнеше анықтама мен мінездеме үлгісін дайын даңыздар.
№ Анықтама
Мінездеме
1
Кімге берілетіндігі
Аты­жөні, білімі, туған жылы 
2
Қандай себеппен 
 Отбасылық, әлеуметтік жағдайы, 
азаматтығы туралы мәліметтер
3
Қандай мекеме берді
Қызмет істеген орындары, 
жылдары.
4
Мекеме басшысының 
қолы
Жеке мінез ерекшеліктері. 
Міндетін, тапсырылған 
жұмыстарды орындауы
5
Берілген мерзімі
Мінездеме қайда берілді
6
Мекеме басшысының 
қолы, мөр
Берілген жылы, айы, күні
7
Мекеме басшысының қолы, мөр
Жеке адамға қатысты іс қағаздар
Іс қағаздарын қалыптасқан үлгіде жүргізу, сауатты жаза білу та­
лабы – жеке адам өміріне қатысты іс қағаздардың да шарты. Жеке 
адам өміріне қатысты іс қағаздардың негізгілеріне:

135
1. Өмірбаян (аннотациялық парақ);
2. Өтініш;
3. Жеке іс парағы;
4. Анықтама;
5. Мінездеме жатады.
Өтініш – ресми іс қағазы. Оған қойылатын талап нақтылық, 
дәлдік, ойды, тілекті ашып анықтап көрсету
128-жаттығу.
1) Жарыс өткізу үшін  университеттің спорт залын сұрап;
2) қалалық ән байқауына қатысу үшін сабақтан босатуды сұрап 
өтініш үлгілерін жазыңдар.
Өмірбаян – адамның аты-жөні, туған жылы, отбасы жағдайы, 
білімі, қызметі ресми жазылатын құжат.   Өмірбаян І жақтан 
жазылады
129-жаттығу. Өз өмірбаяндарыңызды жазыңыздар.
130-жаттығу. Қазақ халқына белгілі тұлғалардың (Абай, М.Әуезов, 
Қ. Сәтбаев, С.Мұқанов, т.б.) өмірбаяндарын жазыңыздар. 
131-жаттығу. Түйіндемемен танысып, не үшін жазылатынын анық­
таңыздар.
1) Ғылыми­зерттеу институтына ғылыми қызметкер болғыңыз 
келді, өзіңіз туралы түйіндеме жазуыңыз керек. Қалай жазар 
едіңіздер, қандай талап, шарттары бар (жұмыс орнының ерек­
шелігін ескеріңіздер).

136
132-жаттығу. Ресми іс­қағаздарының әр бөлігіне қандай мәтінде хат жа­
зар едіңіздер.
1. Құттықтау хат;
2. Алғыс хат;
3. Келісім;
4. Қызметтік хат;
5. Өтініш.
133-жаттығу. Кестені толтырыңыздар.
№ Сөздер
Қазақ 
тілі
Орыс 
тілі
Моңғол
және 
қазақ­
моңғол 
тілдеріне 
ортақ
сөздер
Араб 
тілі
Парсы 
тілі
Еуропа 
халықтар
(грек, неміс, 
ағылшын, 
француз)
тілдері
1
Кітап 
+
2
Бөлтірік  +
3
блок
4
Бұлбұл 
5
әбдіре
6
мұғалім
7
кездік
8
сүт
9
гарни зон
10 тәкап пар
11 ықылас
12 арзан
13 физио­
логия
14 ішік
15 төл

137
16 дүлдүл
17 ақ
18 хан
19 сөл
20 арена
21 қағаз
22 тәуіп
23 жорға
24 әзәзіл
25 тамаша
26 астролог
27 нақ
28 ызғар
29 тоқым
30 ән
31 тамаға
32 гелий
33 заман
34 әмір
35 холерик
Хат – қазақ тілінде жазу, қағазға түскен сөз дегенді, екіншіден, 
біреуге немесе арнайы бір мекемеге хабар, ақпарат, сұраныс т.б. 
жіберу үшін жазылатын мәтін.
Баяндама – нақты бір тақырып бойынша жүргізілген зерттеу, 
талдау, жинақтау қорытындысы. Баяндаманың жан­жақты ашы­
луы үшін қажетті шарттардың қатарына:
– тақырып;
– мәлімет;
– талдау;
– қорытынды;
– ұсыныс кіреді.

138
134-жаттығу.
«Құрметті жолдас лейтенант!
Хатыңызға рақмет. Сіздің сұрақтарыңызға жауабым мынадай: 
«Волоколам тасжолы» кітабын талқылау стенограммаларының,  
оған  берілген  рецензиялардың,  кітапқа  байланысты  келген 
хаттардың көшірмелерін Сізге жіберуге мүмкіндігім жоқ, оған 
шамам жетпейді. Өйткені оқырмандардың лебіздері мен хат­
тары, сыншылардың пікірлері орасан көп. Мәселен, «Волоко­
лам тасжолы» жариялаған «Знамя» журналының редакциясына 
соғыс кезінде тек менің атыма ғана жүздеген хаттар келді. По­
весть 1942 – 1943 жылдарда Москва қаласындағы әдебиетшілдер 
үйінде екі рет талқыланды. Ол талқылауға екі жүз­үш жүздей адам 
қатысты. Онда мен повестің біткен бөлімдерінің мазмұны және 
оның жалғасына байланысты біздің істейтін жұмысымыздың про­
граммасы туралы екі рет баяндама жасадым. Әр баяндамам бір жа­
рым сағатқа созылды.
Бауыржан Момышұлы
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Хат қандай мақсатпен жазылған?
2. Хаттың стиліне назар аударыңыздар. Хат тілінің қандай ерекшелік­
тері бар, атаңыздар.
135-жаттығу. «Домбыра – қазақ ұлтының жаны», «Жаңа заман – жаңа 
байланыс». Берілген тақырыптардың біріне баяндама жасаңыздар.
Күнделік – 1) күнбе­күнгі өтетін немесе жоспарланған істердің 
орындалу реті; 2) көркем туынды ретінде өткен күннің әсері, сол 
күндегі көңіл­күй, сезім, ішкі толқынысты суреттейтін көркем 
шығарма.
136-жаттығу. Жексенбі күнгі уақыттарыңның өту ретін жазыңыздар. 
Демалыс күнгі уақыттарыңызды дұрыс ұйымдастыра аласыздар ма, назар 
салыңыздар.

139
137-жаттығу. Күнделік.
27.04.2005
Бүгін таңертең ерте тұрдым. Ш.Уәлихановтың таңдамалы 
шығармаларын оқып, кеш жатқанмын. «Қытай империясының 
Батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты 1856 жылғы Құлжаға са­
яхат күнделігін оқып шықтым. Шоқан Уәлихановтың күнделігі 
Үйгентас аңғарының табиғатын суреттеуден басталыпты, жүз бет­
тен  астам мақаланы аяғына дейін қалай тез оқып шыққаныма  өзім 
де таң қалдым. Мүмкін алғашқы жолдардан басталған таңғажайып 
табиғат суреті ме, әлде саяхат сыры ма, әйтеуір, маған ерекше әсер 
қалдырды. Күнделік 1856 жылдың 1 тамыздан 12 қазанға дейінгі 
аралықтағы Қытай империясына сапардың жайын баяндайды. 
Ш.Уәлихановтың әр іске назар салар байқампаздығы, екшеп, 
талдар талғамы, жіті таразыға салар талдауы ерекше.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Күнделік жазудың пайдасы бар ма? Неге?
2. Өздерің күнделік жазып көрдіңіздер ме?
3Естерінде жақсы сақталған, әсер алған сәттеріңді күнделік ашып, 
жазуды әдетке айналдырыңыздар.
136-жаттығу. Мәтінді оқып, ғалым пікірлеріне көңіл аударыңыздар. 
Ш.Уәлиханов жер аттары туралы  пікірлерін қандай  дәлелдер мен дерек­
тер арқылы түйіндейді? 
Ыстықкөл сапарының күнделігі
 (үзінді)
«...Санташ – санаулы тас. Бұл асудың бұлай аталуына себеп 
болған бір қорғанға үйілген тастар. Қорғанның биіктігі 3 сажын, 
айналасы 35 сажын. Аңыз бойынша, Әмір Темір Гурган Қытайға 
император Каан Чинның қызын алу үшін сапар шегеді (Каан чин 
Қытай императорының титулы [түркіше басқаша], Хаканчин – 

140
Қытай императоры [титул], қазақтар оны жалқы есім қып алған). 
Әмір Темір әр жауынгері қолына бір­бір тастан алып, бір жерге 
үюге бұйрық етеді. Кейін қайтқан жолында ол енді тасты алып, 
келесі жерге үюге әмір етеді. Қалған тастарға қарап, қанша әскер 
жоғалтқанын шамалайды. Сол қорғанның орны қазір де бар.
Тарихи мәліметтер бұл аңызға мүлдем қарама­қайшы. Әмір Темір 
шын мәнінде Қытайға сапар шеккен, бірақ Самарқандтан шығып, 
Отырарға 24 жеткенде қаза тапқан. Десек те, орта ғасырлардағы 
батырлық жырлардағы Ұлы Карл мен орыс ертегілеріндегі Влади­
мир Красное Солнце сияқты барлық ортаазиялық аңыздарда Әмір 
Темір – басты қаһарман. Түркістанның барлық мешіттерін, көне 
су құбырларының барлығын Әмір Темір Сайыпқыран (әлемнің би­
леушісі) салдырған деседі. Қалай болғанда да, Санташ қорғанын 
қалау үшін көп адам мен көп еңбек қажет болған және ол келер 
ұрпаққа [осында] бұрын өткен халықтың өмірінен сыр шертетін 
ескерткіш.
Айтпақшы, Қарқара өзенінің атауы туралы тағы бір аңыз. 
Қазақтар қалмақтарды шапқан бір жорықта осы өзеннен... екі 
жас қызын ұстап алады. Олардың ауылы жаңа көшіп жатыр 
екен. Олар осы жерде қалып, өздерін ретке келтіріп, көшке сәнді 
киіммен бармақшы болған. Олардың бастарында құстың қауырсын 
қанаттары болады. Қазақтар оны қарқара деп атайды. Содан бері 
өзен Қарқара атанып кетіпті дейді аңыз.
(Ш. Уәлиханов)

141
IV бөлім. Шешендік өнер
Шешендік өнер тарихы
Бүгінгі қоғам бізден әр адамның өз пікірін, өз ой­көзқарасын 
орнымен, өз мақсат мүддесі тұрғысынан жетік жеткізіп, қойылған 
сұрақтарға жауап бере білуді қажет етеді. Пікірлесе алу, ой тастау, 
пікірталастыра білу адамның білімін, білігін, сөз байлығын таны­
тумен бірге қоғамдағы орнын да анықтайды.
Сөз шеберлігі – әдеби тілде сөйлеу, сондай­ақ түрлі тілдік 
амал­тәсілдерді мағыналық, формалық, стильдік сипаттарына сай 
ұтымды талғап таңдай білу. Сөйлеудегі қажетті тұстарды қалап, 
таңдау үшін біз шешендік өнер қыр­сырын білуіміз керек. 
Шешендік өнер – өзінің зерттеу нысанасы, белгіленген те­
ориясы, сандаған жылдардан бергі тарихы бар пәндердің бірі. 
Қолданбалы пәндердің қатарына жататын шешендік өнер кешен­
дік білім жүйесін құрайды. Бұл білім сөйлеу этикасын жетілді­
ру, тілді әлеуметтік қызметіне қарай жұмсай білу, өз пікірін жет­
кізу, сендірумен бірге сөз арқылы оқыту, тәрбиелеу мақсаттарын 
қояды. Шешендік өнер тек құрғақ білімді жатқа білу емес, оның 
ерекшелігі де сол кез келген ортаның ыңғайына қарай сөйлеушінің 
өзін ұстай алуы, дұрыс ойын жеткізе алуы десек, аталған шарттар 
практиканы көп қажет етеді.
Шешендік өнер тарихы сонау ерте замандардан басталады. 
Адамзат баласы игерген алғашқы, әрі желісі үзілмей келе жатқан 
өнерлердің бірі. Оның тарихын білу халық тарихын білумен бір­
ге, сөйлеу мәдениетін, әдебін үйрену, сөздерді дұрыс таңдай 
алу ерекшеліктеріне жаттығу. Шешендік өнер қоғамның саяси­
экономикалық, әлеуметтік негіздері қажеттіліктерінен туған.
Шешендік өнерді «риторика» терминімен де ауыстырып жата­
мыз.  Риториканың (грек тілінде rhetorike) алғашқы және негізгі 
мағынасы – шешендік өнер. Көне Грецияда шешендік өнерді, рито­
риканы, үйрететін мұғалімді ритор деп атаған.  Шешендік өнерді 
қай халық та болсын меңгерген. Десек те, Эллада шешендік өнердің 
отаны деп есептеледі. Ежелгі Грецияда шешендік өнер б.д.д. V 
ғасырда дамып, алғаш рет теориясы қалыптасқан. Қоғамдағы  

142
ақпарат, саяси, әлеуметтік істер ауызша таралған кезеңде шешен 
тілде сөйлей білу, елді ұйыта алу, сөз арқылы халықты топтаудың 
маңызы ерекше болды. Бүгінгі күнге жеткен мәліметтер Ежелгі 
Грециядағы шешендік өнерге үйрететін мектептер ғылым­білім 
үйрену, қоғамдық­саяси, әлеуметтік істер үшін қажет болғанын 
дәлелдейді. Сөз қадіріне жеткен халық қай шешеннің сөзі өткір, 
ойға қонымды, көңілге жетер болса,  соны жақтайтын. Сондықтан 
да риторлар, шешендікке үйретер ұстаздар, сөзді қалай жеткізу 
амал­тәсілдерін меңгерген, логика заңдарын білетін, айтысу, 
тыңдаушыға әсер ету әдістеріне жетік шешендер болды.
Ежелгі Грецияда сөз өнерінің құдірет­қасиеті жоғары бағаланды. 
Көпшілік алдында, сотта, жиын, кездесулерде топ алдында сөйлей 
алуына қарай жеке тұлғалар қоғамдық­саяси, әлеуметтік орында­
рын белгіледі. Осыған орай, кез келген ортада, қандай жағдайда 
болсын өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп шығуға үйрететіндерді 
софистер деп атады. Софистер шындықты ашуды мақсат еткен 
жоқ, жалған болса да өз ойын дәлелдеп шығуды ұстанды. Софис­
тер қағидаларына қарсы Сократ (б.з.д. 470­399 ж. ж.) абсолюттік 
шындықты адам танымынан жоғары қойды. Бұл тұжырым шәкірті 
Платоннан (б.з.д. 427­347 ж. ж.) жалғасын тапты. Платонның 
«Федр» атты диалогінде шешеннің міндеті нақты шындықты 
ашу деп біледі. Платон сөздің адам жан­дүниесіне әсер етуі қажет 
екенін айтады. Сондай­ақ, қандай орында, қалай сөйлеу керек де­
ген мәселені ашады. Аристотельдің (б.з.д. 384­322 ж. ж.) «Рито-
рика» деген еңбегінде шешендік сөздің негізі, түрлері, сөйлеуші 
мен тыңдаушының сөзге қатысы, сөздің қисынды болу шарттары, 
т.б. шешендік өнерді анықтайтын білім кешені айтылады. Б.з.д. ІІ 
және ІІІ ғасырларда Рим мемлекетіндегі қоғамдық­саяси жағдай 
шешендік өнердің дамуына негіз болды. Халық­жиналыстарын­
да, сенат мәжілістерінде, сотта табысқа жетудің жолы шешендік 
сөз болды. Көркем, мәнерлеп, ұтымды, көпшілікті сендіре сөйлеу 
жеңістің негізі екені танылды. 
Цицерон (б.з.д. 106­43 ж.ж.) мемлекет пен саясат қайраткері 
ғана емес, әдебиетші, философ әрі шешен болған. Цицеронның 
пікірінше, көркем, шешен сөйлеу –  мемлекет ісі үшін ең басты­

143
сы. Цицерон шешенге қажет негізгі міндеттерді белгілеп берді. 
Оның 800­ден астам трактаттары мен хаттары және 58 саяси 
бағыттағы шығармалары сақталған. Осындай шешендердің бірі 
М.Ф.Квинтилиан (б.з.д. 30­966 ж. ж.) болды. Оның шешендік 
өнерге үйрететін 12 кітабын риториканың энциклопедиясы деу­
ге болады.
Ежелгі дүние мәдениетінде шешендік өнер теориясының 
элементтері анықталды. Шешендік өнердің басты сипаты, сөзді, 
сөйлеуді түрлі амал­тәсілдермен көркемдеп, ұтымды жеткізу мәні 
шешенің таланты мен терең білім, ақылына қатысты екені та­
нылды. Шешендік өнер сендіру құралы, күрес құралы, мақсатқа 
жету құралы болатынына көз жеткізді. Шешендік өнердің әлем 
тарихындағы жаңғыруы Қайта өрлеу дәуіріне қатысты. Бұл 
кезеңде шешендік өнер саяси күрес құралы, билік үшін күрес 
құралы қызметінде неғұрлым ықпалды болды. К. Каль (Фран­
ция), Д. Балл, У. Тайлер (Англия), Я. Гус, Я. Жижка (Чехия), 
т.б.  көтеріліс  көсемдерін  тарихшылар  шешен  болған  дейді. 
Кампанелла, Т. Мор, Петрарка, Данта, Рабль, Шекспир, Сер­
вантес, шығармалары шешендік өнер теориясын да дамытты. 
Аталған кезеңдегі шешендік өнер жаңа дәуірдің бөлінбес қажетті 
элементі ретінде қызмет етті. Мәдениеттің, әдептің, білім, біліктің 
көрсеткіші болды. ХVІІ ғасырдағы бірінші жартысынан бастап 
Америка Құрама Штаттарында риторика алғаш рет жоғары оқу 
орындарында Гарвард университетінде, кейіннен басқа да оқу 
орындарында оқу пәні тізіміне кіргізілген.
Қазақ  тіліндегі  шешендік  сөздерді  зерттеудің  бастамасы 
ауыз әдебиеті үлгілерінен жинаудан басталады. Мәшһүр­Жүсіп 
Көпейұлының, Ә. Диваевтың, А. Радловтың жинаған шешендік 
сөздері кейінгі кезеңдерде «Билер сөзі» (Құрастырған Т. Кәкішов) 
«Тозған қазды топтан қарға жейді» (Құрастырған Б. Адамба­
ев), Н. Төреқұл «Билер сөзі – ақылдың көзі», «Бөлтірік шешен» 
(Құрастырған Ж. Дәдебаев) т.б. жинақтарымен толықтырылды. 
Аталған жинақтар қазақ тарихындағы белгілі шешен­билердің 
сөздерін жинақтап ұсынған. «Билер сөзі» кітабының алғысөзінде 
академик Т. Кәкішов: «Ауыз әдебиетінің інжу­маржаны деуге 

144
боларлық бір түрі – шешендік сөздер. Бұл сөздердің де қаны мен 
жаны – төзім, мәрттік, кеңдік, адалдық пен қайырымдылық сияқты 
асыл қасиеттер», – деген пікірінен би­шешенге тән қасиеттер 
ұлттың бойындағы бар асыл қасиеттердің бір адам бойына жина­
луы да болса керек. Сондықтан да халық құрмет етуі сөзін тыңдап, 
ақылын алатындығы – шешенннің  өз бойында үлгі қасиеттерінің 
молдығы да.
Қазақ  ғылымында  шешендер  мен  билер  тілінің  сипатта­
рын, олардың қоғамдық орнын анықтаған ғылыми еңбектер 
А. Байтұрсынов, М. Әуезовтің әдебиет жайындағы зерттеулерінде 
бар. Осы тұста 1932 жылы жазылған С. Сейфуллиннің «Қазақ 
әдебиеті» еңбегінің орны ерекше. 1945 жылы Ә. Мәметованың 
«Қазақтың шешен­билерінің сөздері және қазақ әдебиетіндегі 
орны» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясында қарас­
тырылды.
Қазақ шешендік өнерін кең ауқымда қарастырған ғалымдардың 
бірі – Б. Адамбаев. Ғалым «Қазақтың шешендік өнері» атты 
ғылыми зерттеуінде ұлттық шешендік өнерді төрт кезеңге бөледі. 
Алғашқысы – XII XIII ғасырлардағы Майқы би мен Аяз би кезеңі, 
екіншісі – XIV­XVI ғасырлардағы Асан қайғы мен Жиренше ше­
шен, үшіншісі – XVIII ғасырдағы Төле, Әйтеке, Қазыбек би кезеңі, 
төртіншісі XIX­XX ғасырдың басындағы шешендік сөз үлгілері 
деп бөледі.
Ғалым С. Негимов: «Шешендіктің өзі биік дүниетаныммен, 
ғылым­білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс­тіршілігін, 
жөн­жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың ру­
хани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой­өрісінің кеңдігімен 
тамырлас. Оның үстіне шешендік – батырлық пен батылдықты 
мойындатудан тұрады», – дейді.
Қазақтың шешендік өнер тарихын зерттеген ғалымдар пікірінің 
ортақтығы – би­шешендердің адамдық қасиеттерінің молдығы 
мен  дүние,  қоғам жайындағы  түсініктері  мен  ғылымдардан 
кең түсініктерінің болғандығын айтады. Сонымен бірге тілге 
жүйріктік, ойдың кеңдігі, талдау, талқылай алуға қабілеттілік те 
басты мәнге ие.

145
Ғалым Г. Қосымованың «Қазақ шешендік өнерінің негіздері» 
деп аталатын кітабында шешендік өнердің қалыптасу тарихы тал­
данады. Ғалым шешендік тану ғылымының негізгі қағидаларын 
көрсетеді.
Шешендік өнер тарихында түрлі ағымдар, бағыттар болды. Ше­
шендік өнер:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет