Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»



Pdf көрінісі
бет15/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

3.2. Белгі мен таңба 
Қазіргі батыстық философия семиотикалық суреттемелерін 
постмодерндік әдістеме негізінде қалыптастырады. Бұл ұстанымда 
семиотикалық суреттемелер мәдени мәтіндер ретінде қарастырылады. 
Осындай әдістеме, әсіресе, Ж.Деррида шығармашылығына тән. 
Фоноцентризмнен тілдің таза рәміздік табиғатына бет бұрған Деррида 
үшін еуропалық мәдениет пен философияның әр түрлі «центризмдері» 
(еуропоцентризм, логоцентризм, фаллоцентризм, фоноцентризм) және де 
«центрация» қағидасы ұнамсыз. 
М.Хайдеггерден 
басталған 
еуропалық 
семиотикалық
метафизиканың 
«деструкциясын» 
(бұзылуын) 
Ж. 
Деррида 
«деконструкцияға»-(бұзып барып қайта құруға) айналдырды. Дерриданың 
түсінігінше, бәрін-әдісті де, ұғымды да, жүйені де деконструкциялауға 
болады. Мысалы. Деррида батыстық философияның «мән», «құбылыс», 
«мақсат», 
«онтология», 
«метафизика» 
сынды 
ұғымдарын 
деконструкциялайды, сөйтіп оны болашақ философияның баспалдақтары 
ретінде пайдалануға береді. 
Бұл ұстаным қазіргі философияда кең таралған. Семиозисті 
Саудабекова Э.К санаға манипуляция жасаудың құралы ретінде 
қарастырса, неміс социологі Г. Франке санаға манипуляция жасаудың 
құралы ретіндежарнаманы алады. Осындай ұстаным орыстілді әдебиетте 
кең таралған. «Манипуляция,-дейді С.Г.Кара-Мурза,-бұл биліктің әсер 
етуші ресурстарының бірі болып табылады». А.А.Хамидов болса, Г. 
Франке сияқты, БАҚ санаға манипуляция жасаудың құралына айналып 
кетті дейді.
Семиотика дамыған сайын «белгі» түсінігі бірте-бірте артта қала 
берді, интегративті белгі-айтылулардың кез келген байланыс жүйелігінде 
қолданатын қызмет пен мәннің жетекшілігіндегі «мәтін» түсінігі 
орталылық орын алады. Готлоб Фреге (1848-1925) бойынша семиотика 
дәстүрлі хабарламаны екі түрлі деңгейде ажыратады: денотативті 
(денотат хабарлама фактісі) және коннотативті (коннотация-мәдени 
әлеуметтік рәміздің қосымша мағынасын шартты жүктеу). Кез-келген тіл 
денотатив пен коннотативтің қиылысу нәтижесі болып табылады. 
Семиотика жүйесінің динамикалық шындығы осындай.
Ғаламдану тек сәндік үшін қолданылып жүрген түсінік емес. Соңғы 
жылдары ақпаратты цифрлау өзара байланыстағы әлемде жылдамдықты 


45 
арттыру мақсатында көптеген таңбалық жүйелерді қалыптастырды. Бұл 
жағдай білім алуда және таратуда материал форматтары (папирустан 
жаңа медиа форматына дейін) бойынша маңызды мәселелерді туғызады. 
Дәл қазіргі кезеңде әртүрлі әлемдік мәдениеттердегі глокальды (ғаламдық 
және жергілікті) мұраны және мәдени жадыны жаңғыртуда сан алуан 
формалар мен жүйелерді этикалық тұрғыда ескеру қажет. Семиотикалық 
үлгілер мен олардың форматтарын қолдау өзгерістері мәдениет 
экономикасына ықпал ету жолдарын көрсетеді. 
Мәдениетті зерттеу ғылымында семиотика тәжірибелерімен 
тұрақтанған өзіндік даму логикасы бар. Әр дәуірдегі зерттеулердің 
өзіндік семиотикалық стилі, өзіндік мәтін талдау тәсілдері тән. Бүгінгі 
таңда семиотика философиядағы жеткілікті дамыған теория болып 
табылады, бұның тәсілдері адам қызметінің әртүрлі шеңберлерін талдауға 
мүмкіндік береді. 
Коммуникациялық 
арналар 
саналуан 
болғандығына 
сай 
коммуникациялық белгілер де көп түрлі. Олардың арасындағы 
маңыздылары: 
- вербальды (тілдік) арна; 
- вербальды емес арна; 
- иконикалық құжаттар арнасы; 
- рәміздік құжаттар арнасы; 
- орындау өнері арналары (музыка, би; театр); 
- әдебиет және әдеби тіл арнасы; 
- радио мен теледидар арнасы; 
- мультимедиялық арна. 
Осы арналар мен оларға тән таңбалар және рәміздерді зерттейтін 
арнаулы семиотикалық пәндер бар. Олардың кейбірін аталып өтелік. 
Таңбалар мен рәміздер адамның күнделікті тұрмыстық қарам-
қатынастарында жиі кездеседі.
Вербальды емес арна келесі паралингвистикалық құралдарға ие: 
-просодия-тілді вокальдандыру жүйесі – тон, интонация, тембр, 
дауыстау 
-экстралингвистика-дауыстауды 
эмоциональды 
жүргізу-күлкі, 
жылау, паузалар, жөтелу, еліктеу, ымдау, ишара
-кинесика-бет әлпеттегі қозғалыстар, жүріс-тұрыс, пантомимика, 
визуальды контакт; 
-сәлемдесу рәсімдері (такесика;) 
-проксемика-әріптестер 
мен 
қатысушылардың 
арасындағы 
дистанция
Мәдениет белгілер мен мағыналардың әлемі болып табылады. Бұл 
нұсқа бойынша, адам баласы мән-мағыналар жүйесінде өмір сүреді, ал 
бұл мән-мағыналар жүйесі адам баласын басқа адамдарға және жалпы 
қоршаған әлемге қатысты бағыт-бағдар беріп отырады. Сондықтан да, 
мәдениетті өзіндік ерекшелігі бар мән-мағыналар жүйесі ретінде түсініп-


46 
білу үшін адамдардың іс-әрекеттерінің және өзара әрекеттерінің мән-
мағыналарының түпкі сырын ашып алу қажет. Бұл көзқарас тұрғысынан 
қарағанда мәдениет адамдардың мінез әрекеттерінің себебі болып 
табылатын сыртқы күш емес, осы мінез әрекеттің контексті болып 
табылады және осы контекстте ғана іс-әрекеттің мән-мағынасын түсінуге 
болады. 
Сонымен, 
мәдениет 
шынайы 
мағыналық 
кеңістіктің 
феноменологиялық (заттандырылған) саласы болып табылады, ал бұл 
сала болса қарама-қайшылықтардың: «имманентті-трансцендентті», 
«сакральды-профанды» және т.с.с. ендірілуі және түсіндірілуі арқылы 
анықталынады.
Мәдениет - бұл белгілер жүйесі (мәдениеттің семиотикалық 
қызметі). Бұл түсіндірме алдыңғы анықтамаға мазмұны жағынан жақын, 
бірақ кейбір ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Белгілер мен мәндер 
мағынаға қарағанда оның рәміздік дәнекерлері болып табылады. Белгі 
деп басқа заттар туралы мәліметтерді сақтауға, қайта өндіруге және 
тасымалдауға арналған затты-дүниені айтуға болады. Белгілер жүйесі 
белгілі бір мәдениет қалыптарының материалды тасымалдаушы ретіндегі 
артефакттер мен шынайлықты ой жүйесі арқылы қайта өндіретін және 
құрайтын сана жүйесі (ментал) ортасында орналасады. Лесли Уайт адам 
баласының рәмізденуге деген қабілетіне тәуелді заттар мен 
құбылыстарды «символаттар» деп атайды.
Сонымен, белгілер адам баласының мағыналық іс-әрекетінің 
элементтері ретінде адамдардың рәміздеу (символдау) қабілеті көмегімен 
мәдениеттің құрылымдық мазмұнына кіреді. Олардың материалды 
дәнекер болып табылатын артефактерден еркшелігі іс-әрекеттің рәміздік 
дәнекер болуында. 
Сонымен, бүгін біз мәдениет-ақпараттық үдеріске қосылған өзіндік 
ерекшелігі бар механизм, ол, сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар 
ақпараттарды қалыптастыратын және тасымалдайтын механизм болып 
табылады. Басқа сөзбен айтқанда, мәдениеттің өнімі – бұл белгілік 
құралдар арқасында қоғамда жасалынатын және сақталынатын әлеуметтік 
ақпарат екенін білдік. 
Мағына 
мен 
таңбаның 
арақатынасы 
коммуникативтік 
семиотиканың басты мәселесіне жатады. Күнделікті санада екі бастама 
жиі шатастырылып алынады. Сөз бен сөз бейнелейтін зат пен әрекет 
бірдей қарастырылады. Дуалау мен сиқырлаудың мысалдары әлі күнге 
дейін кең таралған. Қара мысықтың жолды кесіп етуін кейбір адамдар 
жамандықтың нышаны деп жориды. Ассоциациялық байланыстар себеп-
салдарлық байланыстарды алмастырып жібереді. Ассоциациялық 
байланыстармен қатар себеп-салдарлық байланыстардың орнын жиі ретте 
мифтік коммуникативтік семиотика алады. Себептерді түсіндірмей-ақ 
бірден қорытындылар шығаратын мифологема тым үнемді болып келеді. 
Вербальды тілмен қатар коммуникацияның вербальды емес түрлері 
де жеткілікті. Бірінші кезекте күнделікті қарам-қатынастардың вербальды 


47 
емес семиотикасына ишарат рәміздері, ымдау және окулесика (көз салу) 
семантикасы жатады. Бір мәдениет пен бір тілдің деңгейінде ишара мен 
көзбен ымдаудың рөлі ерекше болып келеді. Еуропалық мәдениетте 
сұхбаттасушылар бір-біріне тікелей қарап отыру керек. Егер айтылған 
түсінікті болса, басын изеп қояды. Әйелдер ерлерге көбірек қарап 
отырады, өйткені олар эмоционалды болып келеді және өзін құптау 
отыруды қалайды. Латын Америкасында баларды үлкендермен 
сөйлескенде төмен қарап отыруға тәрбиелейді. Азиаттар үшін бадырайып 
тұрып қарау әдепсіздіктің белгісі ретінде бағаланады, қыздардың ер 
адамға көз салуы – аморальдылық («күйеуінің көзіне шөп салып жүр»). 
Қытайлар адам жанарының жайына қарап саналуан қорытындылар 
шығарған. 
Қазақ мәдениетінде де көз салу аса маңызды болып келеді. Өмiрге 
деген сүйiспеншiлiк махаббат нұрына толы, сондықтан да Мағжан 
Жұмабаев: «Келшi көзiм, күн бетiңдi көрейiн», – деп сыр ақтарады. Қазақ 
Жарық дүниеге құштарлық арқылы, оның бер жағы мен ар жағын 
ажыратпай сезiне-түсiне бiлу арқылы ерекше эстетикалық жетiстiктерге 
қол жеткiзе бiлген. Өмiрдiң қоңыр салқын сырына қанық болу арқасында 
күйбең өмiрдiң сырына мәлiм болған. Осы рухани жетiстiктi ары қарай 
ғасырдан ғасырға сабақтастырған. 
Ольфакция (иіс сезіну) семантикасы да күнделікті коммуникацияда 
маңызды рөл атқарады. «Парфюмер» деген романында Зюскинд «кім 
иісті білсе, сол адамдар жүрегін билейді» дейді. Афродита аңқыған хош 
иістермен адамдарды бір-біріне ғашық еткізген. Батыста тіпті «махаббат 
формуласын» феромондармен манипуляция жасау арқылы анықтауға 
болады дейді.
Шығыс елдерiнде иiс мәдениетiне байланысты бағыт кең дамыған, 
бұл мәдениетте иiстiң адамға ететiн әсерiне көп мән берiлген. Бұл 
мәдениет түрi қазақта да кең дамыған. Қазақ иiстiң адамға етер әсерiн 
бiлгендiгi соншалық, сол арқылы адамға рухани күш-қуат дарыта бiлген. 
Ананың құрсағындағы нәрестеге мынадай салт-салтанат (салтанат – бұл 
жерде ерекше қарым-қатынас құру мәнiнде қолданылады) рәсiмi 
жасалады. Жусан тұнбасы құйылған сумен ананың аузын шайғызады. 
Анасы арқылы, жусанды ауа арқылы, су арқылы нәрестеге «информация» 
«жеткiзiп», туған жермен, оның аңқыған иiсiмен осылайша тағы 
«таныстырып», «кездестiредi» екен. Әрине, «таныстыру» иiс арқылы 
болғандықтан, бұл қалыптастырып отырған қарым-қатынас сезiм арқылы 
дамиды, қан арқылы дариды. Иiске, әсiресе жусан иiсiне байланысты 
аңыз көп. Соның бiрi Артық хан есiмiмен, Артық ханның елге оралуымен 
байланысты. Артық хан Кавказ жерлерiнде жылдар бойы тұрғындап 
жүрiп қалады. Сан рет соңынан iздеп барғандардың елге қайт деген сөзiн 
құлағына iлмейдi. Соңынан тағы бiрде iздеп барған туысқаны қойнынан 
кепкен бiр уыс жусанды суырып алады. Сол-ақ екен, жусанның аңқыған 


48 
иiсi Артық ханды орнынан атып тұрғызып, арғымағына бiр-ақ 
қондырады. 
Күнделікті коммуникацияда бояу түсі өзінің тұрақты мағынасымен 
қуатты күшке ие, ол семиотикалық дүниетанымдық көзқараспен 
байланысты сипатталады. Ол эмоционалды екпінділікті күшейтуге 
жағдай жасайтын живопистік реңдер өнертану теориясы тұрғысынан 
тереңірек ашылса, ал қазіргі уақытта қарастырылатын бояу түсінің 
тұрақты нақыштарының философиялық мәнін өнертанушылық тұрғыдан 
талдау маңызды. 
Дегенмен дәстүрлі бояу түсінің объективті және субъективті 
бастаулары 
қазіргі 
суретшілердің 
айқындаушы 
құрал-тәсілдерін 
күшейткен болар еді. Бояу түсінің эмоционалды мазмұнды мәні пішіннің 
(бұл жерде жеке деталь, элемент, нәрсе, тұлға болуы мүмкін) терең 
астарлы мағынасын терең ашуға мүмкіндік береді. В. Кандинский 
айтқандай, бояу түсі пішінге бағынады. Пішін мен бояу түсі сырттан 
қарауға емес, картинаға енуге, соның ішінде өмір кешуге шақырады. 
Күнделікті коммуникациядағы бояу түсінің рәмізді белгілері күнделікті 
тұрмыстағы алты түсті бояумен шектелді деуге болмайды. Реалистік емес 
шығарманың өзінде бояу түсі пішінге бағынады. Бояу түстерінің реңі 
адамның ішкі көңіл-күй, мінездік сипатымен және жас ерекшелігінің 
өтпелі кезеңімен де ұштасады. 
Күнделікті қарым-қатынас семиотикасында тамақтану мен сусын 
ішу рәсімдері маңызды орын алады, Оның мысалдарына Шығыс 
елдеріндегі шәй ішу рәсімдерін келтіруге болады, шарап ішудің де толып 
жатқан ерекшеліктері түрлі мәдени коммуниацияда түрлі мағынаға ие 
болады. Болгар зерттеушісі Г.Д. Гачев жазуынша, Францияда шарапты 
әлемде ең көп ішеді, бірақ онда мас адамды кездестіру қиын, керісінше 
Ресейде маскүнемдік үлкен мәселеге айналған 
Орыс философы В. Розанов әйелді, оның ойлау, сезу, дүниені 
қабылдау қабілетін, кейде физиологиялық ерекшеліктерін адам 
болмысының құндылықтар жүйесіндегі жоғары орынға қойып, ерекше 
бағалаған. Ол әйел мәселесін оның мәдени мәртебесі деңгейінде 
қарастыруға ұмтылған. «Әйелдік нәзіктік» – ғарыштық және тарихи 
үдерістің мақсаты, ол «Ғаламның» өзі, сол себепті мәңгілік «әйелдік 
нәзіктік» ғарыштың ғұмырлық іргелі негіздерінің бірін құрайды. 
«Әйелдік нәзіктік» ұстанымының мәдениеттегі көрінісі әйелдің ерлердің 
шығармашылығын «шабыттандырушы» күшке айналу керектігінен 
көрінеді. Идеалды «маскулиндік» бүлікшіл батырлыққа дейінгі белсенді 
әрекетті, ал нағыз «әйелдік» нәзіктік, жуастық, үнсіздік, төзімділік, 
тыныш отбасылық өмірге ұмтылушылық сияқты қасиеттерді қамтиды,» – 
дейді орыс ойшылы. 
Жыныстық мәдени коммуникациялар семиотикасын көбірек 
қарастырған-Симона де Бовуар. 1949 ж. оның «Екінші жыныс» деген 
зерттеуі шығады. Бұл жерде ең бірінші рет әйелдің ерекшелігі теориялық 


49 
философия тұрғысында қарастырылады. Де Бовуар бойынша әр индивид 
өзінің тіршілігінде өмір сүруін ақтау үшін трансценденция қажеттігін 
сезінеді. Міне осыдан әйел мәселесі туындайды, өйткені онда барлық 
дербес адамдағыдай еркіндік бар, алайда осыған дейін оны объект тәрізді 
анықтап келді. 
Ж.П. Сартрдың экзистенциалды диалектикасын қолдана отырып, де 
Бовуар «мен», «басқа» ұғымдары арқылы жыныстық коммуникацияға 
философиялық түсінік береді. Еңбекте ер адам позитивті мәдениет 
формасы ретінде белгіленген, ал әйел немесе феминдік негативті 
формадан ауытқыған (басқа нәрсе) деп белгіленген. Сонымен қатар 
әйелдің беделі барлық мәдениетте екі жақтылықпен бағаланады: әйелдің 
толымсыздық анықтамасы арқылы немесе жоғарландыру арқылы. Бұл 
кезде әйелді қол жетпейтін шынға шығарады. Мысалы: құдайлық бір 
бейне ретінде. Бірінші және екінші жағдайда әйел басқа бір нәрсе сияқты 
анықталады. Ал Бовуар бойынша басқа «Мен-ге» әсер етуші болып 
табылады. Демек, «Мен» басқаны, яғни әйелді мойындауы тиіс. Ж. 
Деррида бойынша, бұндай оппозицияда бір жақ екіншіге бағынып 
отырады. Сол үшін бағынбаусыз ешқандай оппозиция өмір сүрмейді. 
Алайда биологиялық және әлеуметтік зерттеулерден басқа мәдени- 
символикалық зерттеулер де жыныстық коммуникация мәселесінде аса 
өзекті. В. Тернер өзінің «Символ және ритуал» деген еңбегінде 
архаикалық бинарлы оппозициялар символикалық құрал қызметін 
атқарады дейді. Осындай антиномиялық қатарға жататындар: жер/аспан, 
аспандық/жерлік, жан/тән, құдайлық/күнәһарлық, мәдениет/табиғат, 
әйел/еркек, ақ/қара және т.т. Демек, бинарлық оппозиция принципі о 
бастан философиялық рефлексияны қамтиды. Ал әйел/ еркек 
дихотомиясы өз негізінде табиғилықты иемденіп, өте әмбебап критерий 
болып табылады. Егер де «ер адам» – рационалды, рухани, құдайлық, 
жарық, мәдени рәміздері болса, онда «әйел» – әрине сезімтал, нәзік, 
күнәлі, қараңғы, табиғи болады. Бұл символикалық жұптардың ішіндегі 
түсініктер өзіндік иерархия бойынша құрылған. «Ер», «еркек» деген 
түсінікпен көрінетін ұғымдардың бәрі жағымды мағына береді, ал 
«әйелге» байланысты бәрі екінші жақта, олар аса маңызды емес. Сонымен 
гендер тағы да мәдени метафора болып табылады.
Сонымен бірге күнделікті өмірмен қатар көркем шығармаларда 
кездесетін этномәдени элементтер коммуниканттардың әлеуметтік және 
биологиялық белгілеріне байланысты кинетикалық жүріс-тұрысы мен 
мінез-құлқының ұлттық ерекшелігін зерттеп-білуге мүмкіндік береді. 
Шынында да, әйелдің мінез-құлқы табиғи, ол ешқандай боямасыз, 
тұрпайылық көрсетпей-ақ бақытты, шынайы және қарапайым, тіл 
табысқыш, ешбір дөрекіліксіз-ақ кез келген адамның тілін таба біледі.
Жоғарыдағы жайттарды қазіргі ғылыми зерттеулер нәтижесі де 
дәйектей түседі. Заманауи генетика ғылымы ақыл-парасаттың ана бағыты 
арқылы берілетінін дәлелдейді. Ойлау қабілетіне жауап беретін Х-


50 
хромосомасы ұзындық бойына орналасқан. Әйелдерде ол екеу (ХХ), 
еркектерде біреу (XҮ). Дүниеге келген ұл бала ақыл қабілетін өзінің 
анасының генінен алады, ал қыз бала бір Х хромосомасын шешесінен, 
біреуін әке жағынан әжесінен алады, себебі әкенің Ү хромосомасында 
аталған қабілет жоқ. Ақыл-парасаттың ұрпақтан ұрпаққа берілуі 
осылайша жүзеге асады. 
Әйелдер өздеріне сенімсіз жағдайда, көңіл күйінде бір қобалжу 
енгенде, бүркемеленген кедергілердің көзге ұрынбайтын түрлері гүл 
шоғын, қол сөмкесін, орамал, шарф, желпуіштерін қолданады, ал ерлер 
ондай жағдайда галстук, көйлек түймесі, қол сағатын, темекі 
тұтатқыштарын әрлі-берлі қозғап, бұрап, пиджактерінің түймелерін бір 
ағытып, бір түймелеп, темекілерін мыжып, үстелдің үстін саусақтарымен 
барабанша ұрғылап кетеді. 
Әйелдердің мимикасы ерлердікіне қарағанда айқынырақ білінеді. 
Өздерінің табиғи интуициясына сай, балалар тәрбиелеудегі айрықша 
рөліне сәйкес әйелдерде майда-шүйде детальдардың бәрін бірден байқау 
бейімділігі басым, сол себепті де оларда бейвербалды амалдарды жақсы 
түсіну қабілеті ерлерге қарағанда жоғары. Физиологтардың пікірінше, 
әйелдерде эмоцияға жауап беретін ми бөлігі ерлерге қарағанда сегіз есе 
артық дамыған. Әйелдерге тән жоғары сезімталдықты осымен түсіндіруге 
болаты секілді. Әйелдерде «қасын керу», ал ерлерде «қабағын түю, 
қабағын түкситу» сияқты ишарат түрі жиі кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет