Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»



Pdf көрінісі
бет65/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

Пысықтау сұрақтары: 
1. Мәдени саясат ұғымын қалай түсінесіз? 
2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұлттық санаға әсерін қалай 
бағалайсыз ?


292 
3. Қазақстандағы Еріктілер қозғалысының ерекшелігін көрсетіңіз? 
4. Қазақстанда 
демократиялық саяси үлгінінің қандай мәдени-өркениеттік 
негіздерін атап өтуге болады? 
5. Қазақстанда нарықтық қатынастар 
қандай мәдени-өркениеттік 
негіздерде өрістеді?
6. Адамдық ынтымақтастық пен өзара көмектің қазақ мәдениетінде 
қандай үлгілері орын алды? 
7. Қазақстан мәдениетінде толеранттылық қағидаты қандай рөл 
атқарады? 
8. Қазақстан мәдениетінде қандай инновациялық бастамаларды атап өтуге 
болады? 
 
15. «МӘДЕНИ МҰРА» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 
Мақсат: 
Қазақстандағы «Мәдени мұра» мемлекеттік 
бағдарламасының құндылықтарын талдау. 
15.1. Қазақстандағы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының 
маңыздылығы 
Отыз жылдығы жақындаған тәуелсіз Қазақстанның үлкен жетістігі-
«Мәдени мұра» мемдекеттік бағдарламасы. Жаһандану жағдайында 
алдымызда тұрған міндеттердің бірі-халқымыздың ежелгі тарихи, мәдени 
және рухани әлемінің терең тамырларын анықтап, оларды қопара зерттеп, 
философиялық тұрғыдан біртұтас жүйеленген ұлттық мұрамызды 
жаңғыртып жасап шығару. Қазақ халқының әлемдік өркениетке мен 
дегізерлік өзіндік болмысымен енуіне мүмкіндік беретін, ілгері 
дамуымызға 
тұғыр 
болатын 
ұлттық 
санамыздың 
ұстанымды 
ерекшеліктерін саралау өте маңызды және бұл ғасырлар тұңғиығымен 
тамырласып жатқан ұстын-құндылықтар, яғни біздің ұлттық 
тұтастануымыз 
үшін 
табан 
тірейтін 
тұғырларымыз 
ұлттық 
руханиятымызды жаңа өркениеттік көзқараспен, терең біліктілікпен жан-
жақты талдау.
Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті нұсқауымен жасалып 
отырған аталмыш «Мәдени мұра» рухани жаңаруымызға байланысты 
көптеген көкейтесті мәселелерді толық қамтып отыр десек қателеспеген 
болар едік. Бұндай ерекше бағдарламалардың дәл осы тұста, яғни 
дербестігімізге жиырма үш жыл толған соң да өз актуалдығын 
жоғалтпайды. Бұл тағы да Қазақстан Республикасын құрушы қазақ 
халының өміршеңдігінің, арман-тілегінің орындалғанының айғағы емес 
пе? Олай болса, соқпағы көп тар жолда көршілес елдермен терезесі тең 
болу үшін дұрыс бағдар ұстап, әлемдік өркениетке ұмтылу, өз халқыңның 
жетістігін әлемге паш ету әрбір Қазақстан азаматының парызы. Осыған 
орай, атқарылған іс, жоспарланған жұмыстың барлығы өркениет 
өлшемдеріне сәйкес, жемісті де нәтижелі болуы қажет.


293 
«Мәдени мұра» бағдарламасының бір бағытынан мысал келтірейік. 
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы кезеңінде (2004-
2008 жж.) «Әлемдік философиялық мұра» сериясының редакциялық 
алқасы (Төрағасы-Нысанбаев Ә.Н., Философия және саясаттану 
институтынан Қ. Әлжан, С. Нұрмұратов, А. Сағиқызы, Ғ. Құрманғалиева, 
Н. Сейдахметова, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нен Ғабитов Т.Х., Молдабеков 
Ж.Ж.) үш бағытта жұмыс істеді. «Әлемдік философиялық мұраның» 20 
томдығының, «Қазақ халқы философиялық мұрасының»-20 томдығының, 
әл-Фараби шығармашылығы 10 томдығының құрылымы, әр томның 
тарихи-философиялық кезеңдері мен оған енетін ойшылдардың 
шығармалары талқыланып, іріктеліп алынды. 
«Әлемдік философиялық мұра» тұңғыш рет қазақшаға аударылды. 
Осы серия бойынша ежелгі дүниедегі шығыс және антикалық 
философиядан бастап, ХХ ғасырдағы батыс философиясының басты 
ағымдары және олардың әйгілі өкілдерінің негізгі еңбектерінен үзінділер 
берілді. Еңбектер түгелімен орыс тілінде шыққан шығармалардан 
аударылды. Әр томның құрастырушысы үзінділердің мазмұны мен 
сабақтастығына жауап берді. Жұмыстың келесі түрі – сол іріктелген 
еңбектердің топтамаларын қазақшаға аудару.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көріп 
жатқан тамаша туындыларды оқитын оқырман қауымды қалыптастырған 
жөн. Сонда ғана ұлттық идея мен отаншылдық сезім, ұлттық рух пен 
ұлттық намыс оянады.Ұлттық және әлемдік философиялық мұраны игеру 
жастарды тәуелсіз және еркін ойлауға үйретеді. Ой еркіндігі, пікір 
дербестігі қазақ халқының қанына туа біткен қасиет. Оған ақын-
жыраулар дүниетанымы, би-шешендер және ағартушылар философиясы 
кепіл. Қалыптасқан пікірлер мен қағидаларға күмәнмен қарау-қазақ 
ойшылдарының негізгі ұстыны. Еркін ойлау адамзаттың танымын 
кеңейткен талай-талай ғылыми және техникалық жаңалықтардың ашы-
луына, өнер мен шығармашылық туындыларының пайда болуына, 
күрделі саяси-экономикалық мәселелердің шешілуіне себеп болды. 
Аудармашының ыждағатты еңбегін талап ететін қызметін-басқа 
ешкім емес, негізінен, кәсіби философтар атқаруы тиіс, өйткені 
философияның категориялық (ұғымдық) аппаратының мәні мен 
мазмұнын бұрмалауға жол беруге болмайды. Әдеби мәтіндердің тамаша 
тәржімалаушылары немесе журналист-аудармашылар философиялық мән 
мен мазмұнның жіктелуі маңызды болып табылатын мәтінмен жұмыс 
істей отырып, еріксіз түрде шынайы басқа акценттер жасау арқылы 
мәтіннің мазмұнын өзгертуі немесе оның мәнін оқырманға дейін толық 
жеткізе ал-мауы мүмкін. Сондықтан тұтастай жұмыстың сапасын 
қамтамасыз ету үшін қазақ мәдениетіне қатысы бар, әсіресе, ежелгі, 
маңызды мәтіндерді іріктеуді, мәтіндердің аударылуы мен түпнұсқамен 
бірегейлігін тексеруді, біртұтас категориялық аппарат пен бірыңғай 
терминологияны жасақтау және философиялық редакциялауды, негізгі 


294 
идеялар мен қағидалардың түсініктемелерін дайындауды және т.б. 
міндетіне алатын дайындық кезеңіне интеллектуалдық тұрғыдан да, 
қаржылық тұрғыдан да ерекше көңіл аударылу қажет. 
Қазақ тіліндегі 20 томдық «Әлемдік философиялық мұраға» 
қатысты бұл жауапкершілікті кәсіби философ-аудармашылармен кадрлық 
қамтамасыз етілуін талап етіп қана қоймай, ең алдымен, әлемдік 
философиялық ойдың аса бай қазынасынан анағұрлым қөрнекті 
ойшылдарын іріктеп алуды керек етеді. Олардың шығармаларын таңдау 
біздің еліміздің мәдени және рухани дамуының қажеттіліктерінен 
туындауы тиіс. 
Қазақ тілі әлемдік ойшылдардың рухани байлығы осы тілде сөйлей 
бастағанында ғана, бұл тіл әрбір адамның қүнделікті өмірқамында қажет-
тілікке айналғанында ғана және оның сөздік қоры, коммуникативті және 
мәдени қызмет аясы байытылғанда ғана, жаңа терминдер мен ұғымдар 
пайда болғанда ғана толық қанды мемлекеттік тілге айналады. Ендеше, 
мемлекеттік тіл философия тіліне, ғылыми тіліне айналады. 
«Мәдени мұра»-сан ғасырлардың сүзгісінен өтіп, осы күнге жеткен 
ұлттық мәдениет руханиятын жаңғыртуға арналған бағдарлама. Ел 
экономикасы аяғынан тік тұрып, мемлекет байлығы еселенген тұста 
ұлттық мәдениеттің қордаланған проблемаларына мұндай биік дәрежеде 
мән берілуі ғылым, мәдениет пен әдебиет саласынада өз үлесін қосары 
сөзсіз.
Жалпы ел мен елдің, ұлт пен ұлыстың арасын идеология емес, 
мәдениет жалғастырады. Өркениеті қанат жайған елдерде экономикалық 
даму соңынан мәдени жаңғыру жүреді. Экономика-бұл саясаттың, 
мәдениеттің негізі, мемлекет, қоғам, әрбір нақты адам, оның отбасы 
өмірінің негізі. Олай болса, республикамыздың ғылым, білім, мәдениет 
пен әдебиет қайраткерлерінің кең көлемде қатысуымен жасалатын 
«Мәдени мұра» бағдарламасын ұлт мәдениетінің тәуелсіздік жағдайына 
рухани жаңғыруының басталуы деп қарастырған жөн.
Кез келген мәдениеттің, кез келген өркениет пен дүниетанымның 
өмір сүруге және өзіне қастерлі көзқарас болуына деген заңды құқығы 
бар. Бұл адамзат тарихының барысы айқындаған болмыс. Сонымен қатар, 
ХХІ ғасырдағы қауіпсіздік түрлі мәдениетер мен діндердің тең құқылы үн 
қатысуын дамытпайынша, қамтамасыз етіле алмайды. Сондықтан да 
бүгінде, мәдениеттер мен өркениеттердің сан алуандығын мойындаумен 
қатар, әлемнің жаңа сапалық жағдайға-шыдамдылық пен еркіндіктің, 
басқа пікірлер мен нанымдарға төзімділіктің жалпыға ортақ 
құндылықтарына негізделе алатын жаһандық өркениетке, планетадағы 
бар мәдениеттер мен діндердің сан алуандығын жоғары көтеретін 
өркениетке эволюциялану процесіне қолдау білдіру маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет