15.3. Қазақстандағы мәдени-инновациялық үдерістер және ұлттық
идея
Көптеген мәдениетті және ұлттарды сақтай отырып, адамзаттың
өркениет синтезінің жетістігіне ұмтылысын, жаһандануға сай позитивті
бағытынан түсіну, құндылықтың жүйелерің құнды етіп қайта құруынсыз
және
мәдениет
әдіскерлерінсіз,
адамзат
дамуының
жалпы
парадигмасының өзгеруінсіз іске асыру мүмкін емес.
Интеграциялық тенденция жағдайына сай, тұтастықтан көрі оны
құрушы бөлшектері жылдамырақ дамуын мойындауға негізделген.
Сондықтан жаһандану үрдісі мәдени алуандылықты жоюшы және
біріктіруші процес ретінде ғана қарастырылуы мүмкін емес. Сонымен
қатар даму барысында, бірге дамудың өзі тиімдірек екені айқын, себебі
материалдық және рухани шығындар үнемделе түседі. Құрылымның
303
үлгілік дұрыс бірігуіндегі әрбір жаңа амалдар сәтінде барлық келесі пайда
болған иерархиялық ұйымдар қабатын тұтас және құрушы бөлшектердің
даму ырғағын жылдамдата түседі. Дегенмен біріктіруші және дамытушы
құрлымдағы ең дұрыс құрылған ұйымдардың құрылысының өзі барынша
дамуға және қайшылықтандыру сәтінің жақындауына алып келуінің
нәтежесінде, жаһандану алып тұтастық қасиетіне ие бола алмайды:
заманауи әлемдегі болып жатқан нақтылы өркениеттік және әлеуметтік
мәдени үдерістер айтарлықтай күрделі және оның аумағына сыймайды.
Бұл жайында әлеуметтік мәдени мегажүйенің қайта құрылуына алып
келетін, әлеуметтік мәдени процестерінің дамуының айтарлықтай
тұрақсыздығы және жаһандану процестерін алып жүруші, қайшылықты
факторлар айқындай түседі.
Бір жағынан осы бағытқа сай қажеттіліктің теңестірілуі еңбектің
халықаралық бөлінісі және мамандандырудың үдерісі ретіндегі жағынан,
әлемдік нарық дами түседі; коммуникацияның жаңа формалары бектіліп,
ақпаратқа ауқымды жол ашылады; әлемнің көптеген аймақтарында
әлеуметтік көрсеткіш жақсара түседі (адамның өмір сүру ұзақтығы арта
түсіп, үйлесімдіктің деңгейі өседі); әртүрлі мәдениеттер арсындағы өзара
түсінік арта түседі; өмірлік бағытты таңдаудың көлемді мүмкіндіктері
ашылып, адамның нақтыланған ортадан еркіндігі өседі.
Егерде осыған басқа қырынан келетін болсақ, әлемдік экономика
тұрақсыз, өзара байланысты және әлсіз болып қалыптасады; Шығыс және
Батыс арасында экономикалық және әлеуметтік дамуындағы алшақтық
артады; орталықтан шеткі жақпен жаңа технология мен білім алмасу
қиындықтары туындап, миграциялық қозғалыстар артады.
Халықтың кедей топтары мен қуатты байлардың өмірінің
деңгейінің арасындағы ерекшелік көбейеді; ұлтаралық тасымалдаушы
коорпарация лар әртүрлі мемлекеттерге тек қана өзінің экономикалық
ықпалын күшейтіп қана қоймайды, сонымен бірге саяси да ықпалын
жасайды; азаматтық қоғам институтарының және мемлекеттердің өзара
әрекеттестігінің мәселері тереңдей түседі; әр алуандылыққа қатер
төндіретін көпшіл мәдениеттің ықпалы арта түседі. Бұлардың бәрі,
күннен-күнге асқындап жатқан экологиялық тоқыраулардың әсері сонда
байқалады. Олардың кейбіреулеріңе тоқталатын болсақ, барлығынан
бұрын атап өтетіні, әлеуметтік мәдени динамиканың басым жоғары
технологиялық ғылымдандырылған өндіріс бөлімі өрлейді немесе білім
мен ақпарат негізгі өңдірістік қорға айналады.
Болашақтағы
білім мен ақпаратты өндіру үшін адамның
шығармашылық табиғатын қалыптастырушы және күшті ішкі
мотивациясымен жаңа тұлғаның үлгісін қалыптастырушы ретінде
мәдениет пен білім берудің рөлі маңызды және жоғары деңгейде қызмет
атқарады. Құндылықтың жаңа өлшемі қалыптасып, экономикалық емес
мотивтердің мәні өседі. Жоғарыда көрсетілгендей, бір қырынан
технологиялық прогреске ұмтылыс анық, басқа жағынан алып
304
қарастырғанда-адамзат
қорының
маңыздылығын
арттыру
көпшіліксіздендіру мен материализацияландыру өндірісі процесінің
жылдамдауына бағдарланған.
Одан басқа жаһанданған әлемнің тұрақсыздығы жайында әлемнің
өркениеттік, әлеуметтік мәдени айрмашылықтарын сақтауы бойынша
ерекшеліктерінің күшейуін айғақтай түседі. Әлеуметтік мәдени
айырмашылықтары арқылы, екі шекті полюстың жағдайындағы даму
жолы, танып білуге болмайтын және ашылмайтын оқиғаларға алып келуі
мүмкін, кеңкөлемді интеграциялық үдерістің қайшылықтары анықталады.
Модернизация деп индустриялық және әлеуметтік өрістегі артта
қалуды жеңіп шығуға деген талпыныста көрініс табатын қоғамдағы
жаңғырту процесі түсініледі. Модернизацияға деген қажеттілікке тек
дамушы елдер ғана емес, сонымен бірге дамудың жетілген деңгейінен
шыға отырып, өзінің мақсатты мен міндеттеріне сай, батыс елдері де тап
болады. Модернизацияның классикалық үлгісі әлеуметтік батыстық
өркениеттің бейнесі және баламасы түрінде, бірбағытты даму ретінде
ұғынылып келді. Бүгін бұл түсінік өзгерді және модернизация тек дайын
үлгілерді қарапайым қабылдауға келіп тірелмейтін, ал дәстүр мен
қазіргінің элементтерін синтездеуді іздестіретін, күрделі және көпқырлы
процесс ретінде түсініледі. Халықтың дәстүрлері мен салттарын елемеу
мәдени-әлеуметтік дағдарысты туындатады.
Халықтың рухани дүниесі қаншама бай болғанымен, ол ұлттық
дүние болып қала береді, белгілі бір кеңістіктік-уақыттық шекараларда
өсіп жетеді, этностың, халықтың, ұлттың дүниетүйсінуі мен
дүниетүсінуінің ерекшелігін әйгілейді. Ол өзінің дүниені аңғаруының
қайталанбайтындығын бекіте отырып, дүниежүзілік мәдениет пен тарих
тәжірибесіне ашық, басқа мәдениеттерді түсінуге қабілетті, бұл
мәдениеттермен өзара әрекет етуге дайын, тек сондай мәдениет үшін ғана
болашақ ашық болады. Бүгінгі ұлттық рухани мәдениет ашық, өзін өзі
ұйымдастырушы динамикалық жүйе ретінде дамуға міндетті. Бұл үшін
жағдайды жасау-өзіне өркениеттік шұғыл өзгерістердегі қазақстандық
қоғамды модернизациялаудың қиын міндетін алған, жаңа ақпараттық
қоғамның жаһандану кезеңіндегі құндылықтар әлеміне еніп бара жатқан,
мемлекеттің ісі.
Жаңа
демократиялық
Қазақстан
шетелдермен
мәдени
байланыстарды дамытуға белсенді түрде ат салысып келеді. Мемлекеттің
мүмкіндігі шектелген, ал демеушілік көмек әлсіз және тұрақты емес.
Қазіргі жағдайларда әлемдік қауымдастық бәрі-бір қазақстандық
мұражайлардың, музыка мен театрдың қазыналарымен танысып келеді.
Таңдаулы ұжымдар мен орындаушылар гастрольдерге барып жүр,
халықаралық көрмелер мен вернисаждар өткізілуде. Гастрольдік
қойылымдар мен көрмелер шетелдерде тұрақты орасан зор қызығушылық
танытып келеді.
305
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануы және ол
қамтамасыз ете алатын үлес туралы айта келе, оның гуманитарлық
барлық салаларда дүниежүзілік ынтымақтастыққа ашық екендігін атап
өткіміз келеді. Демократиялық даму, адамгершілік шыңдалу әйтсе де
жинақталған мәдени мұраны сақтаусыз және арттырусыз мүмкін емес.
Барлық экономикалық және әлеуметтік соңғы жылдарды қиындықтарға
қарамай, көпұлтты қазақстандық мәдениет өзінің өміршеңдігін көрсетті.
Қазақстан отандық ғылымның, білімнің, денсаулықты сақтау ісінің,
ұлттық мәдениеттің тәжірибесі және жетістіктерімен бөлісуге дайын.
Қазақстан Ата заңы халықтарға ұлттық дәстүрлерді сақтау және
дамыту құқына, ал әрбір азаматқа-шығармашылық еркіндікке, мәдени
өмірге қатысуға кепілдеме берді. Бұл конституциялық қағидалар
парламент қабылданған «Мәдениет туралы Заңда», «Авторлық құқық
туралы», «Мұрағаттық қорлар және мұрағаттар туралы», «Мәдени
құндылықтарды алып шығару және әкелу туралы», «Кітапханалық жұмыс
туралы», «Мұражайлық жұмыс туралы» заңдарда ары қарай дамытылды.
Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтар, өкінішке орай,
мәдениеттің бұқаралық ұжырымдары торабының қысқаруына әкелді. Бұл
жағдайда саясаттың басты бағыттарына Қазақстанның бай мәдени және
тарихи мұрасын, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін сақтау, қалпына
келтіру және пайдалану, мәдени инновацияларды дамыту, мәдени
құндылықтарды қорғау жүйесін орнықтыру, қазіргі өнер мен дарынды
жастар өкілдерін қолдау, барлық азаматтарға мәдениет және оның
ұйымдарының нәтижелерін пайдалануға мүмкіндік туғызу жатады.
Жуық арада негізгі инвестициялық құюларды мәдени мұраның
ерекше құнды объектілерінің материалды-техникалық негіздерін
нығайтуға, оларды қалпына келтіру мен қайта құруға бағыттау
жоспарланып отыр. Қазақстанда шетелдердің мәдениеті мен оларды
бағалаудың критерийлерін қалыптастыру қажеттілігі пісіп жетілді.
Халықаралық келісімдер нәтижесінде біздің елдің қабылдаған, мәдени
ынтымақтастық пен айырбас саласындағы барлық міндеттіліктерді
бұлжытпай орындау керек. Олардың әрекеті мәдениетпен байланысты,
үкіметтік емес барлық халықаралық ұжымдардағы Қазақстанның рөлін
белсенді ету барған сайын маңызды болып келеді.
Қазақстан
мәдениетінің
әлемдік
қауымдастыққа
интеграциялануында, оған Қазақстан 1992 жылы кірген, ЮНЕСКО
халықаралық ұйымының рөлі маңызды. ЮНЕСКО қолдауымен өткізілген
ауқымды шаралардың арасында Абайдың 1995 жылғы 150 жылдық
мерейтойын және 1997 жылғы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығын
халықаралық аталып өткенін ескерген жөн. Париждегі коллоквиумға
және Алматыдағы конференцияға қатысқан, француз философтары
Ж.Перар мен М.Перро Абай шығармашылығын зерттеу мен талдауға
ерекше үлес қосты және оған жаңа тұрғыдан келіп, Абай мен Серен
Кыркегордың көзқарастарына салыстырмалы талдау берді.
306
Мәдениеттің қалыпты дамуы шығармашыл кадрларды тұрақты
түрде жасап шығару жағдайларында ғана мүмкін. Бұл мақсатта мәдениет
пен өнер саласында көпдеңгейлі кәсіби білім беруді дамыту
ойластырылған және мәдениет қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау
және кадрларды ротациялауда тұтас жүйені құру, менеджерлер мен
әлеуметтік қызметкерлер сияқты, жаңа мамандықтар бойынша мамандар
дайындау ісіне басымдылық ұйғарылған.
Кәсіби өнерді қолдаумен қатар, олар бүгін жан-жақты өрістеген
және біздің Отанымыздан тыс елдерде де үлкен табыстарға жеткен,
халықтық, фольклорлық туындылар зор маңыздылыққа ие. Қазақ халқы
рухани мәдениетінің даму динамикасы, қалыптасқан әлеуметтік-мәдени
жағдайларға байланысты, қайшылықты және күрделі процесс болып
көрініс табады. Қазақстан тұрғындарының көпэтникалық табиғаты, оның
дамуының анық суреттемесін айқындауға мүмкіндік беретін, шектер мен
өлшемдерді белгілеуде жүзеге асады. Қазақтардың рухани өмірі, қаншама
ұлттық құндылықтар бүкіләлемдік, жалпы өркениеттік дерек, құбылыс
маңыздылығына ие болғанда немесе бола алатындығында, соншама
оқиғалығында және қоғамдық көркейтілуінде өзін көрсетеді. Оларды
қайтадан жаңғырту тек қазақтар үшін ғана өзіндік құндылық емес, ол
Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлттар мен этникалық топтардың
рухани өзін білдіруінің алғышарты мен жағдайы, қазақстандық ұлт
институционализациясының жүйе құрастырушы факторы болып
табылады.
Халықтың әлеуметтік өмірі, ұлттық сананың әрекет етуі, ұлттық
мәдениеттің болмысы тек күнделікті тіршілікпен шектелмейді. Қазіргі
ұлттық мемлекеттің модернизациялық және өркениеттік тәжірибесінде
ұлттық сана мәдениет универсалийлеріне қатысты ерекше бір сарапшы
рөлін атқарады: мәселе жалпы адамдық құндылықтардың этностың дүние
түйсінуіндегі жаңғырығы туралы болып отыр. Бұл әмбебаптарды
сынақтан өткізу де ұжымдық сипатқа ие. Модернизациялық процестер
барған сайын ашық, өзіндік дамушы жүйеге айналады, мәдени ұйымдасу
мен халық типтері мен ұстындары пайда болады. Егер сөз өркениеттік
даму кеңмәтініндегі мәдениет туралы болып отырса, онда мәдениеттің
адамдарды тек қана біріктірмей, оларды ажырататынын да ескеру керек.
Экономиканың ашықтығына ұқсас, көптүрлі мәдени формаларды
ассмиляциялауға қабілетті, «қуатты» ұлттық мәдениеттердің ашықтығы
жөнінде де айтуға болады. Полиэтникалық мемлекет сияқты, әлемдік
қауымдастық адамзаттың бірегей мұрасы ретінде ұлттық мәдениеттердің
бүкіл көптүстілігін сақтауға мүдделі.
XX ғасырдың соңы-бұл көркемдік әмбебаптылық дәуірі. Дегенмен,
әмбебаптылық дегеніміз-бір түрлілік емес. Қазіргі заман мәдениеті-
бірлікте, біртекті, сұхбатқа дайын, сонымен қатар әр түрлі, немесе
мәдениеттердің біріге іс-әрекет етуіне, осы саладағы барлық жетістіктерді
өз бойына сіңіру қабілетіне негізделеді. Мұнда міндетті түрдегі
307
сипатталуға ие емес дәстүрге сүйену жаңа қағидаттарды өңдеудің негізі
болып табылады.
Стратегиялық міндет: тіл, дін, діл тұтастығы. Осы үш ерекшелікті
басқа
ұлт
өкілдерінің
ұйытқысы
ретінде
қолдану
арқылы
ынтымақтастықты дамыта отырып, жалпы мемлекеттік сүйіспеншілікке
жетелеу.
Жуық арада ескеретін, ағымдық міндеттер: қоғамның тыныс
тіршілігінде болып жатқан құбылыстарды стратегиялық міндеттер
негізінде реттеп, бақылап отыру.
Қазақстан Республикасының мәдени даму тұжырымдамасы тәуелсіз
Қазақстанның мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық
мәдени дамуының дербестігін қамтамасыз ету, ұлттық мәдени
сұраныстары мен талаптарын қанағаттандыру және отарсыздандыру
саясатын жүргізу маңызды болып табылады.
Қазіргі уақытта әр ұлт өз бірегейлігін жоғалтқысы келмейді. Бұл-әр
ұлттың жан қалауы және табиғи құқығы. Бұндай жан қалауының себебі-
қазіргі кезде алдыңғы қатарлы әлем империяларының (мемлекеттердің)
индустриалды
өндіріс
салаларының
қарқындылығы
әлеуметтік,
технологиялық, инновациялық бөлініске ұшырауына, ұнамдылық-
моралдық құндылықтардың дағдарысқа түсуіне, өркениеттік өмірдің
күйзеліс күйінің қалыптасуына, идеологиялық, әскери, экологиялық
«катаклизмдердің» болуына ықпал етіп отыр. Осы факторлардың
барлығы берік болып табылатын адамзаттың дәстүрлі сенімдерін, адами
құндылықтарын және ұнамдылық нормаларын іштей күйзеліске, барша
адамзатты дағдарысқа ұшыратып отыр. Ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі
екі негізгі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
- Ұлттық мәдениет өзіндік даму амалымен өзіндік даму қабілетін
анықтауы тиіс.
- Ол қазіргі кезде қоғамда болып жатқан радикалдық және инновациялық
өзгерістерге кедергі жасалмай, керісінше, оған демеу беріп, сыбайласып,
онымен іштесіп модернизациялануға ұмтылуы тиіс.
Көптеген батыс ойшылдары әлемнің тұтастануын Батыс қоғамының
жеңісі ретінде қабылдайды. Мысалы, заманымыздың белгілі ойшылы К.
Поппер еркін демократияның елдері, Батыстың ашық қоғамы жеңді
дейді. Тоталитарлық қоғамдар бар болғанын ешқашан, ешкімнен
жасырмаған, орасан зор ішкі күштердің әсерінен құлады. Алдымен өзінің
қалдықтарының астына біріңғай Кеңес империясының темір жұдырыған
көміп, өте топтасқан және мызғымастай болған шығыс еуропалық
диктатура жойылды.
ХХ ғасырдың ішінде Батыс-Шығыс қарым-қатынасында үлкен
өзгерістер болды, Батыстың өзі күрделі эволюция үстінде еді. Батыс
Шығыс руханиятының даналығын тани бастады, ғалымдары буддизм,
үнді философиясын зерттеп, Батыс суфизмді өзіне «ашты». Өз
философиясын байытты. Жоғарыда айтылған К. Юнг, т.б. дүниеге
308
көзқарас батыс рационализмінен терең болу керек екенін мойындады
және материализм, дінсіздік, техноцизмді, беймәдени «демократиялық»
болмыстың «көпшілік мәдениеті» зиянын өздері өздеріне әшкереледі.
Әрине, ойшылдардың Бұл тұжырымдары нақты саясатқа әзірге шейін
үлкен әсер ете алмай отыр. Дінді, этиканы мойындау, әлемдік
интеграцияны рухани жағынан толықтырып, шынайы «жүректер
интеграциясына» айналдыру, әр бір ұлттық қайталанбас келбетін сыйлау,
«жанын» түсінуге тырысу, сол арқылы шынайы бауырмалдыққа жету-
міне Батыс пен Шығыс ойшылдарының, жалпы прогрессивтік ниеттегі
адамдардың келген қорытындысы. Қандай халық болмасын, жалпы бүкіл
адамзат ендігі жерде этикаға, руханиятқа бет бұрмаса, адамды түземесе-
жер бетіне үлкен қасірет жақын екені енді анық сезіледі.
Біз ұлттық идеяны ақыл таразысынан өтіп халықтың басым бөлігі
қабылдаған ұлттық құндылықтар жүйесі деп түсінеміз. Ұлттық идея
Қазақстанда жүріп жатқан мәдени мұраларды жаңғырту үрдісі мен
әлемдік өркениет ықпалымен туындаған жаһандану процесінің
арақатынасында қарастырылуы тиіс. Соңғы процестің объективтік
негіздеріне өркениеттің ақпараттық толқынының қарыштауы, Кеңес
Одағы тарқағаннан кейін батыстандыру мен америкаландырудың жаңа
пәрменге ие болуы, бұқаралық мәдениет үлгілерінің жаңа тәуелсіз
елдерде барынша таралуы, этникалықтан өркениеттіліктің басымдылыққа
ие болуы т.т. жатады. Қазақстанда ұлттық идеяның қалыптасуына үш
суперөркениеттердің
тоғысуында
орналасуы
(православтық,
мұсылмандық және конфуцийлік), мәдени-әлеуметтік транзиттік,
тоталитарлық және атеистік сана қалдықтары, номадалық діл архетиптері
ықпал етеді. Басқа да ТМД елдерінде сияқты, Қазақстанда ұлттық
идеяны іздеу амбивалентті құбылыс болып табылады. Қазіргі өркениеттік
және ұлттық-рухани құндылықтарға қарай бетбұрыс әлемдегі елу озық
елдердің қатарына қосылуға себебін тигізе алады.
Қазіргі кезде ойлау жүйесінің шеңбері ұлғайып, ауқымдалып,
ғылымды, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жетуге
мүмкіншілік бар. Оның басты бағыты-зерттейтін объектісі осы заманнан
шығып, өткенді, қазіргіні, келешекті жүйелі түрде ақыл-ой өрісінен,
елегінен өткізіп, сол арқылы өз бойындағы жаңа типті ойлау мәнерін,
өрнегін таразылау, сақтау және жаңарту. Осы мақсатта мына мәселелер
зәрулік танытады: қоғамдық келісім және демократиялық даму, адам
және қоғам, нарық және ғылым байланыстары. Ерекше бөліп қарайтын
мәселе азаматтық қоғам қалыптасуындағы қазақ идеясының орны. Қазіргі
зерттеулерде «Қазақстан-жалпы біздің үйіміз» деген қоғамдық ой негізі
орын алуда. Дегенмен бұл идея өткен қоғамдағы ұрандарға ұқсас,
негізінен саяси мәнге ие болып тұрған сияқты. Ұлттық идея-адамдардың
ішкі рухани дүниесімен астасып жатуы ғанибет. Сондықтан біздің
ойымызша қазақ идеясы мынадай формулаға айналса, ұлтымыздың
өресінен шыға ма дейміз: «Еркіндік түбі бірлікте!».
309
Шығыс халықтары ұлттық идеяларының құндылығы мәселесін
қарастыруда бірінші тұғырнамаға баяғыдан белгілі еуропоцентризм
жатады. Егер классикалық еуропоцентризм тек жалғыз Батыс
өркениеттілігі бар, басқалары «аборигендік», «жабайылық»,
«варварлық» деңгейден шыққан жоқ және Шығыс мәдениеттерінің
болашағы жылдам вестернизацияға енумен айқындалады деген
пікірлер төңірегінде өрбісе, онда қазіргі жаһанданып келе жатқан
және мозаикалы өркениеттерде аталған ұстаным, әрине,
мимикрияға ұшырайды.
Ұлттық идея-ұлттық мүдденiң туындысы. Идеология сол ұлттық
мүдденi мейлiнше анық белгiлеген идеяға қол жеткiзудiң нақты әрекет-
қимылына сiлтеу жасап, бағыт-бағдар беретiн үгiт-насихат мазмұны.
Қазақтың ұлттық мүддесi не? Ұлттық мүдде-ұлттық құндылықтар.
Құндылықтар ұлтқа берiлетiн анықтаманың әр параграфынан құралады:
атамекенi, ана тiлi, қалыптасқан дiлi, бiр дiнi, ортақ салт-дәстүрi, төл
әдет-ғұрпы, жалғыз тарихы. Ұлттық идея-ұлттық құндылықтардың
жаһандастыру дәуiрiнде қауiпсiз өмiр сүре алатын жағдайын көксеген
мұраттың көрiнiсi. Ұлттық идея-талай ұрпақтың еңбегімен, қуаныш-
қайғысымен сараланған рухани дүние. Бұл қайталанбас байлық өмірге
ұлттық өзіндік тарихи болмысымен келген, сол себептен де ол ұлттық
дүниетанымның айнасы.
Тәуелсіздікті нығайта түсудің басты шарттарының бірі-адамдардың
бойында еліміздің тәуелсіздігін айрықша қастерлейтін қасиет-ұлттық
рухты нығайту. Енді рухани мәселелерге ден қоятын уақыт та келіп жетті.
Себебі, рухани тамырымыз терең болса ғана өзгелер бізбен санасады. Кім
көрінгеннің таптаурын болған ескі жұртын шиырлап жүрсек, дамыған елу
елмен иық тірестіру түгіл, егемендікті сақтап қалудың өзі қиынға соғады.
Өйткені, материалдық байлығымен танылған ғана емес, рухани
құндылықтарын дәріптеген, ұлттық ерекшелігі сақталған, тарихы таза
мемлекет қана ертеңгі күні халықаралық қауымдастықтың ортасында зор
беделге ие болады.
Ұлтты ұлт ретінде анықтайтын тек, оның қоныстанған мекені ғана
емес, оның тілі мен ділі, діні мен рухани дүниесі, салт-дәстүрлері мен
философиясы, әрине ұлттың рухы. Өткеннің бай рухани мұрасын тал
бойына дарытқан озық өнегелі дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді, ділімізді
айтпау мүмкін емес. Бүгінгі күндегі біздің қоғамымыздағы рухани
дүниедегі, елдік пен бірлікке негізделген жоғарыдағы келтірілген
қасиеттер ұлттың құндылық бағытына айналуы қажет. Әсіресе егер ұлт-
ол ашық әлеуметтік жүйе екендігін ескеретін болсақ, онда өзіндік ұлттық
ерекшелігі мен өзіндік сананы сақтап қалу күрделі жағдай екенін түсіну
қиын емес. Өйткені қоғамда әртүрлі процесстер жүріп жатады, ол жасау,
сақтау, қирату сияқты процесстер, онда дәстүрлі құндылықтар, салт-
дәстүрлер, институттардың жаңғыруы мен дамуымен қатар, жаңа
институттардың енуі, басқа мәдени идеялардың орнығуы, басқа
310
халықтардың тәжірибесін пайдалануы сияқты процесстер де жүріп
жатады. Сол себептен де әсіресе жаһандану кезеңіндегі өзіндік ұлттық
ерекшеліктерді сақтап қалу күрделі де, қажетті болып табылады. Ол
ұлттық идея, ұлттық идеология мен ұлттық рухтың негізінде, қазіргі
қоғамға сай қаншалықты ыңғайланса да, өзіндік өзегін сақтайтын
мызғымас құндылықтарымызды жоғарғы дәрежеде қалдыру міндет.
Рухани мұрамыз неғұрлым бай болса, алуан арналы болса, өткен мен
бүгіннің мәдени мұралары жарасымды жалғасып жатса, соғұрлым
өміріміздің мән мағынасы терең, мақсатымыз айқын, ұлттық
идеологиямыз жоғары, тарихи үлгі өнеге тұтар парасатты, ой
толғаныстары күшті ел болу еш күмән тудырмайды.
Ұлттық «Менді» қалыптастыратын тетiктер мен жағдаяттар сан
алуан. Оған көшедегi қаптаған жарнамалардан бастап, ендi ғана дүние
есiгiн ашқан сәбидiң құлағына естiлетiн ән мен үнге дейiн кiредi.
Солардың бәрiнiң басын қосатын, бәрiн өгiздей өрге сүйрейтiн құдiрет
Ұлттық Идея деп бiлгенiмiз жөн. Ойы онға, санасы санға бөлiнiп отырған
қазаққа ортақ ұлттық идеяны таба қою оңай мiндет емес. Ол шiркiн әлi
күнге дейiн жоқ та. Ал қажеттiгiн отансүйгiш рухтағы әрбiр қазақстандық
азамат сезiнiп отырғаны айдай ақиқат. Армансыз адам-қанатсыз құспен
тең, дейдi халқымыз. Ендеше ұлттық идеясыз қала берсек қанатсыз ұлтқа
айналарымыз сөзсiз. Ұлттық идеяны таппайынша елде жүрiп жатқан
реформалар қарын тойдырудың ғана мiндетiн атқарып шығатындай
көрiнедi. Өзiн-өзi жарылқамағанды басқалар ұшпаққа шығарады деудiң
еш қисыны жоқ. Көлдей жайылып келе жатқан жаhанданудың табанында
жаншылып қалмау үшiн де ұлттық идеяның өзектiгi мен қажеттiгi күн
санап артып келедi. Демек қарап отыруға болмайды.
Алдымен бiзге қажет ұлттық идеяға қойылатын талаптарды
пысықтап алу керек. Бiрiншiден, ол идея Ата Заңымызға қайшы келмеуге
тиiс. Яғни нәсiлдiк, ұлттық, дiни, жыныстық кемсiту немесе дәрiптеуден
алыс тұрғаны абзал. Екiншiден, ұлттық идея қазақстанның атын анықтап
отырған
қазақ
халқының
мұратын
ұлықтаумен
қоса,
басқа
диаспоралардың тарихи, дәстүрлi, этникалық ар-намысына тимейтiнi
былай тұрсын, қайта соған қуат беретiн факторға айналуын қамтамасыз
ететiн болсын. Үшiншiден, ұлттық идеяның хронологиялық бастапқы сәтi
белгiлi болғанмен, бүгiн де, ертең де шексiз жүзеге аса беретiнiн баса
көрсеткенi жөн. Елдiң iшiндегi, жер-жаhандағы нақты ахуалға
байланысты оның көздегенi өзгерiп, нақтыланып отыратыны айтпаса да
түсiнiктi жайт.
Ұлттық идея құндылықтары мен ұстанымдарын әлеуметтiк қауым
арасында мейлiнше дәйектi бекемдеу қажет. Бiрi-бала бақшада
тәрбиеленушi бүлдiршiндерден бастап, университет аудиторияларында
отырған жастарға жеткiзуден ештеңенi аяуға болмайды. Екiншiсi-
мамандар мен зиялылардың ұлттық идеяға қалтқысыз берiлгендiгiн
311
қалыптастыру. Осылардың санасына, өмiр салтына сiңген ұлттық идея
кiмдi болсын өз иiрiмiне ала жөнелетiнiне күмән жоқ.
Зерттеулерге
сүйенсек,
ХХІ
ғасырда
өркениеттің
даму
бағыттарының бірі-жаңа ақпараттық мәдениет қалыптастыру, ол барлық
ғылыми-техникалық жаңалықтармен бір деңгейде болуы қажет. Тарих
көрсеткендей, қғамдық мәдениетке лайық жаңалықтар мен өнертабыстар
ғана келешекте прогресске ұшырап отырды. Сол себепті нақ қоғамның
ақпараттық мәдениеті оның жемісті дамуының негізі бола алады, ол әр
елдің әлеуметтік-экономикалық және ұлттық қауіпсіздігінің көрсеткіші
бола алады. Ақпараттық қоғамға қадам басқаннан кейін жаңа категория -
ақпараттық мәдениет енгізілді. Ақпараттық мәдениет-ақпартты жоғары
деңгейде өңдеп заманауи технологиялар арқылы тарату. Жаңа заманда
адамның ақпараттық мәдениеті келесі аспектілерден көрініс табады:
- Түрлі технологияларды пайдалана білу;
- Телефоннан персоналды компьютерге дейін тарату;
- Ақпараттық технологияларды шебер пайдалану;
- Газеттен, компьютерлік коммуникациялардан ақпарат таба білу;
- Ақпаратты өңдеу әдістерін меңгеру;
- Ақпаратты түсінікті деңгейде жеткізе білу;
- Графикалық, мәтіндік, кестелік, видео және аудио ақпараттармен
жұмыс жасай білу;
- Ақпараттық қоғамның орнауы.
Ақпарттық қоғам-ақпарттың көлемі мен оның қолжетімділігі,
еркіндік дәрежесі. Бұл түсінікпен постиндустриалдық адамзаттың
өркениеті байланысты. Индустриалдық қоғаммен салыстырсақ, тауар
өндіру мен оны пайдаланғаннан көрі ақпараттық қоғамда интеллект
өндірісі мен оны тұтыну, яғни, ой еңбегін талап ететін уақыт болып
есептеледі. Адамнан шығармашылыққа бейімділік және білім талап
етіледі. Қол еңбегі азайып, бірқалыпты білім процессі қысқарады.
Нәтижесінде, шығармашылық қабілетке сұраныс артып, «адамға-
адамшылық, машинаға-машиналық» атты түснік қалыптасады. Қоғамның
дамуына материалдық өндірістен ақпарат өндірісі маңыздырақ болып
есептеледі. Ал материалдық өнім ақпараттық тұрғыдан кеңейеді, оның
негізінде, инновациялық, дизайндық және маркетингтік даму байқалады.
Өзге кезеңдерден басты ерекшелік-білімді пайдалану мен желілік
технологияларды пайдалану басты орыннда болады.
Қазіргі кезде, ақпараттық білім мен мәдениет түсінігі ұлттық
шекараларды асып, ғаламдық көлемде таралуда. Осыған орай,
азаматтарды ақпараттық ұйымдастыруға бейімдеу маңызды. Кітапханалар
мен білім алу орындары осыған тікелей жауапты болып табылады.
Ақпараттық мәдениетке даярлаушы мәселені көтеріп, оқушылар,
студенттер және өнер қайраткерлерін оқыту көзделгені жөн. Бұл процесс
индивидуалды
деңгейде
әр
адамның
психо-физиологиялық
ерекшеліктеріне мән бере отырып іске асуы тиіс.
312
Жуық арада ескеруге тиіс міндеттер: қоғамның тыныс тірішілігінде
болып жатқан құбылыстарды стратегиялық міндеттер негізінде реттеп,
бақылып отыру. Қазіргі уақытта әр ұлт өз бірегейлігін жоғалтқысы
келмейді. Бұл әр ұлттың жан қалауы және табиғи құқығы. Мұндай жан
қалауының себебі-қазіргі кезде алдыңғы қатарлы әлем империяланының
индустриалды
өндіріс
салаларының
қарқындылығы
әлеуметтік,
технологиялық, инновациялық бөлініске ұшырауына, ұнамдылық-
моральдық құндылықтардың дағдарысқа түсуіне байланысты.
Көптеген батыс ойшылдары әлемнің тұтастануын батыс қоғамының
жеңісі ретінде қабылдайды. Мәселен, заманымыздың белгілі ойшылы
К.Поппер еркін демократияның елдері, Батыстың ашық қоғамы жеңді
дейді. Тоталитарлық қоғам бар бар болғанын ешқашан, ешкімнен
жасырмаған, орасан зор ішкі күштердің әсерінен құлады. Алдымен, өзінің
қалдықтарының астына бірыңғай Кеңес империясының темір жұдырығын
көміп, өте топтасқан және мызғымастай болған шығыс еуропалық
диктатура жойылды.
Әлеуметтік желілер негізінде адамдар арасындағағы хат-хабар
алмасу мүмкіндігін беретін жүйе, аудио және фото материалдар
бөлісумен қатар қарапайым құттықтауларға дейінгі аралықтың бәрін
қамтиды. Соңғы зерттеулерге сәйкес адамадардың 42%-ы аталмыш
жүйені пайдаланады, негізгі контингент 30 жасқа дейінгі аралықты
қамтиды, кейінгі кезде 60 жас көрстекіші де байқалады. Әлеуметтік
желілердің негізгі артықшылықтары-адамдардың өзара танысуына
кеңістік береді, жер шарының қай нүктесі болсада үнемі сапалы байланыс
жасау мүмкіндігі, әлемдік жаңалықтардың куәсі болу, өзіне қажетті
қызықты қажетті ақпараттарды бөлісу және алу. Мысалы, Facebook
желісінің қолданушыларының 60%-ы күн сайын желі қызметтерін
пайдаланса, ал 40%-ы аталмыш әрекетті күніне бірнеше рет жасайды.
Бұл әрекеттердің себеп-мақсатын әртүрлі бағамдауға болады, біреулер
өзге адамдардың жаңа суреттері мен жазбаларын бақылайды, екіншілері
өз көңіл-күйі эмоцияларымен бөліскенді жөн көреді, негізінде, сыртқы
әлемнің қызықсыз және көңілге қонымсыз әрекеттері мен бейнелерінен
қашып құтылудың бір амалы ретінде пайдаланады, саналық «допинг» деп
те сипаттасақ болады. Екіншілер үшін әр жаңа жазба немесе бейне
жариялаған сайын кометарийлер мен «лайк» атты жағымды жауаптар
қайтады, аталмыш әрекетті қайталай беру зиянды әдетке айналады.
Қорытындылай келесі түсініктерге тоқталып өткіміз келеді: әлемде
орын алып жатқан технологиялық және виртуальды прогресс әлеуметтік
және мәдени тұрғыдан терең өзгерістерге, салдарға жетелейді. Солардың
бірі ретінде, қазіргі мәдениеттің, қоғамдық құндылықтардың
«диффузиялық» жағдайда екені белгілі, өз кезегінде, ол девиантты
әрекеттердің пайда болуына тікелей әсер етеді, ал виртуалды әлемдегі
«адамдар» саны миллиардтан асқан соң бұл өте актуальды мәселеге
айналып отыр. Дәстүрлі қоғамда-су мен жерге меншік салу қылмысқа
313
теңелген, индустиралдық кезеңде-капитал негзігі құндылық капитал
болса, оны ұрлау немесе заңсыз иелену қылмыс болып есептелген. Қазіргі
кезде негізгі құндылық-ақпарат болып табылады, ал оны өзгерту және
теріс мақсатта пайдалану алдыңғы кезеңдерден де ауыр қылмысқа
теңеледі, себебі, ол кезде «қылмыскер» белгілі болса, қазір, оларды тану
күрделі. Аталмыш процесстердің ортақ атауы-сана манипуляциясы
немесе мәдени девиация, ақпаратты теріс мақсатта пайдалану арқылы
тұтас ұлт пен мемлекеттер тағдырына әсер ету, ол әрқашан игі мақсатта
бола бермейді.
Әлемдік және қазақ мәдениетін толық білу үшін арнайы зерттеу
мақсатында шет ел университеттерімен нақты қатынас орнатып, тәжірибе
алмаса білу мүмкіндіктерін көбейту қажет. Қазақ жерінің өзінде де әлі де
зерттелмген мәдени-тарихи орындар жетерлік, оған біз сапалы деңгейде
қызмет етуіміз керек. Қазақстан алдыңғы қатарлы мемелкет болғысы
келсе, басындағы шалмасы мен аяғындағы мәсісін тастауы тиіс, жастары
білімді, жалынды Батысқа қараған, Шығыстағы Жапон, Корей
мемлекеттеріне де мән берген болуы тиіс, ашық және демократиялы
қоғам болуы қажет.
Қаншама жылдар біз ел болып қалыптасуды арман еттік. Бізге
Қазақ елі атану арман болды. Тек мемлекеті бар ел ғана өркениет жолына
түсе алмақ, сондықтан Қазақ өркениеті деген ұғымды қоғамдық білімдер
жүйесінде қолдануға мүмкіндік туды.
Достарыңызбен бөлісу: |