Қазақ тілі мен әдебиеті 6-сынып Бөлім: Қуат көзін үнемдей білеміз бе? М.Жұмабаев «От» өлеңі Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев – қазақтың ұлы ақыны. (1-сабақ) Оқу мақсаты: 6.2.5.1. - коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру.
Бағалау критерийі: - диалогке қатысушылар ойларын толықтырып отырады.
Жаңа сөздер:
Жаңа сөздер:
жалға – продолжай, соедини жетеле – веди за собой соқ – ударь, бей, ковать мазмұн – содержание дәулетті - зажиточный сауат ашу – учиться грамоте жинақ – сборник жалған айып – ложное обвинение қуғын-сүргін – репрессия, притеснение, изгнание халық жауы – враг народа Күншығыстан таң келеді, Мен келем, Көк күңіренеді, мен де көктей түнерем. Жердің жүзін қараңғылық қаптаған, Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем. М. Жұмабаев 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. 1. Алаш, Алашорда үкіметі, «Алаш» партиясы туралы естідің бе?
2. Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев туралы білесің бе?
3. Өлең жазатын адамды кім деп атайды?
4. Саған кімнің қай шығармасы ұнайды? Неге?
Дескриптор: - сұрақтарға орынды жауап береді
Жазылым. Айтылым. 3-тапсырма. «Броундық қозғалыс». Сыныптастарыңның оқыған кітаптары туралы дерек жинап, кестені толтыр. Ең көп оқылған кітапты анықтаңдар. Диалогті бастау, жалғастыру, аяқтауға қатысты сөз орамдарын, есімдіктерді қолданып, ойды толықтырыңдар.