Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»



Pdf көрінісі
бет49/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

 
 
 
Пысықтау сұрақтары: 
1. Өнердің, білім мен ғылымның Кеңестік Қазақстандағы дамуы қалай 
болды?
2. ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы ұлттық мәдениеттің 
бағыттарына баға беріңіз? 
3. Тоталитаризм мәдениетке қалай әсер етті? 


236 
4. Маргиналдық және мәңгүрттіктің байланысын көрсетіңіз? 
5. Мәдени геноцид ұғымы нені білдіреді? 
 
12. ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДІК ҮДЕРІСТЕР АЯСЫНДАҒЫ 
ҚАЗАҚСТАН МӘДЕНИЕТІ 
Мақсаты: 
Қазақстан Республикасындағы тәуелсіздік
 
жылдарындағы 
мәдени үдерістеріне талдау беру және ел мәдениетінің әлемдегі орнын 
анықтау. 
 
12.1. Тәуелсіздік және заманауи Қазақстан мәдениетінің 
әлемдегі орны 
Шын мәнісінде, 1991 жылдан Қазақстан үшін Күн атып, тәуелсіздік 
заманы келді. Қазіргі постиндустриалдық қоғамда әдеп негіздерінің,
тұлға мен қауымның, әлеуметтік тұтастықтардың арасалмағы түбегейлі 
өзгерістерге ұшырады. Ақпараттық қоғамда Екінші дүниежүзілік 
соғыстан кейін даралану үдерістері бұрын-сонды болмаған қарқынға ие 
бола бастады. Жаңа әлеуметтік жағдайда коллектившілдіктің бұрынғы 
формалары 
(социализм, 
корпоративтік 
құрылымдар, 
аграрлық 
мәдениеттен қалған қауымшылдық, т.т.) өздерінің нормативтік 
мүмкіндіктерінен айырылып, тарихи шектілігін анық аңғартты. 
Бұл мәселені басқаша қарастыратын ұстанымдар да жеткілікті. 
Әсіресе, этноцентристік дүниетанымда жекешілдік, Меншілдік ұлт 
мүддесіне қарсы келеді деген ой айтылады. Қазақ ұлтының жалғыз 
мемлекетінде бірегейлену этникалық деңгейінде өту керек делінеді. 
Алайда, ұлттық бірегейлену абстрактылы ұран болып қалмауы керек. 
Ұлттың өзі адамдық Мен төңірегінде заман талаптарына сай 
модернизацияға ұшырап отыруы қажет. Мысалы, Орталық Азияның 
постсоциалистік ұлттарын нақтылы алсақ, онда олардың капиталистік те, 
социалистік те, демократиялық та, монархиялық та тәжірибелері жоқ 
екендігіне көз жеткізу қиын емес. Басқаша айтқанда, патриархалды-рулық 
өзіндік сана мен тоталитарлық құрылымдардың тарихи тұйыққа апарып 
тірейтіні сөзсіз. Әрине, жоғарыдағы ойларды тек оппозицияның өкілдері 
ғана емес, сонымен бірге ресми билікті жақтаушылар да айтады.
Қазақстан сияқты жаңарушы қоғамда азаматтық құрылымдар бірден 
пісіп-жетіле салмайды. Жекешіл дүниетанымды орнықты ету орасан зор 
талпыныс пен ерікті қажет етеді. Осы мәселенің мәдени жақтарына назар 
аударайық. 

Қазіргі кездегі өркениет қоршаған ортаны, әлеуметтік сипаттағы 
тұрмыстық жағдайды қайтарымсыз түрде өзгертуде. Осы тұрғыда 
мәдениет көбінесе қоғамдық жаңару бастауы, шығармашылық өмірді 
қалыптастыру факторы ретінде көрініс табады. Мәдениетті адамның өзін-
өзі жүзеге асыру құралы ретінде қарастыру арқылы, ондағы тарих пен 
адамға айтарлықтай әсер ететін импульстарды анықтай аламыз. Әлемге 
жетудің эвристикалық құралы идеология, экономика немесе саясат емес


237 
мәдениет болып табылады. Жер жүзінде өзіндік мәдениет нұсқасын 
қалытастырмаған халық жоқ. Өзін-өзі сезіну, өзіндік сананы түсіну 
мәдениетке әу бастан-ақ тән, ол адам болмысының өлшемсіздігі мен 
тереңдігін білдіреді.
Осының барлығын ескере отырып біз мынаны айтуымыз керек: 
«американдану», «еуропалану» да біздің жол емес, ескішіл, фанатик 
болып, қайтып келмес көшпенділікті аңсау да орынсыз. Біз екі бұрынғы 
рухани элитаның екі буынының да тәжірибесін, тәсілдерін ұштастырып 
қолдануымыз қажет. Жаппай вестеризация, рухани азу ықпалы күрт өскен 
жағдайда, оған төтеп беру үшін руханият, өз дәстүріміз бізге қорған 
болады. Сөйтіп қана зиялылары, басшылары ұлтты дағдарыстан алып 
шыға алады. 
Ендеше, ХХІ ғ. ұлттық мәдени трансформация кері жылжу емес, 
біреуді қайталау да емес, жаңа жағдайда шығармашыл ізденіс біздің бүкіл 
аймақтық мәдени, әлеумет, саяси трансформация процестеріне үлкен 
өзгеріс, ілгері басу, гүлдену әкеледі.
Рухани кеңістікті құрайтын ұлттық идеяның элементтері көп. 
Солардың ішіндегі оның мәнін терең де ауқымды анықтайтындар бұл 
ұлттық философия мен әдебиет; мәдениет пен оның түрлері, рухани 
қазынанның басқа да элементтері осы екі үлкен тұғырлардың 
айналасында өрбиді, дамып отырады. Олардың даму деңгейі, қоғамдық 
өмірге тигізетін әсері және қоғамдық сананы белгілеудегі алатын орны 
ерекше. Дамыған елдердің тәжірибесі осы ойды айғақтап отыр, оған 
көптеген мысалдар келтіруге болады. 
Қазір Батыс елдері үлкен дағдарыста деп мойындайды кейбір батыс 
ойшылдары. Қазіргі кезде бала туу деңгейі ең аз жиырма ұлттың он сегізі 
– еуропалықтар. Еуропадағы бала туудың орташа деңгейі соңғы кездері 
1,3 адамға дейін түсіп кетті. Ал халықтың тым болмаса, қазіргі санын 
сақтап қалу үшін, бұл деңгейдің шамасы 2,1 болу керек. Бұл турасындағы 
болжамдар да өте көңілсіз. 2000 жыл мен 2050 жылдар аралығында жер 
бетіндегі халықтың саны 3,5 миллиардқа өсетін көрінеді. Алайда бұл өсім 
тек Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің есебінен болады. 
1960 жылы еуропалық нәсілділер әлем халқының ширегін құраса, 2000 
жылы алтыдан бірін, ал 2050 жылдарға таман бұлар бар болғаны оннан 
бірін құрайды. Батыс кеміп барады. Өйткені, Батыстың халқы өздерін 
көбейтуді тоқтатып, шапшаң азайып барады. Дәл осы секілді көрініс 
Құрама Штаттардан да байқалады. Бұған қоса, 1969 жылы Ричард Никсон 
президенттік ант қабылдағанда, Құрама Штаттарда 9 миллион иммигрант 
болған. 
Ал 
Трамп 
билікке 
келген 
уақыт 
ішінде 
мұндай 
америкалықтардың саны 40 миллионға артқан.
Батыстың бұлайша «өзге» Батысқа айналуына белгілі бір әлеуметтік 
факторлар әсер етті. Бірінші фактор-күйеуі тұрмыстық қажеттіліктерді 
тауып, асыраушы қызметін атқаратын, әйел үй шаруасы және бала 
тәрбиесімен айналысатын дәстүрлі отбасылардың бұзылуы. Бұл 


238 
шаңырақтан индустриалды қоғам еркекті суырып алып, фабрика, 
зауыттарға жіберсе, постиндустриалды қоғам жоғары жалақы төлейтін 
офистер мен фирмалардан жақсы жұмыс тауып беріп, әйелдерді шығарып 
алды. Батыстағы әйелдердің жалақысы әжептәуір өсіп, есесіне, 
еркектердің еңбекақысы айтарлықтай төмендеді. Әйелдер экономикалық 
тәуелсіздікке қол жеткізіп, отбасы олар үшін өзінің мүмкіндігін жүзеге 
асыратын орын болудан қалды. Жас батыстық қыз-келіншектер 
отбасынсыз-ақ өмір сүріп, дербестік пен тәуелсіздікке қол жеткізе 
алатынын түсініп, күйеуге тиюге асықпайтын болды. Сондай-ақ 2010 
жылдың санағынан байқағанымыздай, Америка тарихында алғаш рет 
әрбір төрт үйдің біреуінде ғана толық (әке, шеше, бала) отбасы тұратын 
болса, жалғыз басты америкалықтар ел халқының 26 пайызын құрайды 
екен. Яғни, бұл неке «сәннен» қалды деген сөз. Америка әйелдерінің 
көпшілігі, Еуропа әйелдері секілді, үй шаруашылығы мен ана болу 
бақытына қарағанда, қызметтік өсуді «қуаныш» көреді.
Екінші фактор-әлеуметтік қозғаушы күш ретіндегі «ерікті ұрпақтың» 
дүниеге келуі. Батыстың соғыстан кейінгі, яғни сол кезде құрылып 
жатқан «берекелі қоғамның» ұрпағы Батыстарихында тұңғыш рет жоғары 
білім алуға кең мүмкіндік алды. Бұл ұрпақ дәстүрлі отбасыдан 
университет аудиторияларына көшіп алды. Сөйтіп, әке-шешесінің 
қайырымды қамқорлығымен емес, бұқаралық ақпарат құралдарыны, 
соның ішінде теледидар мен «жылтырақ» баспасөздің «тәрбиесімен» өсті. 
Ақырында бұл ұрпақ-Батыстың дәстүрлі құндылықтарынан елеулі 
айырмасы бар құндылықтарды бойға сіңірді. Жаңа ұрпақ санасындағы 
басты нәрсе-фаустық жердегі жұмақты орнату емес, «осы жерде және 
қазір» ләззат алуды қалайтын эгоистік гедонизм бола бастады. 
Руханияттың орнын-қызмет пен ақша, отбасының орнын-шектеусіз төсек 
қатынасы мен «ерікті» өмір сүру, Жаратушы берген қасиетті өмірдің 
орнын-есірткі мен өз еркімен өлімге мойынсұну басты. Мұның бәрі сол 
кезде жүріп жатқан «мәдени төңкерістің» аясында жүзеге асып жатты 
(Бюкенен П. Дж. Батыстың ажалы//«Жас қазақ».-2014.-№ 30.-4 тамыз). 
Кесімділік пен аяқталғандыққа шешім шығармай-ақ, қазіргі 
мәдениеттің мынадай қиындықтарын атап өтейік: 
-
руханилық пен материалдықтың арасындағы ажыратылу; 
-
эскапистік және дүниетанымдық ұстанымдардың араласып кетуі; 
-
нонконформизм, конформизм мен девианттық қылықтың өрістеуі 
-
рационалдықты 
шектеу, 
тылсым 
сана 
қабаттарымен 
манипуляциялар 
жүргізу, 
жалғыздық, 
үрей, 
шарасыздық 
сенімдерінің өрістеуі;
-
стандартты қарапайымдалған тіршілік ету баламаларын жасанды 
ұсыну.
Төлтума мәдени типтің ділін айқындау үшін шығыстық, батыстық 
және қазақи дүниетанымдар мен дүниелік қатынастардың ерекшеліктерін 
кестелік тәсілмен келтірейік: 


239 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет