маргиналдық мәдени тип
дегеніміз не?
266
Бұл ұғымды американ әлеуметтанушы Р.Парк енгізген және латын
тілінен-«шетте болушы» деп аударылады. Р.Парк маргиналдар деп мінез-
құлқында
тынымсыздық,
агрессиялық,
өзімшілдік,
сенімсіздік,
депрессиялық
белгілері
бар
америкалық
мулаттарын
атаған.
Мәдениеттану мен әлеуметтануда бұл ұғым рухани өзіндік санасы
тұрақсыздандырылған, «өліара» мәдениеттің өкілдерін бейнелеу
мақсатында қолданылады.
Әдетте маргиналдық ұғымымен қалыпты мәдени сәйкестікке
оппозициялық қатынастардағы адамдарды сипаттайды. Қысқаша
айтқанда маргиналдар-не қоғамнан өздері аулақ кеткендер, не қоғамның
өзі оларды шеттеткендер.
Франзуз ғалымы А.Фарждың пікірі бойынша маргиналдардың
алдында екі жол тұр:
-
барлық дәстүрлі қарым-қатынастарды бұзып өзінше жаңа бір
субмәдениетті қалыптастыру;
-
біртіндеп заңдылық аймағынан шектелу.
Әрбір өзін-өзі өркениетті деп есептейтін қоғам тас джунглилердегі
адасып жүргендердің санын көбейтпеуге ұмтылу қажет. Бұл жерде
мәдени адаптациялық жүйелердің қызметінің маңызы зор. Өйткені басқа
мәдени ортаға жаңадан келгендер өздерінің ғасырлар бойы қалыптасқан
басқа мәдениеттерімен қарым-қатынасқа түсу тетіктерінен айырылып
қалады. Мәдени бейімделуді аккультурациялық үдерістермен теңестіру
дұрыс емес. Резервациялар мен фильтрациялық ұжымдарда күшпен
орнатылған басым мәдениеттің тар шеңберінде адамдық абырой мен
намыс аяққа тапталып, рухани азғындау өріс жаяды.
Қазіргі кезде өркениетті елдерде бұрынғы жоғары мәдениетке
күшпен егізу (аккультурация) бағадарламасының орнына «мәдениеттер
сұхбаты» идеясы ұсынылып отыр. Бір ескере кететін жайт:
мәдениеттанушылар
«жоғары
және
төменгі»
деген
бөлуден
мәдениеттердің тең қалыпты қағидатын қолдануға көшті.
Еуразиялық мәдени тип.
Бұл типті негіздеуден бұрын қазіргі кезде
өтімді бір теория – С. Хантингтонның «Өркениеттер жанжалы» ілімінің
бір қырын қарастырып өтейік. Бұл ілім бойынша әр түрлі
суперөркениеттердің шекаралық аймағы тұрақсыздық пен жанжалдардың
(конфликтердің) ошақтары болып табылады. Ал Қазақстан өзінің
геомәдени кеңістігі бойынша конфуцийлік және православиелік
өркениеттердің ортасында орналасқан. Алайда ТМД-ның кейбір
мемлекеттермен
салыстырғанда,
Қазақстанда
қоғамды-саяси
тұрақтылықтың мығым екендігі белгілі.
Мұны көптеген факторлармен түсіндіруге болады. Олардың
арасында мәдени фактордың да алатын орны ерекше. Біздің пікірімізше,
казіргі Қазақсан Республикасның ішкі жағдайын анықтайтын маңызды
және аумақты мәдени топқа еуразиялық менталитет өкілдері жатады.
267
Қазақстандағы Ресей ықпалы тек республикадағы үлкен славяндық
топтың барлығымен (соңғы деректер бойынша республика халқы
санының-20 %) ғана емес, қазақ халқының ұзақ жылдар бойы Ресейдің
қол астында болуына қатысты. Отаршылдықтың қазақ мәдениетіні
тигізген теріс әсерлері жөнінде осыған дейін жеткілікті айттық. Алайда,
бірнеше ғасырлар бойы бірге өмір сүрудің нәтижесінде қазақ халқының
мәдени құрылымында біраз өзгерістер болды. Бұл үдеріс ең алдымен тілді
қамтыды және орыстілді қазақтар (ұйғырлар, өзбектер, татарлар т.б)
мәселесін тудырды. Белгілі елтанушы ғалым М.Тәтімов өз ойын былай
түйіндейді:
«Тұжырымдап айтар болсақ, қазақтар арасында шешуші
демографиялық фактор-тілдің ортаның тікелей ықпалымен өз ана тілін
жоғалту енді ғана тоқталып, өз ана тіліне оралу үрдісі жаңа ғана күш ала
бастады. Демографиялық ахуалымыздың жақсаруы оған тегеурінді ықпал
көрсеткенімен, бұл үрдісті тағы да жылдамдату үшін өмірдің әр
саласында оған пәрменді жәрдем көрсету қажет. Былайша айтқанда,
белсенді тіл саясатын демографиялық шешуші, өзімізге тиімді
өзгерістермен ұштастырғанда ғана ол жемісті болмақ, яғни екінші сөзбен
айтқанда, ананың тілін атаның күшімен (демографиямызбен) құлпырта
аламыз» (Қазақ әлемі, 91 бет).
Әрине, демографиялық және тілдік факторлардың этномәдениетке
тигізетін әсері зор. Алайда, тілден айырылдың деп бұл үлкен топты
ұлттық мәдениет аймағынан шығарып тастаған да дұрыс емес. Мысалы,
шотландтар мен ирландтар ағылшын тілінде сөйлегенімен ұлттық
менталитетінен айырылған жоқ. Осы сияқты республикадағы орыс тілді
қазақтардың және басқа да мұсылман халықтарының бірталай ұлттық
салт-дәстүр мен діни-мәдениет өрісінен алыстап кеткен жоқ. Мәселе
сан-мөлшер мен үлес туралы болып отырған жоқ.
Қазақ халқының ХХ ғ. басындағы мәдени жүйесінде үш бөліктің
бар екендігіне көз жеткізуге болады. Оларға төлтума дәстүрлі мәдениет,
отаршыл мәдениет және батыстық әсер жатады. Еуразиялық мәдени тип
дәстүрлі мәдениетті батыстық өркениет жетістіктерімен ұштастыра
білген. Арнаулы зерттеулер қазақтардың мәдени диалогқа икемді
екендігін көрсетеді. Бұл туралы Абай да жеткілікті айтқан. Тек «дәстүрлі
адам» прогрестің антиподы, ал «моделделген тұлғаны» антиподтың
антиподы деп қарастырған жасандылық. Осы мәселе төңірегінде
Елбасының мына бір орынды ойын келтірейік: «Біз өзіміздің мәдени
тамырларымыздан едәуір ажырап қалдық. Оның есесіне өзге өркениеттер
әсеріне көбірек ұшырадық. Бұл жақсы ма, жаман ба – өз алдына мәселе»
(Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996, 264 б.).
Әлемдік тарихтан да бірнеше осыған ұқсас жағдайларды келтіруге
болады. Бодандық жағдайға түскен еврейлердің алдында екі жол тұрды:
бірі беріспейтін зилоттық тактиканы жүзеге асырып, антикалық Рим
мәдениетін түгелдей бекерге шығару. Екіншісі жауды оның құралымен
268
ұру, оның әрбір жүрісін алдын ала аңғарып, қарсы құралды дайындап
қоюмен байланысты. Бұл тактика еврей мәдениетіне стратегиялық жеңіс
әкелді. Оған қазіргі еврей мәдениеті куә.
Осыған ұқсас құбылыстарды Ресей, Жапония мен Қытайдың
батыстық мәдени экспанциясына қалай жауап бергенінен де байқай
аламыз. Батыспен кездесердің алдында бұл үш ел реформаларынан кейін
Ресейдің батысеуропалық мәдениетке жақындағаны белгілі. Бұл істегі 1
Петрдің қарсыластарын-«ескі сенімдегілер» мен славянофильдерді
зилоттық архаизмнің Ресейдегі көріністері деп бағалауға болады.
Жапония мен Қытай батыстық қысымға сәл өзгеше жауап берді.
Өздерінің материалдық мәдениет деңгейін батыстық озық үлгілерді
қабылдау арқылы көтергеннен соң, Жапония мен Қытай еуропалық
рухани экспанцияның алдына тосқауыл қойды. Бұл, әсіресе, Қытайға
қарағанда, Жапонияда дәйекті жүргізілді және осының нәтижесінде ол
әлемдегі озық бір мәдениеттің иесіне айналды. Көріп отырғанымыздай,
еуропалық экспенцияға әртүрлі жауап беруге болады. Қаншама орны
толмайтын құрбандықтарына қарамай, қазақ халқы тарихтың бұл
сынынан абыроймен шықты деп айтуға болады. Бұл жерде қазақ
мәдениетіндегі еуроазиялық субтиптің рөлін кеміту дұрыс емес.
Еуразиялық мәдени тип, Гегельдің тілімен айтқанда, «айырылған
санаға» жатады, ол Батыс пен Шығыстың арасында ауытқып жүреді. Бұл
дәстүрдің ескі үлгісін Ұлы Жібек Жолы мәдениетінен де көруге болады.
Бірақ еуразиялық мәдениетті тек Батыс пен Шығыстың ортасындағы
буферлік аймақ ретінде қарастыру да сыңар жақтылықтың бір түрі.
Өйткені, бұл жерде бір адамзат тарихындағы екі субөркениеттің жай
қарым-қатынасынан емес, олардың тұтастану үлгісінің қалыптасуның
куәсі болып отырмыз. Азияның кіндігінде адамзат мәдениеті үшін
маңызды оқиға жүзеге асты.
Орта ғасырларда эллинистік, арабтық, парсылық, түріктік
мәдениеттің тоғысуынан бір Ренессанстың өріс алуын байқасақ, ХХІ ғ.
Орталық Азиядағы жаңа өрлеудің басталатыны күмәнсіз. Тек бұл үшін
халықтың қажымас қайрат, елдің бірлігі, дәстүр мен заман тұтастығы
қажет.
Әрине, бұл типтік белгілерді сол күйінде тікелей эмприкадан іздеу
қателік болар. Идеалды тип белгілі бір нәрселік саланың эмпириялық
көрінісін жалпылау жолында емес, ал осы саладағы мәндіні ой
тұрғысынан мұрат дәрежесіне көтеру арқылы қалыптастырылады. Тағы
бір ескеретін нәрсе: бұл кестені еуразиялық мәдени типтің болашақ
потенциялын көрсету мақсатында келтірдік. Ал мүмкіндіктің шындыққа
айналуы диалектикалық үдеріс.
Қазақстан жағдайында еуроазиялық-қазақы тип пен орыс тілді
мәдениет өкілдерінің арасында көптеген ұқсатық бар. Әрине,
соңғылардың менталитеті әр уақытта православиялық дінге және
Ресейдің қамқоршылығына бағытталған. Алайда, Кеңес Одағына қаншама
269
әділ теріс баға бергенімен, бір нәрсені мойындау керек. Халықтар
достығы тек жалған ұран емес, қарапайым адамдардың ментальдық
қасиетіне айналды. Осы себепті Қазақстанның халқының көпшілігі 1991
жылдың наурызында Кеңес Одағын сақтап қалуды жақтап дауыс берді.
Бұдан олар Қазақстанның тәуелсіздігіне қарсы деген тұжырым тумауы
керек. Қысқаша айтқанда, өздерін Қазақстан Республикасының
азаматттары деп сезінетін еуропа тектестер еуразиялық менталитетке ие
болып, республиканың өркениетті елдер қатарына қосылу жолында
жемісті қызмет атқара алды.
Еуразиялық мәдени тип өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін
қазақтың дәстүрлі мәдениетімен тұтасуы қажет. Керісінше болса, онда
еуразиялық қазақ мәдениетінің маргиналдық белгілері басым болып,
рухани қайнарлары таусылып қалады. Маргиналдық пен шығармашылық
бір-біріне қолайлы емес.
Енді жаңа жағдайлардағы қазақтың төлтума мәдени типінің кейбір
тенденцияларына, даму бағыттарына қысқаша тоқталып өтейік. Қазақтың
төлтума мәдени типінің жүйелік құрылымдық және функционалдық
ерекшеліктері мен олардың әлемдік тарихпен үндестігін алдыңғы
тарауларда қарап өттік. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 25 жылдай
ғана болды. Бұл аз уақыттың ішінде, әрине, жаңа мәдениет қалыптасты
деу асығыстық болар.
Сонда да қазіргі дүниежүзілік мәдениетте ХХІ ғ. қарсаңында кейбір
адамдық әмбебаптық болмыстың басты бағыттары айқындала
бастағандықтан, олардың қазақ мәдениетінің мүмкіндіктері,
парадигмалары және бағдарламаларымен салыстыра қарайық.
ХХ ғ. адамзат тарихында өзінің ұлылығы мен әлеуметтік
дағдарыстары, ғылым мен техниканың керемет жетістіктері мен сұрапыл
соғыстары, болашаққа нақтылы қадам басуымен және термоядролық
әзәзіл қаупімен ерекше орын алады. Ғасырдың алғашқы жартысында
адамзат басынан өткізілген екі дүниежүзілік соғыс заманақыр жақын
деген үрей туғызса, олардың аяғына таман планетамызда парасаттылық
пен ізгілік күшейе бастады. ХХ ғ. ең негізгі сабағы «біздің бәріміз бір
ғарыш кемесінің-Жер деген планетаның жолаушылары» екенімізді
түсіну, мұны айтқан ұлы гуманист-Антуан де Сент-Экзюпери.
ХХІ ғ. қарсаңына мәдениеттердің ұлы тоғысуы, сұхбаттасуы және
тұтануы басты тенденцияға айналды. Біз, шынында да, біртектес адамдық
мәдениеттің аймағына ене бастадық. Нәсілдік, отаршылдық, саясм-
идеологиялық жікшілдіктен «бүкіладамдық үйге» көшу басталды. Бұл
мәселе қазақ мәдениеті үшін де өте актуалды болып табылады. Ішкі
жікшілдіктен айырылу, әлемдегі өркениетті елдермен жақындасу,
халықаралық қатынастардың тұлғасына айналу қазақ мәдениетіне
жоғарғы талаптарды қойды. Тәуелсіз Қазақстанда бұл мәдениет шешуші
қызмет атқарады әрі басқа этникалық топтардың және субмәдениеттердің
270
дамуына және бір-бірімен келісімді болуына жауапты болғандықтан ХХІ
ғ. шеруге шыққан көшке берекесі кеткен мәдениет қосыла алмайды.
Қазақ мәдениетін тағдыр қысымынан сақтап қалған құдіретті
күштің бірі ана тілі екендігі белгілі. Қазақ болашағы оның тілінің
трмыстық-отбасылық деңгейден халықаралық қарым-қатынас, өнер мен
ғылымның жоғары бітімдерінің құралы дәрежесіне қатысты екндігі
жөнінде де аз жазылып жүрегн жоқ. Бұл сипатта тілдік Ренессанс қажет
және оның бағдары барлық еуропалық терминді шығыс сөздерімен
ауыстыруда да емес. Мысалы, моральды «ақылақпен», класты
«сыныппен», философияны «пәлсапамен» алмастырумен ұтыстар
шамалы болар. Әрине, тілдің қолдану тәжірбиесінде соңғы кезде енген
ұтымды терминдер де жеткілікті. Тіл мәдениетін көтерудің маңызды бір
мәселесі-кириллицаны латын алфавитімен алмастыру. Бұл туысқан
халықтардағы және әлемдегі тенденциямен үндес.
ХХ ғ. тағы бір сабағы тоталитарлық жүйелердің дәрменсіздік
көрсетіп, «демократия», «азаматтық қоғам», «құқықтық мемлекет»,
«адамның бостандығы» ұғымдары мен ұстанымдарына негізде оған
өркениетті жаңа мыңжылдыққа қарай нық қадам басуында. Мұны кейде
батыстық либерализмнің жеңісі деп те бағалайды. Осындай топшылаудан
жасандылық пен сыңаржақтылық көрініп тұр. Әлемнің мозаикалық
құрылымы, этностардың, мәдениеттердің, дәстүрлердің, құндылықтардың
сан алуандылығы бастыстық модель-үлгі жеңіп шықты деген
тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Жоғарыда аталған әлеуметтік-
мәдени құндылықтарды біз сол «таза» күйінде емес, ұлттық менталиет
пен мәдени дәстүрлерге үйлестіре қабылдауымыз керек.
ХХ ғ. аяғында әлемдік мәдениетке қалыптасқан тағы бір ахуал
озық технологияны гуманистік этикамен үйлесімді қосу талпынысы.
Біздің заманымыздың ұлы ойшылдары А.Швейцер, М.Ганди, Л.Толстой,
Тейяр де Шарден, Э.Фромм т.б. адамгершілікті негізігі құндылық деп
жариялап, Шәкәрім «ар білімі» деп атаған этиканы ғылымдардың ішінде
бірінші орынға қойды. Бұл туралы әлемде көп айтылып-жазылып
жүрумен шектелмей, нақтылы істер де жүзеге асуда. Мысалы, бұрын әр
түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне, тауар өндіруге байланысты
салыстырулар етек жайса, соңғы жылдары БҰҰ мемлекеттерді адамдық
даму индексі бойынша сараптайды.
Республикада адамгершілік мәдениетін дамыту бағытында аз істер
істеліп жатқан жоқ. Бұл ретте жас қауымды халықтың дәстүрлік
адамгершілік нормаларына, ұстанымдарына, ережелеріне үйлесімді
тәрбиелеумен қатар, қазіргі заман талаптарына сәйкес өркениетті елдерде
басты назар аударылатын этикет ережелерін де білуге және күнделікті
өмірде орындауға құмарту қажет.
Адамгершілік мәдениетін қалыптастырғанда әдептің құқықпен
жақын екендігін, қоғамда тәртіп пен заңдылықты реттейтіндігін естен
шығармаған жөн. Келеңсіз көрініс рушылдыққа қайтып келсек, оның
271
коррупция, таныстық, енжарлық, өктемдікпен байланысты екендігін
байқауға болады.
Қазақстандағы бұрынғы қоғамнан қалған адамгершілікке жатпайтын
әлеуметтік типтерге «пысықтар» мен «шолақ белсенділер» жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |