11.2. Социалистік жүйе және қазақ мәдениеті
Социалистік құрылыстың теріс әсерлері, әсіресе, қазақы әдеп пен
мінез-құлық жүйесіне тиді. Ұлан-ғайыр, кең-байтақ жерді иеленіп келген
қазақ табиғатынан батыр мінезді, бостандық пен еркіндікті қастерлеген
қайсар халық еді. Бірақ 270 жылға созылған тәуелділік жылқы мінезді
228
халықты момын, қой мінездіге айналдыра бастады. «Жаман үйді қонағы
билейдінің», «Есіктен кіріп, төр менікінің» күйіне түсе бастады.
Озбырлық саясат нәтижесінде халқымыз құнарлы, сулы, нулы жерлерінен
шөл, шөлейт жерлерге ығыстырылды, тек мал бағумен күн кешкен елге
күн көрудің өзі қиын болды. Бұрын «у ішсең-руыңмен», «ағайынның аты
озғанша-ауылдастың тайы озсың» деп, елдік пен бірлікті мұрат еткен
қазақтардың арасында өзімшілдік, дарашылдық өріс алды. Кейбіреу ақты-
қара, қараны-ақ деп бірінің үстінен бірі арыз жазса, басқалары бастықтың
алдында майлы қасықтай құрша жорғалап, жылпылдаған жағымсыз
қылықты бойына дарытты. Шолақ белсенділер, «пысықтар», «шаш ал
десе, бас алуға» дайын тұратындар пайда болды. «Адам адамға дос,
бауыр», «Барлық адам тең құқықты» деп ұрандатқанымен, қолында билігі
барлардың
арасында
екіжүзділік,
озбырлық,
тамыр-таныстық,
жүгенсіздік, парақорлық өріс алды. «Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен
жоғары» деген ұран адам бостандығына нұқсан келтірді, «қуыршақ-
адамдарды» көбейтті. Әкімшіл-әміршіл жүйе «ескінің қалдықтарымен
күресуді» желеу етіп, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани
мұрасын жойып жіберуге барынша тырысты. «Малым-жанымның
садағасы, жаным-арымның садағасы» деп келген халықтың ішінен сан
мыңдаған мәңгүрттер шықты.
Большевиктер орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының
(Ресейдің басқа халықтарының да) азаттық алу, мәдени өркендеу
мүмкіндіктерін құлдыратып жіберді. XX ғ. ең сұмдық қылмыстардың бірі
Кеңес Одағында жасалды. Тоталитарлық жүйе өз халқына қырғын салып
(геноцид), оның этно-мәдени тұтастануына орасан зиян келтірді.
Адамзаттың бүкіл тарихында ешбір саяси өзгеріс нақ осындай сүргінге
әкелген жоқ. XX ғ. екі социалистік эксперимент (фашистік ұлттық-
социализм және коммунизм) 100 миллионнан астам адамды қырды.
Этнобірігу және мәдени эволюцияны бекерге шығаратын большевиктік
идеология мен практика бұрынғы Ресей империясы топырағындағы
халықтардың ғасырлар бойы жинақталған мәдени құндылықтарын талан-
таражға салды. Бұл, әсіресе, қазақ тағдырынан анық көрінеді.
Ұлттық-мәдени
тұтастануға
кеселін
тигізген
төмендегідей
большевиктік тәжірибелерді атап өтейік:
Белгілі
демограф Мақаш Тәтімовтың есептеуі бойынша,
тоталитарлық жүйе кезінде қазақтар шетелдерге біржолата көшіп
кеткендерін қоса санағанда 4,5 миллион адамынан айырылған, яғни бүкіл
халқының үштен екісін жоғалтқан. «Пайыздық қатынаста,-дейді М.
Тәтімов,-Қазақстан қасіреті Батыс Армения қасіретінен, Еуропадағы
фашизмнің еврейлерді жоюынан, Камбоджадағы зұлматтан да асып
түсті». (Демографиялық кескін.-«Қазақ», 66-67 бб.).
Этномәдени экспанция. Патшалык Ресей империясы бастаған
миграциялық саясатты Кеңес өкіметі де дәйекті жүргізді. Геноцид
нәтижесінде қаңырап бос қалған кең дала келімсектермен толтырылды.
229
XIX ғ. ортасында өз жерінде 92%-ын құраған жергілікті ұлт өкілдері 1959
жылғы санақ бойынша 29%-ға дейін төмендеді. Мұның өзі 1916 жылғы
қырғынның, азамат соғысының, Ф. Голощекин жүргізген «Кіші Октябрь»
саясатының, 30-жылдардағы аштықтың, тың және тыңайған жерлерді
игеруге сырттан жүз мыңдаған бөгделердің келуінің салдары екені
белгілі. Этномәдени экспанция: «феодализмнен социализмге бірден
секіру» үшін аймақты индустрияландыру қажет, ал бұрынғы көшпелілер
техникаға жетік емес, сондықтан орталық аудандардан кәсібилерді
шақыру керек дегенді желеу еткен. Мигранттардың көптеп көшіп келуі
қазақтардың дәстүрлі мәдениетін шайқалтып, оның өрісін тарылтты.
Әрине, этномәдени экспанцияның жағымды жақтары да болды (білімділік
деңгейінің көтерілуі, экономикалық даму, мәдени диалог т.б.). Алайда,
таразының екі басы тең емес еді.
Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи
ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Erep бұрынғы
қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық
жүйеде ұлттық негіздерді жойып жіберуге бағытталған большевиктік
шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын
болмаған адамдардың жоғары бірлестігі-кеңес халқы», сондай-ақ,
«мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет»
ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани
мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты
Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер
марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды.
Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық
болып табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз шығармашылығында
нақтылы ұлттық көкейкесті мәселелерді көтереді; қандай абстрактылы
шығарма болғанымен, оның тамыры этностық фольклордан, халықтық
педагогика, этика, дүниетанымнан нәр алады. Жоғарыдағы «социалистік»
мазмұнды көмкерген ұлттык форманы Сталин тек тілге әкеп тіреген.
Олай болса, өз ұлтының тарих-талғамын орыс тілінде жазған III.
Айтматов пен О. Сүлейменовты қалайша ұлттық мәдениеттен
аластаймыз. Әдеби тілден басқа әр этностың өзіндік рәміздері, таңбалары,
музыка, театр, көркемөнер тілі бар.
Әр этностың төлтума мәдениетіне үлкен нұқсан келтірген
большевиктік «тәжірибелердің» бірі-ұлтаралық некелесуді дәріптеу.
Әрине,
табиғи-тарихи
жағдайларда
бұл-прогрессивті
процесс,
дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу ағынының бір бұлағы. Әр түрлі
этностардың, тіпті нәсілдердің араласуы нәтижесінде қазіргі әлемде
көрнекті рөл атқаратын американдар, бразилиялықтар, мексикандар,
үнділер сияқты халықтар қалыптасты. Этнобиологиялық жөне
этноинтеграциялық тұтастануды оқшаулану деп түсінудің ауылы
ақиқаттан алыс.
230
Алайда, Кеңес Одағында бұл үдеріс өктемділікпен жүргізіліп,
империядағы басқа халықтарды орыстандыру саясатында өтгі. Саяси-
идеологиялық
ұрандардың
желеуімен
200-ден
астам
этностар
араластырылып жіберілді. «Нәтижесінде жүзге тарта төлтума мәдениет
мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын
тартты. Осынау жойқын да жойдасыз қасіретгің орнында мындаған
жылдар бойы қалыптаскан төлтума мәдениетін әбден таптап, химералық
күйге жеткен 300 миллион тобыр қалды; басқа ұлтпен некелескен 60
миллион дүбара қалды; 60 мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге
алынғаны ғана); абақтының тұрақты тұрғындарының саны 20 миллионға
жетті» (Тарақты А. Ауызша тарихнама.-«Қазақ», 36 б.). Шын мәнінде,
Кеңес Одағы маргиналдар қоғамына айналды.
Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында
мемлекеттік саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы,
1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт»,
«Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты
эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды.
Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі-домбыраны
феодализмге апарып тіркеу.
Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясаты тек
кеңестік ұлттарды «тазалаумен» шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік
мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия
дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі «темір
пердемен» қоршалып қойылған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет
дәріптелді; бүкіл Батыс-буржуазиялық, ал Шығыс-ескішіл феодалдық деп
жарияланды. Мұның бір дәлелі-Отан соғысынан кейін сталинизмнің
жүргізген шаралары. «Космополиттік мәдениет», «империализм
ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына кибернетика, генетика, тілтану
т.б. қойылды.
Қорытып айтқанда, большевиктік «мәдени революция» Жер
шарының 6-дан бір бөлігінде «кеңестік адам» атты, бұрын-соңды
болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Бұл
туралы Шыңғыс Айтматов шеберлікпен суреттеген мәңгүрт бейнесін еске
алайық. Тарихи дәстүрден мүлдем айырылған мәңгүрттер қаптап кетті.
Бір ғасырға жуық созылған бүкіл осы кезенді тек қара бояумен
суреттеуден аулақпыз. Қазақстанда кеңес өкіметі жылдарында мәдени
салада едәуір жетістіктер де болды. Партия саясатын түсіну үшін елге
«көзі ашық», сауатты азаматтар керек еді. Ресей сияқты бұрын негізінен
сауатсыз империяда халыққа білім беру жүйесі бірталай табыстарға жетті.
Әрбір одақтық республика өз Ғылым Академияларына, мемлекеттік
университеттеріне, институттарына ие болды. Жоғары басқару жүйелері
негізінен орыстарға сүйенгенімен, «жергілікті ұлт өкілдеріне» де мұқтаж
еді. Оларды даярлау Ресейдің орталық аудандарында жүргізілді. Мұның
231
нәтижесінде көптеген ұлт өкілдерінің еуропалық мәдениет және білімге
қолдары жетті.
Баспасөз, газет-журналдар шығару, радио хабарларын тарату,
теледидар, кезінде «от арба», «сиқырлы машина» деп жүретін ауыл
тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық
опера, балет, драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ
бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна
жұлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов
т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра
білді.
XIX ғ. ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес
өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин,
Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев
сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі
идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың
көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді.
Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге
бағытталған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ эпосының
негізінде көрермендерге ұсынылған «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан»,
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қалқаман-Мамыр» сияқты
опера, көркем фильм, балеттерді атап өтуге болады. Тарихи
ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету мақсаттарында
республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда
республикада 47 мұражай, оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи-
мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей
жұмыс істеді.
Алайда тоталитарлық жүйе Қазақстан халықтарының мәдени
толысуына ынталы емес еді. Мұны, әсіресе, мәдениеттің өзегі тіл мен
дінге байланысты жүргізілген саясаттан көруге болады. «Феодализм мен
алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен күресуді» желеу еткен
Орталық 20-жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін тәркілеп, діни
өкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары алдымен латын,
кейін славян алфавитіне көшірілді. 1927-1928 жж. билер соты жойылып,
дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. Мәдениеттің таза
партиялылығын жоғарыдан бақылаушы ұйымдар қатты қадағалап
отырды. Баслит (цензура) мен Басрепертком баспасөз бен театрларда
социализм идеяларына сәйкес келмейтін шығармаларға тыйым салды.
Социалистік мәдениеттің басты кемшілігіне жүйеорталықтық
ұстанымды қолдау жатады. Яғни, қоғам мүддесі жеке адам мүддесінен
жоғары қойылады. Бұл жүйеде адам құқықтары кейін шегіндіріледі. В.И.
Ленин айтқандай, жалғыз моральдық критерий коммунизм үшін күрес
болып табылады. Бұл иезуитшілдіктің жаңа түріне әкеледі. Мақсат
барлық құралдарды ақтауға себеп бола алады. Социалистік әдептің
мәдени негізінде теріс таңбалы сенім мен наным жатыр. Бұл жүйеде
232
жазылған заң құдай сөзі іспеттес болып келеді. Дүние күйіп кетсе де
нұсқау-инструкция
орындалуы
қажет.
Сөз
жүзінде
құдайды
терістегенімен, социалистік жүйеде діннің барлық белгілері болды
(пайғамбарлар, рухани көсемдер, идеологияны жүзеге асырушылар т.т.).
Әрине, бұл заманда қазақ мәдениеті таза құлдырау жағдайында
болды деу cыңаржақтылық болар еді. Жалпы сауаттылықтың артуы,
қалалардың өсуі, орыс тілі арқылы әлемдік рухани мұрамен таныса бастау
әмбебап әдептілік жүйесін қалыптастыра бастады. Қазақстанда кәсіби
философтарды дайындау ісі де жүргізілді. Бұл қазақ этикасын зерделеген
кәсіби мамандардың пайда болуына оң ықпалын тигізді. Қазақстан
әдептанушылары мораль философиясы және қазақ этикасының тарихы
мәселелерімен шұғылданды.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды енгізу мен
азаматтық-құқықтық қоғам құру міндеттеріне байланысты кәсіптік
этикалық алғашқы зерттеулер жарияланды. Бұл еңбектерде еліміздегі
моральдық ахуалға ғылыми талдау беріліп, өтпелі қоғамға тән
ауытқушыл қылықтың өрістеп кетуінің себептері мен халықтың әдеп
мәдениетін жоғары деңгейге көтерудің жолдары қарастырылды.
Азаматтық қоғам бірден жеке меншік институтының дамуы және
индивидтер мүдделерінің өзара әрекеттері нәтижесінде қалыптаспайды.
Субъективтік сипаттамаларды қабылдауға себебін тигізетін, меншік
формаларының
жеке
тұлға
құқықтары
мен
еркіндіктерінің
либерализациясы қоғамның демократиялық жаңғыруының негізгі
факторлары болып табылмайды, адамгершілік қатардағы факторлар одан
да мәнділеу. Шынында да, оның негізінде экономикалық еркіндік пен
азаматтардың іскерлік белсенділігі жататын нарық жүйесі, рухани
мәдениеттің шектеуші күшінсіз, қоғамдық өмірді «бәрінің бәріне қарсы
күресіне» айналдырып жіберуі мүмкін. «Құқықтық қоғам» деп аталатын,
шындығында бәрі үшін ортақ мақсат, жалпыадамдық, корпоративтік және
жеке мүдделер мен құндылықтардың үйлесуін жақтайтын, мәдениеттің
дүниетанымдық қағидаттарына негізделген адамгершілік ұстанымдары
арқылы «тұрақтанып» тұр. Тұтас халық пен дәуірдің құндылықтарын
ашып көрсететін, адамгершілік әбмебаптары қоғамдық пен адамдықтың
үйлесуінде құрастырылған.
Кеңес Одағы кезіндегі әдеп ахуалын тікелей қарастырудан бұрын
тоталитарлық қоғамның моральдық негіздеріне қысқаша тоқталып өтейік.
Бірішіден, адамзат тарихындағы барлық қоғамдарды қауымдасу негіздері
бойынша екі түрге (ынтымақтастықтың келісімді тәртібі және күш
көрсетуге сүйенетін тәртіп) бөлуге болады. Егер біріншісін-
тұлғаорталықтық қоғам десек, екіншісі-жүйеорталықтық әлеуметтік
құрылымға жатады. екішісіне жасандылық тән, сондықтан оны
«құрылыс» (үлгі бойынша жасалған) деп атайды. Осы жүйеорталықтық
әлеуметтік қауымдасудың қисынды шегіне жеткен түрін тоталитаризм
деп атайды. Фашистік тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаушылардың
233
бірі Б. Муссолини оған мынадай сипаттама береді: «Бәрі мемлекет үшін,
мемлекеттен өзге және қарсы ештеңе болмауы керек», тоталитаризмнің
Ресей большевиктері жүзеге асырған сталинистік партия-мемлекет үлгісі
жеке адам түгіл бүкіл қоғамнан жатсынған және қоғамды басып тастаған.
Көпшілік әдебиетте кеңестік тоталитаризм мен К. Маркс ұсынған
«Қоғамды коллективистік рухта қайта құру» феномендері жиі
шатастырылады. Бұл К. Маркс еңбектерімен сырттай таныс болудан
шығады. К. Маркс өзінің «1844 жылғы экономикалық және
философиялық қолжазбаларында» қоғамдық дамудың мақсаты «еркін
индивидуалдық»
деген
және
коллективті
жан-жақты
дамыған
индивидтердің ассоциацияланған бірлестігі деп түсіндірген. Неміс
ойшылы «тұрпайы коммунизмді» қатал сынға алған. Әрине, марксизм
классиктерінде дара адамдардың қауымдасуының орнына тап күресін,
пролетариат диктатурасын ұсыну сияқты қазіргі заман тұрғысынан теріс
пікірлер де кездеседі. Большевиктер орта ғасырлардағы схоластар
Аристотельге қалай қараса, Маркс мұрасына да солай қарады. Жасампаз
идеялар жасырылып, конъюктуралық ұстанымдар бірінші қатарға
қойылды. Осы себепті ресейлік марксизм шегіне жеткен антигуманизмге
(Альтюссер) айналды. Қазіргі телесериалдарға ұқсас айтқанда, Ресейде
мутацияға
ұшыраған
марксизм
жеңіп
шықты.
Пролетариат
диктатурасының атын жамылған партия көсемдері мен бюрократиясының
диктатурасы өмірге келді. Кейін бұл жүйе әлем халқының үштен бірін
қамтыды және бекерден бекер ол «лагерь» деп аталған жоқ. Лагерьде
моральдық еркіндік пен ынтымақтасқан қауым туралы сөз қозғау артық.
Коммунада бәрі араның ұясындағыдай: аналық ара, жұмысшы-
солдаттар, қуылған және аластатылған дарашылдар. «Коллектив мүддесі
жеке адам мүддесінен жоғары қойылады» және ауыстырылмайтын адам
болмайды. Сталинге жазған хатында Ф. Раскольников «Сіз адамды жек
көретін социализмді жақтайсыз» деген екен. Тек бір ғана адам еркін бола
алады. Ол-харизматикалық көсем. Шын мағынасында ол-Әзәзіл. Жеке
адам мемлекеттік машинаның тетігі ғана. Ең жақсы мінездеме-
«революция солдаты».
Тоталитарлық қоғамдағы адамдық даралықтың шектелуі Кеңес
Одағында қатал бақылауға қарамастан жеке дара тұлғалар қатарынан
наразылық тудырып, қарсылық қозғалысын дүниеге әкелді. Олардың
арасында зиялы қауымның еркін ойларын, катокомбалық өнер мен
тұлғааралық
қарым-қатынаста
өрістеген
саяси
анекдоттарды,
диссиденттер әрекеттерін атап өтуге болады.
Тоталитарлық құрылыс идеологтарының терминін қолдансақ, онда
адам үшін күрес «мәдениет майданында» да жүріп жатты. Социалистік
қоғамда ресми функционерлер («шолақ белсенділер») мәдениетті
идеологиялық құбылыс деп түсініп, абстракты «коммунистік тұлға»
дегенді тәрбиелеу құралы ретінде насихаттады. Мәдени қаһармандар
«ақ» пен «қызыл» саяси жіктемесі бойынша «үстем тап өкілдері» мен
234
«еңбекшілер мүдделерін қорғаушылар» болып жасанды екі топқа бөлінді.
50-і жылдардың ортасына дейін Абайды бейнелеудің өзі патриархалды-
феодалдық тұлға деңгейінен шықпай қалды. Дегуманизацияға ұшыраған
социалистік қауымды сол себепті «тарихи қателік» деп бағалаудың негізі
бар.
Енді тоталитарлық қоғамдағы қазақ мәдениетіне тікелей көшсек,
онда мынадай үрдістерге назар аударған жөн:
- Кеңес Одағының басқа да халықтарындағы сияқты қазақтың
төлтума мәдениетіндегі дәстүрлі әдептің ғасырлар бойы қалыптасқан
тетіктері шайқалып, аномиялық жағдай мен тұлғасыздандырылу өрістеді.
Қ. Әбішевтің тілімен айтқанда, қазақтың мәдениеті жат болмыста әрекет
етті.
- Тоталитарлық қоғамдағы дәстүрлі қауымдасу мен даралану
нормаларын өзгерту күш көрсету мен жасанды схемалардың тар
шеңберлері арқылы жүргізілді. Осы жөнінде Елбасының «Тарих
толқынында» атты кітабында мынадай ой айтылады: «Олардың түпкі
негізінде кез келген тоталитарлық доктринаның жан түршіктіретін табиғи
және тарихи кінараты – адамның жеке басы мен адамдар қауымының кез
келген жоспар бойынша оңдауға да жондауға да бола береді дейтін
түсінік жатады. Өзгені былай қойғанда, мыңдаған жылдар бойы
жинақталған қазынаны тас-талқан қылып қиратып, «жасаймыз жаңа
дүние» дейтін тоталитаризмнің ең танымал гимнінің өзі-ақ осыған айқын
дәлел» (Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында.-Алматы: Атамұра, 1999.-65
б.).
- Тоталитаризм дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан қазақ адамын
«Мен» дегізерлік әдептік қасиеттерінің тарихи құндылықтарына
(еркіндік, азаттық, қонақжайлылық, мәмілелік, тәубешілдік, қауымдық
ынтымақтастық, үлкенді сыйлау, т.т.) орасан зор нұқсан келтірді. Әдептік
сана әлеуметтік-таптық санамен ауыстырылды. Халық ғасырлар бойы
құрмет тұтып келген хандар, билер, шонжарлар, батырлар, діни әулиелер,
т.т. (Абылай, Кенесары, Алаша хан, Жәнібек хан, Қасым хан, Қазыбек
би, Төле би, Айтеке би, Ясауи, Қорқыт т.б.) нигилистік деструкцияға
ұшырады. Елбасы кітабынан осы туралы тағы бір үзінді келтірейік:
«Тоталитаризмнің өзге бір «тамаша формуласы»-ұлттық сананы
әлеуметтік-топтық санамен алмастыру. Сонда ұлттық сананы тастай қып
бекітетін ұйытқыны қалай ірітпек керек? Мұның бірден-бір тәсілі-ұлттық
тұтастықтың орнына топтасқан тобырды әкеліп қою. Жағдайдың насырға
шапқандығы сондай, осы күнгі баз біреулердің өзі ата-тегін «заңгердің
баласынан» бермен қарай тартатынын еске түсіретін еді. Ұлттық сана-
сезімді талқандаудың қосымша тетіктері ретінде неше түрлі мифтер мен
жағымсыз үлгі өнегелер іске қосылды» (Назарбаев Н. Ә. Тарих
толқынында.-Алматы: Атамұра, 1999.-65 б.).
Тоталитаризм уақытында қазақтың тек әдептік қауымдасу негіздері
ғана емес, оған қоса кісілік даралану типтері мен мендік сана-сезімінде
235
теріс қылықтар көбейіп кетті. Мемлекеттік «казармада» адамның тектілігі
оның шыққан әлеуметтік тобымен айқындалады. Анкеталарда «әке-
шешем жұмысшы болды» деп жазуға көп адамдар ынталанған.
Тоталитарлық қоғамдағы мәдениеттің органикалық формаларының
бұзылуы туралы көп дәлелдер мен деректер келтіруге болады. Алайда
жағдайды қара бояумен суреттей беру де сыңаржақтылыққа жатады.
Жоғарыда аталып өткендей, тоталитаризм «қазақ адамын» мүлдем өз
ыңғайына көндіріп, орындаушы мәңгүртке айналдыра алмады. Осыған
дәлелдер мен мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Қатал сынға ұшыраған қазақтың әдептік-мәдени құрылымдары
(қауымдық және тұлғалық деңгейде де) өзіне тән ынтымақтастық, кісілік
пен сұхбатшылдық құндылықтарын сақтап қалды. Оны бірнеше
себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден, Қазақстанда индустрализация жүргізіліп, қалалардағы
тұрғындардың саны артқанымен қазақтардың басым көпшілігі ауыл-
селода қоныстанды. Нақтылы тарихи жағдайда, осы кеңестік 70 жылдың
ішінде қазақтың төлтума мәдениеті ауыл-селоларда өз бітімін сақтай
алды, маргиналдыққа кем ұшырады, дүбаралық қатынастар аздау болды.
Қысқаша айтқанда, ауыл тоталитарлық қоғамда да қазақ мәдениеті үшін
ұйытқы болды. Қазіргі қазақ зиялыларының басым көпшілігі ауылдан
шыққандар.
Екіншіден, Кеңес Одағында жүргізілген мәдени революцияның
жағымды жақтары да болды. Жалпы сауаттылықтың қалыптасуы мен
білім-ғылым ордаларының ашылуы, ұлттық кадрларды дайындау
қоғамның мәдени деңгейін көтерді. Көзі ашық қазақ зиялылары
тоталитарлық бақылау жағдайының өзінде қазақтың әлеуметтік
мәдениетін жетілдіруге үлкен қызмет атқарды. Мысалы Қ. Кемеңгерұлы:
«Бұқарашыл орыс қиялиларының жеке дара ұстаған жалпы бақыт-
махаббатына көтермеші болмай, таза Жапония жолымен жүріп, бірлік-
берекеден айырылмай, ұлтшылдықты сақтау керек»,-деді. Тағы бір
ескеретін жәйт: коммунистер өзінің Батысқа қарсы текетіресінде
Шығысқа иек артқысы келді. Қазақ зиялылары осы ұстанымды
пайдаланып, жалпы Шығыстың (соның ішінде-қазақтың) азаттығын
армандады. Мысалы, кейбіреулер «кеңесші» деп атайтын Сәкен
Сейфуллиннің өзі-«Күн Шығыстан атады!» деді.
Достарыңызбен бөлісу: |