Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет131/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

5. Зар заман ақындары. Дәстүрлі қазақ қоғамы 
құндылықтарының өзгеруі, отаршылдық езгінің 
күшеюі, халықтың қатты күйзелуі тұсында өмір 
сүрген ұлт қайраткерлері зар заман ақындары ретінде 
танылды. Зар заман ақындарының өлең-жырларында 
Ресей империясының отаршылдық озбырлығы мен 
сұрқия саясаты жан-жақты суреттелді. 
ХIХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы поэзияның 
жарқын өкiлдерi қатарына 
Дулат Бабатайұлын
Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңке ұлын қосуға 
болады. Бұлар «зар заман» дәуiрiнiң ақындары атал-
ды. Олардың поэзиясының не гiзгi сарыны өткен 
заманды, қазақ халқының бұрынғы ерлiк iстерi 
мен аңызға айналған өмiрiн аңсау, жаңа заманның 
зар даптарын сы нау болды. Шығармалары салт-дәстүрлерді бұзылмаған 
қалпында сақтауға шақырады. Ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға 
үндейді. Зар заман ақындары қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып 
«Зар заман» өкілдерінің 
қоғамдық-саяси көзқа-
растары қандай фактор-
лардың әсерінен қалып-
тасты?
ізден!
Дулат Бабатайұлы-
ның жырларында 
Ресей империя-
сының отаршыл-
шылдық озбырлығы 
қалай суреттеледі?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


156
алып, ұрпағын аздыру, діннен аулақтату секілді империялық пиғылға 
қарсы тұрды. Ақындардың барлық қабілеті ел-жұртының санасын оятуға 
жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зомбылықты алдын ала ескертті. 
Зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді.
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» деген өлеңiнде Ресейдiң Қазақстан ды 
жаулап алуы мен отарлауы кезiндегi қазақ хал қының ауыр жағ дайын 
шынайы суреттейдi:
«Едiлдi тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысының болғаны. 
Маңғыстауда үш түбек 
Оны-дағы алғаны. 
Үргенiш пен Бұхарға
Арбасын сүйреп барғаны –
Қоныстың бар ма қалғаны?!
Мал мен басты есептеп, 
Баланың санын алғаны – 
Аңғарсаңыз жiгiттер, 
Замананы тағы да –
Бiр қырсықтың шалғаны!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет