Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Омбыда оқуда болған жылдары. 1847



Pdf көрінісі
бет150/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

2. Омбыда оқуда болған жылдары. 1847 жылы Шоқан Омбы кадет
корпусына оқуға түстi. Бұл оқу орны Сiбiрдегi жоғары бiлiктi мұ ғалiмдер 
жинақталған, таңдаулы оқу орындарының бiрi болатын. Шо қан алғашқы 
жылдан өзiнiң оқуға қабiлетi мен бейiмдiлiгiн танытты. Ол әскери 
пәндердi, сондай-ақ жалпы білім беретін басқа да пәндерді және шет 
тілдерін зор ынта қо йып, құмарта оқыды. Осында жүрiп те шығыс тiлдерi 
саласындағы бi лiмiн елеулi түрде тереңдете түстi. Ол орыс тiлiн тамаша 
меңгердi. Қо сымша әде би еттердi көп оқыды. Кадет корпусының басшы-
лары оған болашақтағы зерттеушi-шығыстанушы ре тiнде қарай бас та ды. 
Омбыда Шоқан география, шығыстану, философия, тарих жайын дағы 
басылымдардан бай кiтапхана құрап алды. Омбыда болған кезiнде орыс 
зиялыларымен байланыста болуы Шо қанға оң әсер еттi.
Кадет корпусында Шоқанмен бiрге оқыған С. Я. Капустин ол ту ралы: 
«Шоқан көрiктi, аса сымбатты болды... бет әлпетi оның қа йырымдылығы 
мен бекзаттығын айқын танытып тұратын. Шоқан өз кезеңiнiң жан-
жақты, аса терең бiлiмдi адамы болды. Әсiресе оның та рихи бiлiмi 
Аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов қазақтың игi жақсыларымен бiрге
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


177
зор болды және ғылым мен әдебиет саласында да зор бiлiмдiлiгiмен 
ерекшеленетiн. Шоқан өз ойын бейнелеп, тартымды жеткiзе бiлетiн 
асқан шешен бола тын», – деп жазды. 
Шоқан кадет корпусында белгiлi ғалым, географ 
және Азияны зерт теушi Г.Н. Потанинмен бiрге оқып, 
достасып кеттi.
Шоқан аса көрнектi орыс және шетел ақындары 
мен жазушыла ры А. Пушкиннiң, М. Лермонтовтің, 
Н. Гогольдiң, Ч. Диккенстiң жә не басқалардың шығармаларын зор 
сүйiспеншiлiкпен қызыға оқыды. 
Шоқан кадет корпусын 
корнет шенiмен бiтiр ген нен кейiн Сi бiр 
казак әскерiне қызметке жiберiледi. Көп ұзамай Ба тыс Сiбiр гене рал-
губернаторының адъютанты болып тағайын дал ды. Қызмет орнында Шо -
қан Сiбiрдiң отаршыл шенеуніктерімен бетпе-бет келiп, өкiметтiң заң сыз 
әрекеттерiне қат ты кү йiндi. Өкi мет орын дарының озбырлығы жайлы дос тары 
Ф.М. До с тоевскийге, А.Н. Май ковқа, К.К. Гутковскийге, В.С. Ку роч кинге 
ызалы хат тар жазды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет