Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 дала өлкесiнде ауыл мектептерiнiң пайда болуы



Pdf көрінісі
бет147/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

5. дала өлкесiнде ауыл мектептерiнiң пайда болуы. Дала генерал-гу-
бернаторы Сухотин Ақмола және Се мей облыстарының әскери губернатор-
ларына орыс-қазақ мектеп терiн ашуға ұсыныс жасады. Алғашқыда бұл 
идеяға қазақтар сақтықпен қарады. Балаларын орыстандырумен қатар, 
шоқындырып жiбередi деп қауiптендi. Қазақтың және бiр қорыққан 
жағдайы – орыс-қазақ мектептерi арқылы балаларды орыс шаруаларына
айналдырып жiберер, содан соң әскер қатарында мiндеттi қызмет атқаруға 
мәжбүр етер деп үрейленді.
Сондықтан Ақмола облысындағы Халық училищесiнiң директоры
А. Е. Алекторов ел арасында жаңа мектептердi ашудың мақсат-мiндеттерiн 
түсiндiрдi. Орыс-қазақ мектептерiнiң материалдық базасын қамтамасыз 
етуге баса назар аударды. Оқудың қазақтың ана тiлiнде жүргiзiлуi туралы 
айтты. Сонымен қатар ол қазақ өлкесiн шоқындыруға бағытталған дiни 
миссионерлiк қызметiн де белсендi түрде өрiстете түстi. Олардағы оқу 
мерзiмi екi жыл едi. Оқушылар қа зақ және орыс тiлдерiн, арифметиканы 
оқыды. Кейiнiрек ислам дiнiнiң негiздерiн оқытуға да рұқсат етiлдi. Бiрақ 
бұл ретте жұмсалатын қаржыны мұсылмандар өз қалталарынан тө леу ге 
тиiстi болды. Қазақ балалары оқу-білімге өте құштар болды. 
«Олар қандай 
мақтауға болса да лайықты, білімді тез меңгеріп алады, оқуға қа бі летті 
келеді», – деп жазды Ресей зерттеушісі Ф. Собысевич.
6. Шетелдерде білім алған қазақ жастары. «Алаш» қоз ға лысы қайрат-
керлерiнiң бiрi С. Сәдуақасовтың пiкiрi бойынша, Ақмола об лысының 
Омбы уезi Қазақстанның ең iрi ағартушы аймақтарының 
бiрi болды. Ал Омбы қаласы iс жүзiнде бүкiл Қазақстан 
үшiн ең әйгiлi бiлiм орталықтарының бiрiне айналды. 
1789 жылы Омбыда
Азия мектебi ашылды. Ол отар-
шыл аппарат үшiн шенеунiк кадрлар даярлаумен ай-
налысты. ХIХ ғасырдың бас ке зiнде қазақ ақсүйектерi өздерiнiң бала-
ларын Омбыдағы оқу орын дарына жiбере бастады. 1872 жылы Омбыда 
мұғалiмдер семи нариясы ашылды. Ол iс жүзiнде бүкiл Қазақстан үшiн 
мұғалiм кадр ларын даярлайтын орталыққа айналды. Онда бастауыш 
учили щелер үшiн мұғалiмдер даярланды.
Омбыда, сондай-ақ Көкшетау мен Ақмолада қазақ ба лалары үшiн 
сол жерде жатып оқитын интернаттар ашылды. Оларға жұм са ла тын 
шығынды қазақтар қайырымдылық көмек есебiнен өздерi тө лейтiн 
болды. Әр қазақ болысынан оқуға жылына 2 баладан жiберiп тұруға 
келiсiлдi.
Омбы қаласы оқу-
ағарту ісінде қандай 
рөл атқарды?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


172
1882 жылы Омбыда техникалық училище ашылды. 
Ол зауыттар мен фабрикалар үшiн, сондай-ақ көлiк 
саласындағы қызмет үшiн орта бiлiмдi басшы маман 
кадрлар даярлауға тиiстi болды. Омбы малдәрiгерлiк-
фельдшерлiк мектебiнде көптеген қазақ балалары 
оқы ды. 
ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас ке зiнде 
Омбының оқу орындарында қазақ халқының көрнектi өкiлдерi, мемлекет 
және қоғам қайраткерлерi Әлихан Бөкейхан, Айдархан Тұрлыбаев, Отын-
шы Әлжанов, Райымжан Мәрсеков, Ережеп Итбаев, Сейiлбек Жанайдаров, 
Асылбек, Мұратбек және Мұсылманбек Сейiтовтер, Мағжан Жұмабаев, 
Сәкен Сей фуллин, Қошке Кемең ге ров, Дiнше Әдiлов, Смағұл Сәдуақасов, 
Ғаб бас Тоғжанов, Жұмат Ша нин, Әбiлқайыр Досов, Бiрмұхамед Айбас-
ұлы, Әмiре Исин, Мұқан Әйтпенов, Көлбай Тоғысов, Нығмет Нұрмақов 
сияқты көптеген азамат тар оқып бiтiрiп шықты. Олардың бәрi де халық 
ағарту iсiне, Қазақ өлкесiндегi ұлттық-демократиялық қозғалысқа, сондай-
ақ туып-өскен өлкенi ғылыми тұрғыдан зерттеу ге лайықты үлес қосты. 
Басым көпшiлiгi кейiнiрек, Кеңес өкiметi кезiнде, саяси қуғын-сүргiнге 
ұшырады, атылып кеттi.
Бiрiншi орыс революциясының ықпалымен қазақтың ұлттық сана-сезiмi 
айтарлықтай түрде өстi. Неғұрлым алыстан болжап, көре бiлетiн қазақтар 
Қазанда оқитын қазақ жастары. 1896 жыл
ізден!
Қазан қаласында 
білім алған қазақ-
тарды анықта.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


173
өздерiнiң балаларын Ресей мен шетелдердiң орта 
және жоғары оқу орындарына оқуға жiберетiн бол-
ды. Олар бi лiм алуды өздерiнiң тапталып, аяққа 
басылып келген құқықтарын бұдан былайғы 
жерде сенiммен қорғаудың кепiлi деп бiлдi. Қазақ 
жас тары елеулi бөлiгiнiң заң факультеттерiн 
таңдауы тiптi де тегiн емес еді. ХIХ–ХХ ғасырлар 
тоғысында тек Қазан қаласы ның өзiнде ғана 
(императорлық Қазан университетiнде, Қазан малдә рiгерлiк институтында, 
Қазан мұғалiмдер семинариясында) 100-ге жуық қазақ жастары білім алды. 
Көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, 
Тарту, Каир, Бомбей, Стамбұл және Варшава университеттерiнде оқыды. 
Мәселен, Санкт-Пе тербург университетiнiң заң факультетiн 
М. Шоқай мен
А. Тұрлыба ев бiтiрiп шықты. Ал Ә. Бөкейхан Санкт-Петер бург Орман 
институтын
, С. Асфендияров Санкт-Петербург әскери ме дицина академия-
сын, 
А. Сейiтов Томск университетiнiң медицина факультетiн, Ж. Дос-
мұхамедов Тарту университетiнiң заң факуль те тiн, М. Ғабдолғазизов Каир 
университетiн, 
О. Тұрмағанбетов Бомбей университетiн, Х. Нұр жанов 
Киев университетiнiң заң факультетiн бi тiрдi. Басқа да көптеген қазақ 
студенттерi жоғары білім алды. 
ойлан!
Қазақ зиялылары ның 
бойында ұлт жан дылық 
қасиеттің шыңдалуына 
шетелде алған білімі 
қаншалықты әсер етті?
Қазақ жастарының Ресей империясы мен шетелдердің 
жоғары оқу орындарында оқыған қалалары
Қазан 
Санкт-Петербург 
Мәскеу 
Томск 
Саратов 
Киев 
Тарту 
Каир 
Бомбей 
Стамбұл 
Варшава
Қарқаралыдан түлеп ұшқан 
Дiнмұхамед Сұлтанғазин талантты 
студент болды. Ол Томск уни верситетiнiң медицина факультетiн, Санкт-
Петер бург уни верситетiнiң шығыстану және заң фа куль тетiн бiтiрiп 
шықты. Петербург әйелдер медицина инс титутын
Гүлсiм мен Мәриям 
Асфендияровалар бiтiрдi.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанды ғылыми тұрғыда 
зерттеу жұмысы қарқын алды. Қазақстанды зерттеумен орыс ғалымда- 
ры – П.П. Семенов-Тян-Шанский, В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ә. Диваев, 
А.И. Левшин, А.И. Добромыслов т.б. айналысты. Бұл салада шетелдіктер – 
ағылшындар мен немістер, француздар да (Т. Аткинсон, Ш.Е. Ужвальди 
де Мезе-Ковеез т.б.) елеулі із қалдырды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


174
Білімді қазақ жастарының тұтас бір тобы туған өлкесінің тарихы мен 
этнографиясын зерттеді. Атап айтқанда
 М. Шорманов, М.-С. Бабажанов 
және басқалар жемісті еңбек етті.
?
1. Жәңгiр хан қандай мә дени-ағарту жұмыс тарын жүргiздi? 2.Қосымша 
деректерді пайдалана отырып, шетелдерде білім алған өз өлкеңнің азаматтары 
туралы әңгіме дайындаңдар. 3. Шетел тілін білудің бүгінде маңызы қандай екені 
туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер. 4. Кестені толтырыңдар.
Қазақ жеріндегі оқу орындары
Ашылған жылы
Орналасқан жері
Білім беру бағыты
5. Қазақстанда білім беру, оқу-ағартушылық мекемелері қандай тұрғыда дамыды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет