Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Шоқан уәлихановтың ғылыми зерттеулерi



Pdf көрінісі
бет151/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

3. Шоқан уәлихановтың ғылыми зерттеулерi. Тамаша бiлiм алып 
шыққан жас ғалым түрлi ғылыми экспедицияларға белсене қатысты.
Бұл жөнiнде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қа-
зақ даласын және онымен шегаралас жатқан елдердiң аумағын, он-
дағы халықтардың тарихы мен жағдайын жақсы бiлетiн Шоқанға орыс 
зерттеушiлерi де қатты қызығып, оның көмегiне мұқтаж бо ла тын. 1855 
жылы Шоқан Батыс Сiбiр генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық 
Қазақстан, Тарбағатай мен Жетiсу жерiне жасаған сапарына қатысады. Бұл 
сапарда қарапайым халықтың өмiрiмен та нысып, қазақ пен қырғыздардың 
тарихи аңыз әңгiмелерi мен жырларын жа зып алды.
Ш. Уәлиханов аса көрнектi ғалым, белгiлi географ П.П. Семенов-Тян-
Шанскиймен танысты. Ол жас қа зақ ғалымның қабiлетiне шын ниетiмен 
сүйсiне қай ран қалды. 1857 жылы П.П. Семенов-Тян-Шанскийдiң ұсы-
нуымен Ш. Уәлиханов Орыс география лық қоғамының толық мүшелiгiне 
қа былданды. Шығыс Қазақстан мен Жетiсуға, қырғыз елiне жасаған са-
пары Шоқанның ғалым ре тiн дегi даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан 
Алатау қырғыздарына са пар шегiп, оның тарихын, 
этнография сын және халықтық поэзия сын зерттедi. 
Қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Ма-
нас ты» жазып алды.
1858–1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария 
сапарына барып келді. Шоқанға дейiн ол өлкеде 
бiрде-бiр зерттеушiнiң барып қайтуға сәтi түспеген 
Бағала
С.Я. Капустиннің пікі-
рімен келісесің бе?
анықта!
Шоқан Қашғарияға 
саяхат жасау бары-
сында қандай маңыз-
ды қадам жасады?
12–3467
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


178
едi. Немiс ғалымы Р. Шлагингвейттiң еуропа лықтар үшiн мүлде жабық 
өлкеге барып келмек болған сапары қай ғылы аяқталып, ол қатыгездiкпен 
өлiм жазасына душар болған-ды. Шо қан аса қиын құпия жағдайда өз 
өмiрiне қатер төндiре жүрiп, Қаш ғария өлкесiнiң тарихы, этнография-
сы, мәдениетi мен геология сы, географиялық жағдайы жайлы бұған 
дейiн мүлде белгiсiз аса құн ды деректер жинап келді. Соның негiзiнде 
«Алтышардың неме се Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кiшi Бұха-
раның) шығыста ғы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты ең-
бегiн жазды. Еңбектi Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеу шi 
ғалымдар жоғары бағалады.
Патша үкiметi жас ғалымның ғылыми ерлiк еңбегiне ерекше мән берді. 
1860 жылы Санкт-Петербургте орденмен марапатталып, әс кери шенi де 
жоғарылады. Оны орыс патшасы II Александрдiң өзi қабылдады. Осы кез-
десу кезiнде Шоқан патшаға орыс ше неу нiк терiнiң қазақ халқына жақсы 
қарауы жайлы өз өтiнiшiн батыл жеткiздi. Петербургте болған кезiнде 
әртүрлi әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс iстедi. Ол ре сейлiк 
шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың 
сиынатын нағыз 
пiрiне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның 
және Шығыс Түркiстанның карталарын жасау мен айна лысып, қажымай-
Шормановтар отбасы
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


179
талмай еңбек еттi. Шығыс елдерiнiң қол жазба ларын мұқият зерттеудi де 
жалғастырды. Оны Орыс географиялық қо ғамы Шығыс тарихы туралы 
дәрiстер оқуға шақы рып тұрды.
Алайда Петербургтің ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақ-
пады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға 
мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергiлiктi басқару iсiн 
қайта ұйымдастыру жөнiндегi шараларға қатысты. Оның негiзгi ойлары 
«Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың кө шi-қоны тура-
лы», «Сот реформасы туралы» жазбаларда баяндалады. 
1864 жылы Шоқан генерал Черняевтің Оңтүстiк 
Қазақстанға жа саған әскери экспедициясына қаты-
сады. Бiрақ әскери қызметi ұзақ қа созылмады, гене-
ралдың жергiлiктi халыққа шектен тыс қа тыгездiк 
жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркiмен 
кеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет