53
Қазақ шеберлері кілеммен қатар, алаша, сырмақ,
қоржындар да жасаған. Кілем төсеніш ретінде және
әсемдік үшін қолданылған.
XVIII ғасырдағы кілем тоқу ісі туралы көптеген
деректерді кездестіруге болады. Мәселен, Георги
қазақтардың киіз үйіндегі кілемдер туралы былай
көрсетеді:
«Үйге киіздер немесе кілемдер төселеді...»
Далалықтарда айтарлықтай дамыған кілем тоқу ісі
жайлы
А. гейнс:
«Қой жүнінен жасалған киізден бөлек, жіп те иіреді,
оларды түрлі түске бояп, ұзын маталар тоқиды; бұндай тоқымалар
кілем орнына, ал кейде күймелі арбаның, жолым үйдің қоршауын
даярлауға және онда шымылдық құруға қолданылады», – деп жазған.
Қыздар кішкентай кезінен бастап кілем тоқу өнерін үйренген. Әдетте
тоқылған кілемдер болашақта ұзатылатын қыздың жасауына қосылған.
Дәстүрлі қазақ қоғамында кілемдерді өте қажет кезде, қиын жағдайда ғана
сатылымға шығарған. Кілем даярлаудың өте күрделілігіне байланысты
асар жасалып отырған. Оның мәні кілем тоқитын үйдің иесі ауылдастар
мен туысқандарын көмекке шақырған. Олар іскер шебердің бақылауымен
кілем тоқыған. Бұл тек ұжымдасқан еңбек түрі ғана емес, сонымен
қатар өнердің осы түріне өзге әйелдерді әсіресе жастарды үйретудің әдісі
болатын.
Достарыңызбен бөлісу: