Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет3/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
Қымбатты оқушылар! Оқулықтың соңында берілген мазмұнымен 
мұқият танысып шы ғыңдар. Ол алты бөлiмнен тұ рады. Әр бөлiмнiң өзi 
бiрнеше тақырыпқа бөлiнген. Оқулықтың маз мұны ондағы материалды 
жүйелi, рет-ретiмен қалай оқып-үй ренуге болатынын көрсетедi.
Оқулықтағы жазбаша және әдеби дереккөздерден келтiрiлген үзiн-
дiлер мен суреттер, карталар, кестелер сендерге Қазақстанның жаңа 
тарихының басты оқиғалары туралы кеңірек бiлулерiңе көмектеседi. 
Оқулықтағы суреттер сендердiң сонау алысқа, өткен замандар қойнауына 
терең бойлауларыңа, сол бiр қызықты да қайталанбас дәуiр «тамырының 
қалай соққанын» сезiнулерiңе мүмкiндiк береді.
Әр тақырыптың соңында сұрақтар мен тапсырмалар келтірілген. 
Ол сұрақтарға дұрыс жауап берiп, тапсырмаларды сапалы орындап , сол 
тақырыптың материалдарын мейлiнше мұқият оқып шығу керек. Сұрақтар 
мен тапсырмалар сендердiң жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендерiңдi 
тексерiп көрулерiңе көмектеседi.
Тақырыптың мәтiнiн оқу кезiнде қара немесе курсив әрiп тер мен 
терiлген сөздердi кездестiресiңдер. Сендердiң ол сөздерге айрықша назар 
аударуларың керек. Қара әрiптермен терминдердiң маз мұнына, тарихи 
тұлғаларға берiлген түсiнiктердi әр тақырыптың соңынан таба аласыңдар. 
Сондай-ақ елеулi даталар да қара әрiптер мен терiлген. Мұның өзi сендердiң 
оларды есте сақтаула рың үшiн жасалған. 
Әр тақырыпқа сабақтың мақсаты берілген. Онымен тақырыпты оқуға 
кірісерден бұрын міндетті түрде танысуға тиіссіңдер. Бұл өткен тақырыптарды 
пысықтау үшiн жасалған. 
Әр тақырыптың соңында маңызды құжаттардан кезеңге қатысты 
үзiндiлер келтiрiлген. Сондықтан да оларды мiндеттi түрде оқып шы ғың-
дар. Құжаттың әр үзiндiсiнен кейiн бiрқатар сұрақтар берiлген. Сұрақтарға 
жауап іздеу, белгілі бір оқиғалар жайлы өзара пікір алмасу жыл бойына 
алған білімдеріңді одан әрі жетілдіре түсері сөзсіз. Мұның бәрi де сол 
тақырыпты неғұрлым тыңғылықты меңгерулерiң үшiн жа салып отыр. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


5
Оқулықтың соңында қайталаулар мен есте сақтау үшiн қажеттi материалдар 
бар. Сендердiң өткен тақырыптарды тағы бiр рет пысықтап шығып, ХVIII– 
ХІХ ғасырлардағы Қа зақстан тарихының негiзгi даталарын, аса маңызды 
деректер мен оқи ғаларды қайтадан еске түсiрулерiң қажет.
Оқулық материалдарын сапалы меңгеруге «Хрестоматия» да көп 
көмектесе алады. 
Бiз сендердiң жаңа тарихи бiлiммен сусындап, білімдеріңнің кеңейе 
түсуіне, табысқа жете берулерiңе тiлек бiлдiремiз!
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет