Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет5/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
2. Жоңғар мемлекетiнiң құрылуы. 1635 жылы Батыр 
қонтайшы бас таған Жоңғар хандығы құрылды. Ол Қа-
зақстанның оңтүстiк-шығыс жағында едi. 1640 жылы 
жоңғарлар «Да лалық жарғы» деген атпен әскери және 
азаматтық заңдар жинағын шығарды. Жоңғар лар дың 
бiрлiгi нығайды, әскери күш-қуаты арта түстi. Әскердегi 
тәртiп күшейтілді. Майдан алаңын тастап кеткендерге 
мал-мүлiктiк айып салынды. Сатқындар қатаң жазала-
нып, өлiм жазасына кесiлдi. Соғыс жағдайы кезiнде 
жоң ғарлардың әрбiр рулық тобы өте қысқа мерзiмнiң 
iшiнде жауынгерлiк бiрлiк күшіне айналып шыға келдi. 
Жоңғар хандығы жауынгерлерiнiң жалпы саны 100 мың-
ға дейiн жететiн қуатты атты әскер шығара алатын едi. 
Жоңғар әскерiнiң қатарында мылтықпен қаруланғандар 
да болды. ХVIII ғасырдағы немiс ғалымы И. Геор ги: 
«Олар мылтықтарын аттан түсiп ататын», – деп жазды.
Жоңғарлар соғысуға ма шықтанған едi. Оқ-дәрiнi селитра мен күкiрттен 
өздерi қолдан жа сап алатын. Олардың қолынан қылыш, сауыт, дулыға 
және бас қа қару-жарақ түр лерiн жасау да келетiн. ХVII 
ғасырдың аяғына қарай жоңғар ларда бiлтелi мылтық пай-
да болды. Жоңғарлар тiптi зеңбiрек жасау ды да үйренiп 
алды. Зеңбiрек құюды оларға тұтқын бо лып қолға түс-
кен швед Иоган Густав Ренат үйреттi. Жоңғарлар мен 
шегаралас жат қан мемлекеттердiң аумағында жүрiп, 
құпия ақпараттар жинау мен айналысатын тыңшылар жүйесi құрылды.
анықта!
Жоңғар мемле-
кетінің күшеюіне 
әсер еткен жағ-
дайлар.
анықта!
Иоган Густав Ре-
нат жоңғарларға 
қалай тұтқынға 
түсті? 
Сыртқы жаулар дың 
қазақ же рі не басып 
кіру інің себебі неде 
деп ойлай сыңдар?
8-беттегі картадан 
Қазақ стан аумағына 
кімдер қауіп төнді-
ріп тұрға нын көрсет. 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет