14
Канси (1654–1722) – Қытайдағы Цинь династиясы әулетiнiң екiншi императоры.
Цеван-рабтан (1663–1727) – жоңғар билеушiсi. Жоңғарлардың Қа зақ стан
аумағына жаппай баса-көктеп шабуылға шығуы соның атымен ты ғыз байланыс-
ты болды.
«Орта жүз қырғыздарына (қазақтарына. – авт.), жоңғарлардың Ертiс пен
Есiл өзендерi бойында көшiп-қонып жүрген уақ және керей (рулары ның),
Әбiлмәмбет пен Барақ сұлтандардың иелiгiндегi (жер лерге) 15 000 қолмен шабуыл
жасауы салдарынан ондағы қырғыздар (қазақтар) өздерi нiң мал-мүлкiн тастап,
Жайықтың (Оралдың) бойына көшiп кеттi. Қысқа қа рай қалмақтар мен башқұрттар
жағына өтпек ниетте болды. Ұлы мәр тебелi патшайымға шын берiлген қыр ғыз дар-
ды (қазақтарды) күйзелтiп, мал-мүлкiн талан-таражға салуына ешқандай да жол
бермеу туралы ал дын ала бұйрық берiлдi».
Крафт И. И. Далалық аймақтардағы қырғыздар (қазақтар) туралы заңдар
жинағы. СПб., 1901, 8-бет.
1. Қазақтардың Жайыққа қарай көшiп кетуіне қандай оқиғалар әсер еттi?
2. Жайыққа қоныс аударуға қазақтардың қандай топтары мәжбүр бол ды?
§3–4.
Бүгінгі сабағымызда қазақ халқының батырлық дәстүрі мен әскери әдет-
ғұрыптарын талдап, Қарақұм және Ордабасы құрылтайының халықты жоңғар
басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға береміз.
Достарыңызбен бөлісу: