Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет44/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   181
7. ұлттық ою-өрнек. Далалықтарда ең 
саны көп әрі кең таралғаны 
ұсақ мал еді. Сондықтан да көшпелілердің негізгі ою түрі қошқардың 
мүйізіне ұқсатылып «қошқармүйіз» аталуы тегін 
емес. Қазақтар әдемі ою-өрнекке ерекше мән бер-
ген. Ою-өрнек далалықтарда байлық пен еркіндікті, 
дербестікті және молшылықты білдіретін. 
Ою-өрнек кез келген бұйымдарға немесе тұрмыстық 
заттарға: ер-тоқым көрпешесіне, киімге, баскиімге, 
әйелдердің әшекейіне, аяқкиімге, ыдыс-аяққа, кілем, 
қоржындарға салынған. Музыкалық аспаптар, зер-
герлік бұйымдар, жиһаз, киіз үй жабдықтары, қару-
жарақтар, бесік пен сандық, қамшы т.б. тұрмыстық заттар өрнек термен 
безендірілген. 
Қазақ ою-өрнектерінде алуан түрлер мен сарындар: жан-жануарлар-
дың (зооморфты), космогониялық, өсімдіктің бейнесі, геометриялық т.б. 
нақыштар кездеседі. Аса кең таралған ою-өрнек түрлері: 
қошқармүйіз, 
түйемойын, мүйіз, қосмүйіз, сыңармүйіз т.б. Жануарларға байланысты 
қазмойын, өркеш, өрмекші және өсімдік тектес жапырақ, гүл қауыздары, 
үшжапырақ өрнек түрлері де кең таралған. 
анықта!
Қазақтың негізгі 
ою түрі неге 
қошқардың 
мүйізіне ұқсатылып 
жасалған?
Ою-өрнектердің алуан-
түрлілігі немен байла-
нысты деп ойлайсың? 
Өзің бір ою түрін жа-
сап, қай сарынға жата-
тынын, қалай аталаты-
ны туралы айт.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


54
Қазақ халқы ою-өрнек түсін таңдауға ерекше 
мән берген. Көк түс аспанның, қызыл – от пен 
күннің, ақ – тазалықтың, қуаныш пен бақыттың, 
сары – парасаттың, жасыл – көктемнің, жастықтың 
белгісі саналған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет