Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Күй – қазақ халқының музыкалық шығармасының бiр түрi. Тәтіғара



Pdf көрінісі
бет41/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   181
Күй – қазақ халқының музыкалық шығармасының бiр түрi.
Тәтіғара (1705–1780) – ақын-жырау. Олжабай, Бөгенбай батырлардың жоң ғар ға 
қарсы жорықтарына қатысып, олардың ерлік істерін мадақтаған. Жауынгерлер-
ді табандылыққа, төзімділікке үндеген толғаулар шығарған. 
«Татар казактары арасында Орфей табылып, бiзге қырғыз (қазақ) флей-
тасында ойнап бердi. Шығыңқы бөлiгi ойық келген, төмен қа рай тарыла 
түсетiн, жартысына дейiн қақпақпен жабылған екi шектi бұл музыкалық аспап 
лютнаға ұқсас келедi екен. Жылқының құйрық қы лы керiлген таяқшамен 
шектi ысқылағанда аққудың қиқуына ұқсас әуездi дыбыс шықты, аспаптың 
өзi де сыртқы түрi жағынан аққуды еске түсiредi». 
Паллас. Ресей империясының әртүрлi провинцияларына саяхат//Деректер 
мен құжаттар бойынша Қазақстанның өткен тарихы. 2-басылымы. Алматы, 
1967, 246-бет. 
Орыс зерттеушiсi Паллас қандай музыкалық аспапты суреттеген?
*
4–3467
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


50
§15–16.
Бүгінгі сабағымызда қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы қолданбалы өнерінің 
жетістіктерін бағалаймыз.
ХVІІІ ғАСырдАғы ҚАЗАҚТАрдың 
МАТЕриАлдыҚ МӘдЕНиЕТІ
Дәстүрлі қазақ қоғамында тұрмыстық заттардың көп бөлігін
киім-кешек, аяқкиім, әшекей бұйымдарды өздері қолдан жасайтын 
болған. Кең көлемде малшаруашылығымен айналысу көшпелі қауымды 
аса қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етті.
1. ұлы дала тұрғындарының шаруашылығы мен 
үй кәсібі. Далалықтар үшін малдың орны ерекше. Ол 
көлік, азық, үй әбзелдері, киім, аяқкиім т.б. болды. Ол 
туралы далалық тұрмыстың білгірі Ш. Уәлиханов былай 
деп жазды: 
«Көшпелі адам малмен ішіп-жеп, киінеді, ол 
үшін мал өз тыныштығынан да бағалы. Қырғыздардағы 
(қазақтардағы – авт.) 
амандасу да: мал-жан аман ба? 
деген сөзден басталады»
Қазақ халқының малшаруашылығы өнімдері күнделікті өмірде 
кеңінен қолданылды. Мәселен, мал терісінен киім-кешек, аяқкиім, түрлі 
ыдыстар т.б. даярлаған. Сүйек пен ағаштан күнделікті тіршілікке қа-
жетті, тұтынатын барлық заттарын жасаған. Жүннен және одан алынған 
материал – киізден киім, аяқкиім, кілем және басқа да тұрмыстық зат-
тар әзірлеген. Жылқының жалынан мықты арқан, малдың мүйізінен 
тарақтар жасалған. 
Мал өнімдері мен шикізатты өңдеу және қайта 
өңдеуден өткізу жеке отбасылық сипатта жүргізілді. 
Қазақтар
 күнделікті тұрмыс үшін қажеттінің бар-
лығын өздері даярлаған. Қалдықсыз өнім өндіру 
олардың жоғары экологиялық және эстетикалық 
мәдениетін білдіреді. Далалықтар үшін мал өнімінің 
қандай да бір бөлігін керексіз етіп тастау ауыр күнә 
саналған. Сондықтан оларда артық және қажет емес дүниелер болмаған. 
Барлық мал өнімдері, тіпті оның қалдықтары да ішкі қолданыс пен 
өндіріске пайдаланылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет