Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 жылы Ресей әскери министрiнiң бұйрығымен Түр кiстан аймағы  құрылды. Ол Орынбор генерал-губернаторына бағындырылды. 1867



Pdf көрінісі
бет95/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   181
1865 жылы Ресей әскери министрiнiң бұйрығымен Түр кiстан аймағы 
құрылды. Ол Орынбор генерал-губернаторына бағындырылды. 1867 
жылы орталығы Ташкент қаласында ор наласқан Түркiстан ге нерал-
губернаторлығын құру туралы жарлық шықты.
7. ресей империясының Қазақстанды басып алуының сал дары. Патша 
үкiметi әскерлерiнiң Ұлы жүздiң аумағында жүргiзген со ғыс қимылдары 
Қазақстанның Ресей империясына толық қосылып бiтуiмен аяқталды. 
Ресейдiң әскери iс-қимылдарының барысында қазақтар Орта Азия хан-
дықтарының езгiсiнен азат етiлдi. Со нымен қатар патша үкiметiнiң Жетiсу 
мен Оңтүстiк Қазақстан аумағына экспансиясы басталды. Сөйтiп, бiр езгi 
екiншi езгiмен алмасты рылды. Мұның өзi қазақтардың кезектi қарулы 
көтерiлiстерге шығу ына себеп болды.
Аумағы орасан зор елдi басқару үшiн патша үкiметi Қазақстанға
жаңадан қосымша әскери күштер жiберуге мәжбүр 
болды. Алым-салықтар мөлшерi арттырылды, ерiксiз 
жұмыстың алуан түрi ен гiзiлдi. Ондай отаршылдық 
езгiге наразы болған қазақ руларының бiр бөлiгi көршi 
уездер мен мемлекеттердiң аумағына көшiп кеттi. 
Патша үкiметiнiң соғыс қимылдары салдарынан 
көптеген қалалар қирады, әлемдiк деңгейдегi мәдени 
ескерткiштерге айтарлықтай зақым келтiрiлдi. Мәсе-
картамен жұмыс
Картадан Ресей 
әскерлерінің іс-
қимылын, шайқас 
өткен жерлерді 
көрсетіңдер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


111
р
есей империясының Қазақстанды қосып алуының аяқталуы
© ЖШС 
«8&8», 2018
им
перия
сы әск
ер
лерінің
Ш
айқ
ас өтк
ен жер
лер
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


112
лен, Ресей әскерлерi Түркiстан қаласына жа саған шабуыл 
кезiнде қала қатты қирады. Патша үкiме тiнiң әскерлерi 
онымен де қоймай, бүкiл мұсылман қауымының қа сиеттi 
жәдiгерi 
Қожа Ахмет Ясауи кесенесiн зеңбiрекпен ат-
қылады. Генерал өзiнiң осы iс-әрекетiмен Ресейдiң қол астына жа ңадан
қараған халықтың арасында үрей туғызуды, сөйтiп, олар ға орыс қару-
ының күшiне «құрмет» бiлдiрудi үйретпек болды. Ресей солдаттарының 
шектен шыққан жүгенсіздігі Шымкент, Әулиеата және Сайрам қалаларын 
басып алу ке зiнде орын ал ды. Шоқан Уәлихановтың және бiрқатар 
прогресшiл орыс офи церлерiнiң генерал Черняевтен бөлiнiп кетуiнiң 
себебi осы жағдай едi.
Түркiстан мен Шымкент басып алынғаннан кейiн Орынбор және 
Сi бiр шептерi бiр-бiрiмен жалғасты. Қазақстанды Ресей империясы ның 
құрамына қосып алудың ұзаққа созылған күрделi әскери-отаршылдық 
үрдiсi осылай аяқталды. Қазақстанның оңтүстiк-шығыс және оңтүстiк 
аймақтарын әскер күшiмен қосып алу патша үкiметi нiң бұдан былайғы 
соғыс қимылдарын Орта Азия мемлекеттерiнiң аумағында одан әрi 
жалғастыра түсуiне кең жол ашты.
Оңтүстiк өңiрдi жаулап алумен қазақтың дәстүрлi соты ның жү й е сiне 
өзгерiстер енгiзiлдi. Халық соты дiни қайраткерлердiң, яғни қазы лардың 
ықпалында бо латын. Қазыларды сайлау, ең алдымен, оның
 шариғатты 
(мұ сыл мандық құқықты) қан шалықты бiлу дәрежесiне байланысты едi. 
Дiнба сы ларының өлке халқына ықпалын шектеу үшiн патша үкiметi 
қазыларды сайлап қою тәртiбiн енгiздi. 
Өлкенiң Ресей им пе риясының құ рамына өтуi алым-салықты күшей - 
тiп жiбердi. Бүкiл жиналған алым-салық былайша бөлiндi: үштен бiрi аза-
мат тық өкiмет билiгiн ұс тауға, ал үштен екi бөлiгi таза әскери мақсаттар ға 
жұмсалды.
1867 жылы Жетiсу ка зактарының әскерлерi құрылды. Жетiсу 
өлкесiне 
қоныс аударған әрбiр ер адамға 30 десятинадан жер телiмi берiлдi. Олар 
15 жылға әскери қызмет атқару мiндетiнен босатылды. Сондай-ақ олардың 
әр қайсысы 100 сом мөлшерiнде ақшалай қарыз алып отырды. 
?
1. Картадан Ресей империясының Қа зақ стан аумағында басып алған қалаларын 
көрсетіңдер. 2. Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді одан әрі 
нығайту үшін не істеуіміз керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет