Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет92/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   181
3. ұлы жүзде ресей ықпалының артуы. Хиуа 
және Қоқан хан дықтары билеушiлерiнiң Ресейге 
деген көз қарасы өте нашар болды. Ор таазиялық 
билеушiлер Ұлы жүз қазақтары арасын да орыстарға 
қар сы бағытталған үгiттi өршіте түстi.
Оңтүстiк Қазақстанды жаулап алуды тездету 
және Орта Азияға қа рай жақындай түсу мақсатымен 
Ресей империясы әскери бекiнiс тер салуға кiрiстi. 
Ресейге қосып алынған жерлерде Аягөз, Ақ тау, Ұлытау, Қапал бекiнiстерi 
бой көтердi. 1848 жылы Ресей империя сы Ұлы жүз үшiн пристав (кiшiгiрiм 
әкiм) лауазымды қызметiн белгiледi. Пристав Батыс Сiбiр генерал-губер-
наторына тiкелей бағындырылды. Оның мiндетi жаңадан жаулап алынған 
Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аймақтарына басшылық ету болды.
Болжам жаса
Егер Арынғазыны 
патша үкіметі ұстап 
алмағанда... (жағдай 
қалай болар еді)?
талдау жаса
Қазақстанның 
оңтүстік аймағы 
үшін қай елдер 
өзара бақталасты?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


108
Ұлы жүз аумағына неғұрлым тереңдей ену арқылы 
патша үкiметi бiр қатар стратегиялық маңызды мiндеттерге 
қол жеткiзудi көздедi. 
Бiрiншiден, Орта жүз бен Кiшi 
жүздегi хандық билiктiң жойылуына, ок ругтiк при каз-
дардың құрылуына наразы бiрқатар сұлтандар мен батыр-
ларды бейтараптандыру қажет болды. 
Екiншiден, патша үкiметi Қытаймен 
шегараны нақты белгiлеуге және өзiне ти iм дi қарым-қа ты настар орнатуға 
мүдделi едi. 
Үшiншiден, патша үкi метiнiң Ұлы жүз жерiнде бекiнiстi 
күшейтiп, одан әрi Орта Азия мем лекеттерiнiң аума ғына қарай әскери 
күштерiн енгiзудi көздедi.
Ресей Iле сыртындағы өлкеде бiржолата бекiнiп қа лу ға тырыс-
ты. Қазақтар империяның әскери күштерiнiң iлгерi жылжуына қатты 
қарсылық көрсеттi. Мәселен, дулат тайпасының қазақтары әскери 
экспедицияға түгелдей қарсы шықты. Патша үкiметi ел де гi ықпалды
билеушi топты сатып алу әдiсiне көштi. Олардың жер дауына байланысты 
мәселелерi iшiнара шешiлдi. Шен-шек пен дер, ордендер, айырым белгiлерi 
таратылды. Сондай-ақ ақша және ба ғалы сыйлықтар түрiнде әртүрлi 
материалдық көтермелеу шарала ры қолданылды. 
1854 жылы 
Верный бекiнiсi бой көтердi. Сол жылы онда орыстар-
дың 500 солдаты мен офицерi орналасты. Келесi жылы Сiбiрден 400-ге
жуық шаруа отбасы көшiрiп әкелiндi. Ұлы жүз приставының кеңесi де 
осында орналасты. Уақыт өте келе бұл бекiнiс Жетiсуды әскери күш тер дiң
отарлап алуының негiзгi тiрегiне айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет