77
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
Зерттеу барысында гуманитарлық ғылым
ретінде педагогиканың тұ-
ғыр намалық ұстанымына сүйену қажет. Бұл ұстанымдар,
біріншіден
, оның
нақты мәселелері мен оларды шешудің негізгі стратегияларын анықтауды;
екіншіден
, білім беру жүйесіндегі барлық мәселелердің бағасы мен оның
сатылы бағыныштылығын анықтауды талдауды;
үшіншіден
, аталған тұ ғыр-
намалық ұстаным болжаудың толық нұсқасын іске асыруға қол жеткізеді.
Тұғырнамалық ұстаным құрылымында белгілі бір тұғырнамалық әдіс
қарастырылады, солай болғанмен де, тұғырнамалық ұстанымға қарағанда,
«тұғырнамалық әдістің» түсінігі кең. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді
жүргізгенде объективтілік ұстаным тұрғысынан, педагогикалық құ бы лыс-
тардың себептілігі, педагогикалық құбылыстар мен үдеріс тұтастай қа рас-
тырылады. Құбылысты және оның дамуын зерттеу, оның басқа құ бы лыс-
тармен өзара әсерін, үдеріс дамуының өзіндік қозғалысы мен өзіндік дамуы
тұрғысынан пайымдау аса маңызды.
Ғалымдардың ізденістеріне сүйенсек, осы бағытта әдіснамалық тұ ғыр-
лардың құрылымдық моделі мына төмендегідей мазмұнды сипат алады:
түріне қарай – символикалық; айтылу формасына қарай – логикалық; зерт-
теу пәні бойынша – педагогикалық; табиғатына қарай – әлеуметтік; зерттеу
міндеттеріне қарай – толық; қолдану тәсіліне қарай – графикалық; көрінісіне
қарай – жүйелік. Әдіснамалық тұғырдың құрылымдық моделін құру кезінде
екі мегаәдіснамалық тұғыр қарастырылды. Табиғи-жаратылыстанушылық
және гуманитарлық. Бұл тұжырым қоғам,
білім даму парадигмасының
гуманитарлық және ғылыми жаратылыстанушылық мазмұнды сипатына
сүйенді.
Бұл саладағы жинақталған теориялық
қағидаларды ескере отырып,
тұғырларды төрт макроәдіснамалық тұғырға және алпыс микроәдіснамалық
тұғырға бөлдік.
Педагогика, оның әдіснамалық негіздемелері мен парадигмалары көп-
тен бері дағдарысты басынан өткізіп келе жатыр. Парадигма – қандай да бір
теорияның негізінде жатқан және ерекше категориялық аппаратқа ие, соны-
мен қатар ғалымдармен мойындалған негізгі ережелер мен қағидалардың
жиынтығы. Қазір әлеуметтік білімнің жаңа әдіснамасы аясында субъект-
объект парадигмасының субъект-субъект парадигмасына алмастыру жүріп
жатыр.
Зерттеушінің таңдап алған тұғырнамалық бағдарын бағалауда педаго-
гика ғылымының дамуы мен оның әдіснамалық мәдениетіне баса назар ау-
даруымыз керек.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымда жаңа
пайда болып келе жатқан
парадигмаларға кіріктірілген үдерісті бөліп қарастыруға болады: ғылыми-
жаратылыстану тұғырнамасы мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың
жақындасуы, сонымен қатар олардың тұғырнамалық өзара әсерінің қарама-