Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет38/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ғылымдағы әдіснамалық негіздің түрлеріне сипаттама беріңіз.
2. Зерттеудің әдінамалық негіздерін тиімді анықтау алгоритмін сызба түрінде 
көрсетіңіз.
3. «Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері» тақырыбында интеллект-карта 
құрастырыңыз.
4. «Әдіснамалық тұғыр», «әдіснамалық ұстаным» «әдіснамалық қағида» ұғым да ры-
ның анықтамаларына сипаттама беріңіз.
5. Б.С. Гершунскийдің «әдіснамалық ұстаным» ұғымына берген анықтамасын тү-
сіндіріңіз.
6. Педагогикадағы әдіснамалық тұғырлар жүйесін негіздеңіз. 
7. Келесі зерттеулердегі әдіснамалық тұғырлардың зерттеу пәніне сәйкестігін дә лел-
деңіз:
8. «Жоғары оқу орнында болашақ еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімін 
даярлаудың теориясы мен практикасы» (С.А. Жолдасбекова);
9. «Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беру мазмұнының 
қалыптасуы мен дамуы (1928-2005 ж.)» (А.Д. Кайдарова);
10. «Халықаралық типтегі кәсіби-бағдарлы білім беру мектептер жүйесін басқарудың 
әдіснамалық негіздері» (Д.Н. Кулибаева).
11. Әдіснамалық тұғырлардың тізімін жасаңыздар және төмендегі зерттеулер мыса-
лында олардың тасымалдану тетігін анықтаңыздар:
12. «АҚШ мектептерінің оқушыларының әлеуметтенуінің теориясы мен практикасы 
(З.У. Кенесарина);
13. «ЖОО-да информатиканы оқыту үшін жасалған электрондық ресурстарды қолдану 
мен сапасын бағалаудың теориялық-әдістемелік негіздері» (С.С. Усенов).
1.5. Теориялық білім – ғылыми-педагогикалық зерттеудің базасы
Педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері педагогикалық факт, 
педагогикалық теория, педагогикалық заңдылықпен сипатталады. Теория 
– педагогикалық құбылыстардың, кез келген әдістеменің негізі болады 
және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқылы кеңейеді. Тео- 
рия – таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама осы танымға жету мен оны 
құру тәсілі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-
танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер 
жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекет үдерісін және оның 


83
1.5. Теориялық білім – ғылыми-педагогикалық зерттеудің базасы
мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде 
тиімді білімге жетудің әдістеріне көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың 
тәсілдерін іздестіреді.
Білім түрлерінің сипаттамалары
. Білім түрлерін ажыратып, оларды 
сипаттаудың сызбаларын құруға көшеміз. Алдымен бірнеше жалпы ес-
кертпені атап өтелік.
Ой-қимылдарының сызбасын құруда мына өлшемдерді сызбалар қа на-
ғаттандырғанын ескеру керек: 
1) жүйе құрушы қызметті атқара алатын, оқушыларға әңгіме туралы 
толық түсінікті қалыптастыруға көмектесетін;
2) оқушылар әңгіменің мақсатына қарай оларды ажырата алатындай 
ыңғайлы болса;
3) оқушылар әңгіме құруда қиындықтың сипаты мен себебін оңай 
талқылауға көмектесетін.
Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл сызбалар формасы бойынша сұ-
рақ тардың реттелген жиынтығын беру керек, яғни білім түрлерін тү сін-
ді ру жүйесінің элементтері рөлін атқаратын жиынтық. Мұндағы «жүйе 
эле менті» деген термин білім бірлігін білдірмейді. Бұл нысан күрделі 
құрылымды беруі мүмкін. Сұрақтарға берілетін жауаптар білімнің қандай 
да бір түріне жеткілікті және ықшамды сипат беруі керек. 
Құрылған сызбаны оқушылардың түсіндіру логикасын талдау үшін 
пайдаланамыз.
Енді сызбаларды құруға көшейік. Оны ғылыми теориядан бастаймыз. 
Оқушыларға теория түсіндірудің өзіндік нысаны ретінде көрініс береді. 
Оқушылар сызбаның барлық сұрақтарына жауап беруі керек немесе жауап 
бере алмайтын сұрақтарын уақытында ескеруі керек. 
Ғылыми теория
. Ғылыми теорияны сипаттаудың сызбасын құрғанда 
оқушыларға осы нысан туралы толық жүйелі түсінік беретін сұрақтарды 
енгізуді ескердік. Осыған сәйкес, оқу мақсаты үшін теорияны сипаттауды 
сызба түрінде бердік. Ол келесі элементтерден тұрады:
1) теорияны зерттеудің нысаны (табиғат нысаны және теория нысаны);
2) теорияны зерттеу пәні;
3) теория негіздемесі (теорияның шығу көзі, басты ұғымдар тобы; не-
гізгі тұжырымдар, эмпирикалық база – ғылыми деректер);
4) теорияның құрал-сайманы (математикалық аппарат, логиканың 
ережесі мен тәсілдері);
5) теорияның салдары, оларды тексеру;
6) теорияны қолдану шегарасы.
Ғылыми теорияны сипаттаудың келтірілген сызбасы дедуктивті және 
сипаттама теорияларды (мысалы, Ч. Дарвин теориясы) көрсету үшін жарам-
ды. Айта кететін айырмашылық, кейбір сұрақтың өзіндік ерекшелігі бар. 


1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
84
Оқу бағдарламасы мен оқулықтарда дедуктивті теорияның мазмұны 
әлі толық берілмеген. Тек оның бір бөлімі – негіздемесі берілген. Бірақ 
бұл бөлімнің өзі оқушыларға ықшам түсіндірілген. Сондықтан теорияның 
негіздемесі мәртебесі бойынша элементтерге мүшелеу әлсіз сипатта бола-
ды. Ал теорияның салдарын оқушылар постулаттармен реттес білім ретінде 
меңгереді. 
Ғылыми дерек
. Ғылыми деректі түсіндіру сызбасын құруда таным дең-
гейі, логикасы көрініс беруі ескерілді (сапалық, сандық және теориялық 
дең гей). Танымның көрсетілген деңгейлері білім беруде бейнеленген, 
бірақ оқушылар олармен әртүрлі уақытта кездеседі. Осыған орай, сызба 
құрылғанда сұрақтардың келесі реттілігі сақталды: 
– құбылысты табиғи (ғылыми емес) тілмен және танымал ғылыми 
ұғыммен сипаттау;
– құбылысты сипаттау үшін сандық және сапалық сипаттаманы ен-
гізу;
– құбылысты жаңа ғылыми ұғыммен сипаттау;
– құбылыстың заңдылығын формулаға келтіру;
– құбылысты белгілі теорияда немесе тұжырымдамада түсіндіру.
Сызбаның үшінші сұрағын түсіндіріп кетсек, оқушы бұрын енгізілген 
сипаттамаларды көрсете отырып, бұл кезеңде дәл қатаң анықтаманы беруі 
керек. Дегенмен оның енгізетін өзгерістерін жалпы формада сипаттау 
әрдайым мүмкін емес. 
Ғылыми заң
. Заңды сипаттаудың сызбасын құруда келесі міндеттер 
ескерілді. Бұл сызба мынадай жиынтықты беруі керек: заң мен ұғымның 
анықтамасы арасындағы қатынас, заң табиғаты, оны қолдану шегарасы. 
Оқушылардың білім жүйелігі үшін соңғы мәселе ерекше мәнге ие. Мысалы, 
Ньютон заңдарын қолдану шегарасын сөз еткенде, 
біріншіден
, қатыс тео- 
риясын, 
екіншіден
, бұл теорияның классикалық механикамен байланысын 
және әрбір заңның қолданыс шегарасы болатынын білу керек.
Политехникалық білім берудің міндеттеріне сәйкес заңдарды қолдану 
туралы мәселе ерекше мәнге ие. Заң туралы білімді сипаттаудың сызбасы: 
заңның формулалары; заңды мүмкіндігіне қарай символдық формада жазу; 
заңды ашу жолдары; заңды қолдану шегарасы; заңды қолдану.
Оқушылар білімін көрсеткенде оқулықты басшылыққа алатындықтан, 
олардың бірнеше формуланың бар екенін ескергендігін, тиімді қолданғанын 
назардан тыс қалдырмадық. 
Ғылыми ұғым.
Теория элементтерінің бірі – ғылыми ұғым. Оқушыларға 
әдетте сандық ұғымды сипаттау қиынға соғады. Сондықтан осы жағдай 
ескеріліп, сандық ұғымды сипаттаудың мынадай сызбасы құрылды: 
ұғымның анықтамасы; ұғымның символдық жазуы; анықтама формуласын 
талдау; анықтаманы қолдану шегарасы; өлшеу бірліктері. Өлшеу бірліктері 


85
1.5. Теориялық білім – ғылыми-педагогикалық зерттеудің базасы
туралы пункт жеке ажыратылған. Өйткені оны түсіндіру үшін жеткілікті 
түрде ақпарат қажет.
Эксперимент.
Енді ғылыми экспериментті сипаттау сызбасын қарас-
ты райық. Оның мақсаты – оқушының зерттеудің эксперименттік әдісін 
(ло гикасын) меңгеруі. Экспериментті сипаттау сызбасы: эксперименттің 
мақ саты; зерттеу әдістемесі (өлшеу процедурасы мен құрылғысы); өлшеу 
нә тижелері; нәтижелерді түсіндіру; эксперимент негізінде жасалған қо ры-
тынды мен ұсыныстар.
Мұнда екі сызба арасында айырмашылықтар бар. Олар мақсат фор-
муласын негізінде тұжырымын былай деп бастайды: «Ғалым тәжірибе 
жасады, ол приборды алды (мектеп приборы суреттеледі)». Сосын әңгіме 
аяқталады: «Ғалым бұл тәжірибеде келесі заңды дәлелдеді». Осыдан оқушы 
оқу тәжірибесін ғылыми экспериментпен сәйкестендіретінін көреміз. 
Қолданбалы білім.
Қолданбалы білім – ғылымның техникамен және 
технологиямен байланысын жүзеге асыратын білім (оған: трансформатор, 
радиоқабылдағыш құрылғысы туралы білім жатады). Қосалқы білімді сипат-
тау сызбасы; нысанның қызметтік анықтамасы; нысанның жұмысы негізделген 
заң; құрылғы сызбасы; жұмыс үдерісі; нысандарды қолдану. Әдетте оқушылар 
бірінші элементті (нысан анықтамасын) тастап кетеді. Олар бірден құрылғы 
сызбасын сипаттаудан бастайды: нысанның жұмысы негізделетін заң айтыл-
майды, ал жұмыс үдерісі туралы бірауыз сөз айтады (3-кесте).
Жоғарыда айтып өткендей, оқу білімі жүйесінің әрбір «элементі» күр-
делі құрылымды береді. Сондықтан оны мүшелеуге болады. Бұл элемент-
терде ғылым тарихының мәселелері қатыстырылуы мүмкін.
3-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет