95
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен тұжырымдамасы
Ғылыми теория – білімдердің жүйесі әрі айналадағы объективті шын-
дықты танудың негізгі құралы. Ғылыми теория мұғалімнің іс-әрекетін та-
нымдық деңгейде талдап, педагогикалық құбылыстардың өзара байла ныс-
тылығын сипаттайды. Осының негізінде кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің
теориялық негізі туралы ұғымды, теория мен
практиканың өзара әрекеті
негізінде оны одан әрі дамыту мүмкіншілігін айқындап тереңдетеді.
Педагогикалық теория дегеніміз – педагогикалық сан алуан құбы лыс-
тарды зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйесі. Пе да-
гогикалық теория оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін тек практикаға ғана
қатысты емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болатын теорияны алдын ала
болжауға мүмкіндік береді. Сонымен, педагогикалық теория мұғалімнің
педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.
Педагогикада
тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, құндылықтар, мек-
теп ті басқару, тұтас педагогикалық үдеріс, т.б. теориялар білім беру ұйым-
дарында кеңінен қолданыс тауып отыр. Тұлғалық-бағдарлық теория адам-
ның тұлға ретінде әлеуметтік, әрекеттілік және шығармашылық мәні ту-
ралы мәселені қарастырады. Ол тұлғаны тарихи-қоғамдық даму нәтижесі
және мәдениетті тасымалдаушы ретінде таниды.
Достарыңызбен бөлісу: