Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет52/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тұжырымдаманың анықтамасы қандай? 
2. Тұжырымдаманың жіктелуі қандай? 
3. Зерттеу тұжырымдамасының мәні неде?
4. Зерттеу тұжырымдамасының белгілерін нақтылаңыз.
5. Дидактикалық зерттеулердің негізгі типтерін сипаттаңыз.


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
112
2-ТАРАУ
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ 
ҒЫЛЫМИ АППАРАТЫ
2.1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің мәселесі мен 
тақырыбы, көкейкестілігі
Ғылыми таным мәселені шешуден басталады және онымен қабат жүре-
ді. Мәселені шешу белгілі білімнен тұрмайды және бұрыннан бар ақпарат-
ты өңдеуден де алынуы мүмкін емес. Ғылыми проблема ғылымда пайда 
болған проблемалық ситуацияны ұғыну нәтижесі ретінде қарастырылады. 
Мәселе – бұл білім дамуының пәндік шындық пен қарама-қайшылық 
фактілері ретінде көрінетін эмпирикалықтан теориялыққа ауысуының түрі. 
Нәтижесінде эмпирикалық білім теориясыз дами алмайтын жағдай туын-
дайды. 
Мәселені шешу – фактілерге теориялық тұрғыда түсінік беру неме-
се тек теория арқылы ғана фактілерді түсіндіру және пәнге тұтас көз қа-
рас қалыптастыру. Бұдан эмпиризмге бейім зерттеушілер мен мұндай көз-
қарасты жақтаушы философтар тарапынан танымның барлық дерлік үде-
рісі тек фактілерден, олардың жинақталуы мен жүйеленуінен деген жеңіл 
тү сінік тууы мүмкін. Шынында да, фактілер – барлық зерттеудің, деректерді 
із деудің негізі. Бірақ мұндай фактілерді табу дайын теорияны немесе бол-
жамды, ең болмағанда жобалап айта білу керек. 
Мәселенің тууы бұрынғы әдістер мен құралдардың қайтадан табылған 
фактілер мен таным нәтижелерінің жеткіліксіздігінен немесе пайдаға аспа-
уынан туындайды. Бұл постулаттар мәселелік жағдаяттың мәнін ашуға 
мүмкіндік жасайды: проблемалық жағдаят ескі теориялық түсініктер ара-
сындағы сәйкессіздік ретінде, екінші жағынан, жаңа фактілер мен нә ти-
желердің арасындағы ғылыми білімнің дамуының нәтижесі. 
Бұл постулаттар мәселелік жағдаяттың мәнін ашуға мүмкіндік береді: 
біріншіден
, проблемалық жағдаят жаңаның ескі теориялық түсініктермен, 
екіншіден
, дамушы ғылыми білімнің жаңа фактілермен, нәтижелермен 
сәйкессіздігі ретінде; проблемалық жағдаят зерттеу мақсаты мен оның 
бұрынғы құралдар арқылы жетістікке жетуінің сәйкессіздігін бейнелейді. 
Зерттеу мәселесін қоюда дидактиканың, бәрінен бұрын практиканың 
кемшіліктерін жою қажеттілігіне бағдарлануын ескеру керек. Мәселенің 
айтылуы төмендегіше жүзеге асырылады: ортадағы сауалды алға шығару; 
мәселенің негізі болатын қарама-қайшылықты айқындау; күтілетін нә-
112


113
2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
ти женің болжамды сипаттамасы. Содан кейін мәселе негізделеді (осы 
мә селенің басқалармен мазмұндық байланысын орнату); өзектендіру – 
мәселенің ақиқаттығы, оның қойылуының қажеттілігі және шешудің мүм-
кін діктері үшін дәлелдемелер келтіру; берілген проблемаға өзінің мәні жа-
ғы нан қарама-қарсы болатын қарсылық келтіру; мәселенің ұғымын анықтау 
немесе оның мәнін, маңызын түсіндіретін қысқаша жазба; қайтадан кодтау, 
яғни проблеманың мазмұнын баршаға түсінікті болатын зерттеу нәтижелері 
кімге бағытталғанына қарай пәндік-ғылыми оңтайлы тілге аудару. 
Педагогикалық мәселенің орталық элементі – адамдардың оқыту мен 
тәрбиелеу саласындағы қажеттілігі туралы білімдер мен оларды шешу жол-
дарын, құралдары мен әдістерін білмеудің арасындағы қарама-қайшылық 
болып табылады. Сонымен бірге осы жағдайдың жалпы түрі қазіргі бар 
ескі білім мен жаңадан табылған эмпирикалық және теориялық зерттеулер 
құбылыстарының арасындағы қайшылықтардың пайда болуы ретінде сипатта-
луы мүмкін. Эксперименттік және нақты ғылымда мұндай қарама-қайшылық 
бұрынғы құралдар мен әдіс-тәсілдердің бәрінен бұрын байқау немесе экспери-
мент нәтижесіне сәйкес келмеуі тұрғысынан айтылады. Бұл дегеніңіз бұрынғы 
әдістер жаңа ашылған деректерді түсіндіруге қабілетсіз болады деген сөз. Бұл 
постулаттар мәселелік жағдаяттың мәнін ашуға мүмкіндік жасайды (6-кесте).
6-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет