Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет94/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
234
жетілдіру жолдарын анықтаудағы рөлі айрықша маңызды дидактиканың 
жай-күйін және оның жеке мәселелерін жүйелеп, оларға тұжырымдамалық 
тұтастық сипатын берді. Скаткин бастауыш мектепке арналған табиғаттану 
оқулығының және оған әдістемелік басшылықтың авторы (1946-1986).
Еңбектері: О школе будущего. – М., 1974; Дидактика ср. школы.
– М., 1987; Проблемы современной дидактики. – М., 1984; Методология и 
методика педагогических исследований. – М., 1986.
ХХ ғасырдың 70-90 жылдары ПҒА Педагогиканың теориясы мен та-
рихы институтында 
Шубинский Владимир Степанович, Воробъев Генна-
дий Васильевич, Гмурман Владимир Ефимович
педагогика әдіснамасының 
дамуына үлкен үлес қосты, педагогика философиясының негізін сал-
ды. Философиялық тұғырларды педагогика әдіснамасының міндеттерін 
орындауға қолдану мәселелерін зерттеді.
В.С. Шубинский педагогикалық теорияның жасалу жүйесін зерттеді, 
тәрбиенің іргелі ұстанымдарын ұсынды, педагогика әдіснамасының даму 
үрдістерін пайымдады, әдіснамалық білімнің құрылымын нақтылады
оқушылардың диалектикалық ойлау үдерісін анықтады.
Г.В. Воробъев философиялық заңдарды, категорияларды және әдістерді 
педагогикалық зерттеу пәніне көшіру, педагогикалық экспериментті ұйым-
дас тыру, дидактикадағы өлшемдерді қолдану мәселелерін зерттеді. 
В.Е. Гмурман әдіснамалық мәселелерді терең зерделеді. Ол «Педаго-
гика» оқулығының бөлімдерін, Педагогикалық энциклопедияның мақа ла-
ларын, теориялық мақалаларды, «Педагогиканың жалпы негіздері» атты 
күрделі еңбекті Ф.Ф. Королевпен бірге жазып даярлады. Педагогиканың 
ұғымдық-түсініктік жүйесін жасаумен айналысты.
ПҒА корреспондент-мүшесі Н.В. Кузьмина педагогикалық әрекетті 
зерттеу әдістерін пайдалану логикасын, жүйелі педагогикалық және 
акмеологиялық зерттеу әдістерін ұсынды.
Зерттеу нәтижесін жүйелеу негізінде акмеологияның пәнін анықтады 
және 1991 жылы Бүкілодақтық акмеологиялық ассоциацияның негізін 
салды. Акмеология адам туралы ғылымдар жүйесінде білімдердің жаңа 
саласы деп танылды. 1992 жылы Акмеология ғы-
лы мдарының қоғамдық академиясы құрылды, оның 
жанында Санкт-Петербургтің акмеологиялық акаде-
миясы жұмыс істейді.
Кузьмина Нина Васильевна 1923 жылы 23 қыр- 
күйекте Нальчик қаласында дүниеге келген.
1947 жы лы Герцен атындағы Ленинград педаго ги-
калық институтын бітірген, 1950 жылы аспирантура-
ны бітіріп, Б.Г. Ананьевтің ғылыми жетекшілігімен 
«Бастауыш сыныптардың жас мұғалімінің жұмы-


235
4.1. Педагогика әдіснамасының негізін салушылар
сын дағы қиындықтар мен табыстарға психологиялық-педагогикалық тал-
дау» тақырыбында кандидаттық диссертация, 1965 жылы «Мұғалім әреке-
ті нің психологиялық құрылымы және оның тұлғасының қалыптасуы» та-
қырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізінен педагогика және 
педагогикалық психология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Н.В. Кузьмина кәсіптік білім берудің акмеологиясын зерттеді.
Н.В. Кузь минаның еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық 
құрылымына сипаттама беріледі. Ол барлық студенттің педагогикалық ма-
мандыққа бағыттылығын және педагогикалық икемділігін қалып тас тыруды 
педагогикалық білім берудің маңызды міндеттерінің бірінен санайды. Со-
нымен қатар маман дайындаудың тиімділігін арттыру үшін студенттерді 
болашақ кәсіби іс-әрекетінің құрылымына икемдей отырып, мұғалім 
тұлғасын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Педагогикалық қабілетке 
ол педагогикалық байқампаздық, педагогикалық қиял, педагогикалық такт, 
назар аударып, көңіл қоюды және талапшылдықты жатқызады.
Педагогикадағы құзыреттілік тұғыры туралы ғылыми жұмыстардың 
арасында Н.В. Кузьминаның зерттеулері ерекше мәнге ие. Мұғалім еңбе-
гінің психологиясын қарастыра отырып және педагогикалық қызметінің 
құрылымын анықтай келе, ғалым педагогтің тұлғасына үлкен мән береді. 
Н.В. Кузьмина кәсіби даярлаудың төрт компонентін атап көрсетеді, олар: 
құрастырушылық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және гнос ти ка-
лық. Оларды белгілі бір педагогикалық қабілеттердің қатарына жат қы зады: 
оқу-құрастырушылық материалдарын балалардың жас ерек ше ліктеріне 
қарай таңдау, баланың жеке тұлғасының жобалану, диагнос ти калық және 
даму бейнесін есепке алу; коммуникативтік – балалармен қарым-қатынас 
қалыптастыру, оларды ситуацияға байланысты әрекет етуге бейімдеу; 
ұйымдастырушылық – іс-әрекеттің алуан түріне қатыстыру, ұжымды әрбір 
жеке тұлғаға ықпал жасау құралына айналдыру; гностикалық – заң ды лық-
тарды анықтайтын, тәуелділікті белгілейтін талданған педагогикалық си- 
туацияларды оңтайлы шешуге қабілетті болу.
Н.В. Кузьмина құзыреттілікті жеке тұлғаның қасиеттері ретінде қарас-
тырады. Оның пікірінше құзыреттіліктің бес түрі бар: 
1. Оқытатын пән бойынша арнайы және кәсіби құзыреттілік.
2. Оқушылардың білім, біліктерін қалыптастыру тәсілдері бағы тын-
дағы әдістемелік құзыреттілік.
3. Қарым-қатынас аясындағы әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік.
4. Оқушылардың ынтасы, қабілеті аймағындағы психологиялық 
құзыреттілік.
5. Тұлғаның өзінің және өзіндік іс-әрекетінің жетістіктері мен кем ші-
ліктері айналасындағы аутопсихологиялық құзыреттілік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет