237
4.1. Педагогика әдіснамасының негізін салушылар
1974–1980 жылдары КСРО ПҒА Педагогиканың тео-
риясы мен тарихы институтының директоры болды.
А.И. Пискуновтың жетекшілігімен 70-жылда-
ры Кеңес одағы мен шетелдегі эксперименттік
оқу-тәрбие мекемелерінің тарихы зерттелді. Ол пе-
да гогикалық жоғары
оқу орындарындағы педаго-
гика тарихы болашақ педагогтардың кәсіби ойла-
уы мен дүниеге көзқарасын қалыптастырды деп
есеп теді. А.И. Пискунов мектеп пен педагогикалық
ойлар тарихы, педагогикалық зерттеулер әдістері,
педагогикалық пәндерді оқытудағы теория мен практиканың бірлігі,
шетелдік педагогика тарихы туралы еңбектер жазды.
Академик А.И. Пискунов өзінің «Педагогикалық эксперименттің тео-
риясы мен практикасы», «Педагогикалық зерттеу әдіснамасы» атты ең бек-
терінде педагогикалық және тарихи-педагогикалық зерттеулердің теория-
сы мен әдістемесі туралы білімдер жүйесін жаңартып құрастырды.
Болашақ мұғалімдерді маман ретінде даярлауда базалық пәндердің
маңызы зор деп есептеген А.И. Пискунов
педагогикалық-психологиялық
циклдағы пәндердің болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудағы мүм кін-
діктері жайлы өз еңбектерінде айта келіп, психологиялық-педагогикалық
пәндердің басты міндеттеріне: студенттерді педагогиканың негізгі ұғым-
да рымен, категорияларымен таныстыру; студенттерге оқушыларды оқы-
ту
мен тәрбиелеудің заңдылықтары, ұстанымдары, мәні мен мазмұны,
әдістері туралы терең теориялық білім беру; әр студенттің бойына мұғалім
мамандығына және балаларға деген сүйіспеншілік, педагогикалық білім,
білік, әдет, дағды жүйесін қалыптастыру, студенттердің педагогикалық ой-
лау, пайымдау және шығармашылық қабілетін дамыту; өз бетімен жұмыс
істеу дағдысын тәрбиелеу, оған бағыт-бағдар беріп отыру;
ұстазға тән
шеберлік пен сана қалыптастыруды жатқызады.
Щукина Галина Ивановна – көрнекті педагог,
ПҒА корреспондент-мүшесі (1971), РБА корреспон-
дент-мүшесі (1993), педагогика ғылымдарының
док торы, профессор (1969). Г.И. Щукина Петербор
қа ласында 1908 жылы дүниеге келген. А.Н. Герцен
атындағы Ленинград мемлекеттік пединститутын
бі тірген (1936). 1936 жылдан ЛМПИ-де дәріс берді.
«Педагогика» дәрістер курсының (1966), «Мектеп
педагогикасы» құралының (1977), дидактикалық
жұмыстардың авторы [260].
Г.И. Щукина аспиранттарға жетекшілік етті, өзінің ғылыми мектебін
құрды. Ол дидактика саласының зерттеушісі бола тұрып,
педагогиканың