273
4.3.
Заманауи әдіснамашы ғалымдар
теориялық білімді нақтылауды жатқызады. Зерттеу әдістерін іріктеудің
өлшемдерінің негізіне мынадай қағидалар ұсынылады: әдістердің нысанға,
пәнге, зерттеудің жалпы міндеттеріне, жинақталған материалдарға бара-
бар болуы; ғылыми зерттеудің қазіргі ұстанымдарына сәйкестігі; ғылыми
болашағы, яғни таңдалған әдістің жаңа, сенімді нәтиже беретінінің
негізделуі; зерттеудің логикалық құрылымына сәйкестігі және т.б.
Еңбектері: Противоречия процесса обучения. – Свердловск, 1970; Учи-
тель как исследователь. – М., 1980; Методология и методы дидактического
исследования. – М., 1982; Пед. предвидение. – М., 1987; Лекции по дидак-
тике высшей школы. –
Челябинск, 1989.
Тәрбие саласын зерттеу әдіснамасын зерттеуші
көрнекті ғалым Борытко Николай Михайлович –
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Вол гоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық
уни верситетінің құрметті профессоры. Ғалым пе да-
гогикалық зерттеу әдіснамасы, кәсіптік білім, тәр-
биенің теориясы мен әдістемесі, білім берудегі инно-
вациялық үдерістер мәселелерімен айналысады, 50-
ге жуық оқу-әдістемелік құралдар дайындады. Білім
берудегі гуманитарлық
зерттеулердің әдінамасы
мен әдістемесі, «Білім беру жүйелерінің инновациялық даму саласындағы
модерация менконсалтинг», «Педагогтің технологиялық шеберлігі» атты
еңбегі ғылыми көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды.
Ғалымның «Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен
әдістері» атты оқу құралы әлеуметтік педагогика мен тәрбие мәселелерін
зерттеушілерге арналған. Бұл оқу құралында гуманитарлық кеңістіктегі
оқушылардың субъектілігінің қалыптасуына, студенттердің кәсіби тәр бие-
сіне, тәрбиеші-педагог даярлауға көңіл бөлінген.
Негізгі еңбектері: «Методология и методы психолого-педагогиче-
ских исследований: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.:
Издательский центр «Академия», 2008. – 320с.; Становление субъектной
позиции учащегося в гуманитарном пространстве урока: монография /
Н.М. Борытко, О.А. Мацкайлова; науч. ред. Н.К. Сергеев. – Волгоград:
Изд-во ВГИПК РО, 2002. – 131 с.; Диагностическая деятельность педагога.
– М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с. и др.
Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерін профессорлар
И.А. Липский мен Л.В. Мардахаев тұжырымдады.
Липский Игорь Адамович – әлеуметтік
педагогика ғылымы мен
тәжірибесінің көшбасшысы. Ол өзінің идеяларын, зерттеулерінің нәти же-
лерін Әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтардың Халықаралық
ассоциациясының бағдарын ұстана отырып әлемдік деңгейде талқылауға