Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет114/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
276
Жасалынған тұжырымдама ғалымның әлеуметтік педагогикаға арналған 
бірнеше оқулықтарында, көптеген мақалаларында көрініс тапты.
Әлеуметтік педагогика оқулығының авторы, танымал ғалым Л.В. Мар-
дахаев ұстанымдарды былайша бөліп қарастырады:
– ғылым ретінде әлеуметтік педагогика ұстанымдары: жалпы әдіс на-
малық сипатта және жалпы ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогикаға 
тән болады. Мұндай ұстанымдар: ғылымның заңға теңесетін бастапқы 
қалпы; негізінде заңдардың тобы жататын неғұрлым жалпы ереже; занның 
жекеше іске асырылуы. Мұндай ұстанымдарға ғылымилық, объективтілік, 
тарихилық, практикамен байланыс жатады;
– практика ретіндегі әлеуметтік педагогика ұстанымдары (тікелей 
айтқанда, әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұйымдастыруды негіздейтін 
ұстанымдар). Олар орындалуы әлеуметтік-педагогикалық қызметтің жо-
ғары ұйымдастырылуын және тиімділігін қамтамасыз етуге ықпал ететін 
бастапқы базалық ережелерді, талаптарды білдіреді;
– әлеуметтік саланың мамандарын даярлау бойынша білім беру ұс-
танымдары, бұл ұстанымдар жоғары (орта кәсіптік) мектеп ұстанымдары, 
олардың талаптарын орындау мамандарды даярлаудың сапасын қамтамасыз 
етеді. Сондай-ақ мұндай ұстанымдарға жалпы сипат тән, жоғары (орта 
кәсіптік) мектептің заңдылықтарын көрсетеді және олардың талапта-
рын жоғары (орта) кәсіби мамандарды даярлауда ескеру қажет. Сонымен 
бірге ғалым табиғатқа сәйкестілік, жеке тұғырлық, гуманизм, әлеуметтік-
педагогикалық әрекеттің тұлғаға шарттылығы, әлеуметтік педагогтің кә сі-
билігі мен әрекетінің нәтижелілігінің өзара байланыстылығы, мә де ниетке 
сәйкестілік, әлеуметтік байланыстылық, ортаға шартты байланыстылық, 
өмір мен тәрбие бірлігі; тәрбие ортасының ашықтығы ұстанымдарының 
мазмұнын ашып көрсеткен.
Профессор әлеуметтік педагогика әдіснамасының даму тарихын төрт 
кезеңге бөліп қарастырады. Әлеуметтік педагогика әдіснамасының парадиг-
маларын нақтылауы да назар аударарлық. Ғалым әлеуметтік педагогиканың 
заңдылықтарын жүйелеген, оның ғылыми пән, білім беру кешені ретіндегі 
кеңістік алаңдарын бөліп көрсеткен. Әлеуметтік педагогиканың білім беру 
кешені ретіндегі мақсаты мен қызметтері кеңінен сипатталған. Сондай-ақ 
әлеуметтік педагогиканың аксиологиялық негіздері қарастырылған.
Профессор Л.В. Мардахаев әлеуметтік педагогиканың әдіснамасын жа-
сауда гуманитарлық әдіснаманы басшылыққа ала отырып, ұлттық тәрбие 
мен интеллектуалдық әлеует мәселелерін терең ойластыруда. Ол Қазақстан 
ғалымдарымен тығыз шығармашылық байланыста заманауи жастардың 
рухани-адамгершілік тәрбиесін зерделеуде.
Профессор Л.В. Мардахаев 5 монографияның, 7 оқулықтың, 10 оқу 
құралының, 300-ден аса ғылыми мақалалардың авторы. Ол зерттеушілерге 


277
4.3. Заманауи әдіснамашы ғалымдар
арнап зерттеудің әдіснамалық сипаттамасы, курстық, дипломдық, ма гистр-
лік жұмысты орындаудың әдіснамасы мен әдістемесі туралы көлемді ең-
бектер ұсынды.
Қазіргі уақытта зерттеу нәтижелері мен білім беру үдерісінің нә-
тижелерін шынайы бағалауға үлкен мән беріледі. Осыған орай ғалымдар 
педагогикалық болмыстың эмпирикалық нысандарын сандық және са-
палық бағалау әдістемелерін жасап ұсынуда. Ресей Білім академиясының 
Білім беруді дамыту стратегиясы институтында педагогикалық өлшемдер 
әдіснамасы зертханасында осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізілуде. Зерт-
хана жұмысын ұйымдастырушы – Н.Н. Найденова.
Найденова Наталья Николаевна – педа го гика 
ғы лымдарының докторы, профессор, Ресей Білім 
ака демиясының педагогикалық ком па рати вистика 
орталығының меңгерушісі. Ол мек теп оқу шы ла ры-
ның білімін тексерудің автомат тан дырыл ған жүйе-
сінің авторы. Педагогикалық өлшемдер мәсе лелері 
бойынша тағылымдамадан өтті (халықаралық зерт-
теу лердің PIRLS, TIMSS, PISA, CIVIC). 
Н.Н. Найденованың ғылыми жұмысының негізгі 
бағыттары: білім беру сапасын өлшеу, халықаралық 
салыстырмалы зерттеулер және түрлі елдердегі тес-
тілеу әдіснамасы, мультиплексті бақылау-өлшеу материалдарын дайындау, 
құзыреттілік пен жалпы функционалдық сауаттылықты өлшеу, тестілеу 
мен сауалнаманың нәтижелерін бағалау әдіснамасы; мониторингтік зерттеу 
әдіснамасы; кәсіптік және бейіндік білім берудегі өлшемдер және т.б. 
Н.Н. Найденова «Оқимын. Жазамын. Ойлаймын» атты түйіндік құ-
зы реттіліктерді жалпы функционалдық сауаттылық бойынша өлшеудің 
авторлық тұжырымдамасын жасады. Білім беру сапасын бағалауға «Эва-
люация» ұғымын, өлшеудің мультиплекс әдісін, жалпы функционалдық 
сауаттылық тұжырымдамасын ендірді. 
Этнопедагогика саласының әдіснамасы да же-
тілдірілуде, ғылыми тәжірибебөлісу күшеюде. Про-
фессор К.Ж. Қожахметованың еңбектеріне педаго-
гика ғылымдарының докторы Шавад Мадов-Хаджи-
евич Арсалиев бірнеше рет сілтеме жасаған болатын.
Арсалиев Ш.М.-Х. 1958 жылы дүниеге келген. 
Шешен мемлекеттік университеті тарих фа куль те-
тінің деканы, Шешен Республикасының ғы лымға 
еңбегін сіңірген қайраткері, профессор. Пе даго-
гикалық Халықаралық академияның ака де мигі. 
Ғалым «Заманауи этнопедагогиканың әдіс на масы» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет