267
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
білу); қолданбалы біліктілігі (ән айта білу, сурет сала білу, музыкалық
аспапта
ойнай білу, үйірме жетекшісі, нұсқаушы, т.б.) жатады.
Осыған байланысты педагогикалық жоғары мектеп алдында педа го-
гикалық міндеттерді өз бетінше шешуге қабілетті кәсіби құзыретті педа-
гог дайындау міндеті тұрғаны айқын. Олар төмендегі педагогикалық мін-
деттерді шеше алатындай болуы керек:
– рефлексивті-талдау (тұтас педагогикалық үдерісті, оның эле мент-
терін, туындаған қиындықтарды талдау және қорытынды жасау, т.б.);
– жобалау-болжау (тұтас педагогикалық үдерісті құру,
жоспарлау,
нәтижені және алынған шешімдердің салдарын болжау);
– ұйымдастырушылық-әрекеттік (оқу-тәрбие үдерісінің әртүрлі нұс-
қа ларын іске асыру, педагогикалық қызметтің әралуан түрінің сәйкестігі);
– бағалау-ақпараттық (педагогикалық жүйенің даму болашағы тура-
лы ақпарат жинау,өңдеу, сақтау және оны бағалау);
– түзету-реттеу (педагогикалық үдеріс ағымын түзету, қажетті ком му-
никативтік байланыстар орнату, оларды реттеп отыру және қолдау).
В.А. Сластенин педагогтің профессиограммасында оның жеке тұл ға-
сының инвариантты, мұрат етілген параметрлері болу керек деп есептейді.
Ол мұғалімге қойылатын талаптарды бір-бірімен байланысты және бірін-
бірі толықтыратын жалпы азаматтық сапалар,
мұғалім кәсібінің өзіндік
ерекшелігін көрсететін сапалар және мамандық бойынша арнайы білім,
икемділік және дағдылар түріндегі үш негізгі компонентке біріктіреді.
В.А. Сластенин оқытудың ұстанымын «ұстаным – бұл практикалық
мақсаттағы ғылыми нәтижелердің өзінің көрінісін түрлерде, соңғы нә ти-
желерінде және білім беру қызметінің тұрғызу нүктесі болып табылатын
жинақталған ұғым» деп түсіндіреді.
Жалпы педагогикада ұстанымдар – бұл білім беру мен тәрбиенің мақ-
са тына сәйкес оқытудың заңдылықтарын қолдану тәсілдерін сипаттайтын
дидактика категориясы. Бұдан ұстанымды таным заңдылықтарының әдіс-
на малық бейнеленуі деп ойлауға болады.
Педагогикалық теорияда оқу жұмысын ұйымдастырудың ондаған ұс-
танымдары бар (жалпы педагогикалық, дидактикалық, психологиялық, ар-
найы және т.б.). В.А. Сластенин және И.Ф. Исаев жоғары мектепте кәсіби
педагогикалық мәдениет қалыптастырудың бірнеше ұстанымдарын атай-
ды, олар:
– білім беру мен өз бетінше білім алуды өзара байланысты ұйым-
дастыру жүйесіндегі
жекелік және саралау ұстанымы;
– жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісіне кәсіби-педагогикалық
бағыттылық ұстанымы;
– ғылыми және педагогикалық қызметтің қайшылықты бірлігі ұс-
танымы;
4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
268
– кәсіби-педагогикалық қызметтің әлеуметтік-мәдени детерминация-
сы ұстанымы;
– үздіксіздік және сабақтастық ұстанымы;
– оқытушының инновациялық қызметке қосылуы ұстанымы;
– тұлға қалыптастырудағы жүйелілік, тұлғалық-әрекеттік
тұғыр лар-
дың бірлігі ұстанымы;
– кәсіби-педагогикалық өзін -өзі жетілдіру ұстанымы.
В.А. Сластенин, С.А. Смирнов, И.Б. Котова, Е.Н. Шиянов «Педаго-
гика» оқу құралында педагогикалық зерттеудің нақты әдіснамалық ұста-
ным дарын ұсынды, жүйелілік, жекелік, әрекеттік, диалогтық, мәдени, этно-
пе дагогикалық, антропологиялық амалдардың мазмұнын ашты.
Достарыңызбен бөлісу: