289
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
Г.А. Умановтың ғылыми-зерттеу жұмысының
негізгі бағыттарына
Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім берудің қалыптасу және даму тен-
денциясының тарихы, шетелдерде білім берудің және педагогикалық кадр-
ларды даярлаудың даму тарихы, орта және жоғары мектеп дидактика сы ның
ғылыми негіздері, сонымен қатар «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу дің
теориясы мен тәжірибесі жатады. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтиже лері
Г.А. Умановтың жарық көрген 120 еңбегінде көpiнic тапты.
Григорий Абрамович Уманов халықаралық деңгейде таяу және алыс
шетелдермен ғылыми-педагогикалық байланыста жұмыс істеді. Педагогика
ғылымын дамытудағы ерекше еңбегі және белсенді шығармашылық ғылыми-
зерттеу жұмысы үшін Григорий Абрамович «Қазақ КСР халық ағарту ісінің
үздігі», «СССР денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгілерімен, Н.К. Крупская
және Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдармен және «Қазақ КСР Жоға-
ры мектебіне еңбегі сіңген қызметкер» құрметті атағымен марапатталды.
Қазақстанда профессор Н.Д. Хмельдің тұтас педагогикалық үдеріс
теориясын зерделеген ғылыми мектебінің орны ерекше.
Хмель Надежда Дмитриевна Украинаның Полтава облысы, Варваровка
селосында 1928 жылы дүниеге келді.
1946 жылы Н.Д.
Хмель Абай атындағы Қа-
зақ тың педагогикалық институтының жаратылыс-
тану-география факультетіне оқуға түcті. Инсти-
тутты үздік бітіргеннен кейін Алматы қаласында
35-мектепте химия мен биологиядан сабақ берді.
1962 жылдан 2008
жылға дейін Абай атындағы
Қазақтың педагогикалық институты педагогика ка-
федрасының профессоры болып жұмыс icтeді.
Дидактика саласында белгілі ғалым, ұлағатты
ұстаз. Н.Д. Хмель 1965 жылы көрнекті ғалым, про-
фессор Р.Г. Лембергтің ғылыми жетекшілігімен
«Жоғары сынып оқушыларының жан-жақты
қызығушылығын қалып-
тас тырудағы жұмыстар» тақырыбында кандидаттық диссертациясын, ал
1986 жылы «Мұғалімді кәсіби даярлаудың теориялық негіздері» тақы ры-
бында докторлық диссертациясын қорғады.
Әртүрлі жылдарда оның көптеген еңбектері жарық көрді. «Жоғары
сынып оқушыларының мәдени қызығулары» (1964), «Студенттердің өз
бетімен жұмысын ұйымдастыру» (1969), «Педагогикалық мәдениет және
педагогикалық шеберлік» (1974), «Педагогикалық үдеріс – мұғалімнің
қызметінің нысаны» (1979), «Мұғалімді кәсіптік даярлаудың теориялық
негіздері» (1998), «Педагогика ғылымының
әдіснамалық негіздерінен
магистранттарға арналған арнаулы курстың бағдарламасы», «Теория и тех-
нология реализации целостного педагогического процесса» (учебное посо-