287
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
Қазақтың ауылшаруашылық институтының кәсіптік
педагогика кафед ра-
сының меңгерушісі, профессоры, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Профессор Ажес Петрович Сейтешев Орта Азияда және Қазақстанда,
қала берді Ресейде кәсіптік-техникалық педагогика саласындағы көрнекті
маман, ғалым болды. Оның 42 монографиялық еңбегі, 24 оқулығы, 80 кі та-
бы, мыңнан астам ғылыми-әдістемелік мақалалары жарық көрді. А.П. Сей-
тешев көп жылдар болашақ жас жұмысшы тұлғасын қалып тас ты рудың тұтас
үдерісін зерттеу мәселесімен айналысты. Осы тақырыпта бірнеше мо но гра-
фиялық еңбектері мен кітаптары жарияланды. А.П.
Сей те шев Қазақстан
Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі және бұрынғы
КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі секілді ғылыми
атақтарга ие. Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі ба ғыт тары:
1. А.П. Сейтешевтің ғылыми жұмысы кәсіби педагогиканың, жоғары
мектеп педагогикасының, кәсіптік оқытудың психологиялық мәселелері,
жастарды кәсіби даярлау жүйесінің ғылыми тұжырымдамасы мен әдіс-
на масын жасау; кәсіптік бағдар беру жүйесін құрудың әдіснамалық қа ғи-
далары; кәсіби педагогикада жобалық зерттеулердің негізгі бағыттары.
2. А.П. Сейтешевтің ғылыми-зерттеу
жұмысының негізгі басты ба-
ғыты – болашақ жас жұмысшының жеке тұлғасын тұтас үдерісте қа-
лыптастырудың ғылыми тұжырымдамасы.
А.П. Сейтешевтің «Оқушылардың техникалық қызығушылығын да-
мыту», «Кәсіптік-техникалық училищенің оқушылары мен жас жұмыс шы-
лардың кәсіптік бағыттылығын тәрбиелеу жолдары», «Оқушыларды жұ-
мысшы мамандығына бағдарлаудың педагогикалық негіздері», «Бо лашақ жас
жұмысшының жеке тұлғасын қалыптастыру жолдары» және т.б. еңбектері
мектеп мұғалімдері, кәсіптік-техникалық училищелердің ше берлері мен
оқытушылары үшін аса құнды түспейтін кітаптары болып есептеледі.
Қазақстанда орта кәсіптік-техникалық білім беру,
тәрбиесі қиын балалар мәселелерін алғашқылардың
бірі болып профессор Г.А. Умановтың ғылыми мектебі
зерттеді. Г.А. Умановтың ғылыми мектебінде тұлғаны
әлеуметтендіру, (В.В. Трифонов, Г.Ж. Меңлібекова жә -
не т.б.); тәрбиесі қиын ба ла лар мен жұмыс (Л.К. Ке-
рімов және т.б.), жоғары пе дагогикалық білім беру маз-
мұнын дамыту және
мұ ғалімдердің шығармашылық
қабілетін дамыту (Ш.Т. Таубаева, А.Д. Қайдарова,
В.В. Шахгулари және басқалар) мәселелері терең
зерттелді.
Уманов Григорий Абрамович – Абай атындағы Қазақтың ұлттық
педагогикалық
университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының
докторы, Қазақстан Республи ка сы ғылымына еңбек сіңірген қайраткер.