Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет117/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
284
педагогикалық ізденістің қисынын ұсынуда. Дегенмен де ғылымның 
классикалық еместен кейінгі дәуірінде Т. Тәжібаевтың зерттеулерін жаңаша 
ойластырып, оларды әдіснамалық талдау нысаны деңгейінде қарастыру 
қажет. Себебі ғылымға келіп жатқан жас буын педагогика тарихын бір 
рет айтылып әрі жазылып кеткен, қазір соны қайталаудың қажеттілігі 
қаншалықты маңызды деген пікірде. Бірақ өткенді шынайы пайымдап, 
оны әрі қарай қазақ елінің мәңгілігін өміршең етуге қызмет жасату үшін 
тарихи-педагогикалық мұраны ғылымның философиясы мен педагогика-
сы қағидалары арқылы түсінуге ұмтылысқа аға ұрпақ жетекші болғаны 
абзал. Оның үстіне, әрбір зерттелетін тақырыптың өз тарихы, өз генезисі, 
эволюциясы бар. Бұларды терең қарастырмайынша, ізденіс қарқынды 
жүргізілмейді әрі түрлі кедергілерге кезігуі мүмкін.
Т. Тәжібаевтың ғылыми еңбектері негізінен психология мен пе да-
гогиканың тарихын зерттеуге арналған. Ол 1939 жылы «К.Д. Ушин-
ский – Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы» деген 
тақырыпта педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу 
үшін дайындалған диссертациясын ойдағыдай қорғап шығады. Демек, 
ғалымның диссертациясы пәнаралық әдіснама тұрғысынан орындалып, 
ХХ ғасырда педагогикалық психология ғылымының негізін салушылардың 
алғашқы легінде тұр деген сөз. Сондай-ақ педагогика тарихындағы жеке 
персоналийларды зерттеудің үлгісін көрсеткені де ақиқат. Қазіргі уақытта 
зерттеушілер жеке ғұламалардың педагогикалық көзқарастарын және олар-
ды білім беру үдерісінде пайдалану жолдарымен бірге зерделеуде. Әйтсе де 
әуелі сол ойшылдардың қалдырған еңбектерін тарихи-педагогикалық зерт-
теу талаптарына сәйкес толық талдап барып, ондағы өзекті, бүгінгі күнгі 
тәжірибеге қажетті тұстарын іріктеп ала отырып, пайдаға жаратудың өзі де 
ғылыми шеберлік деп түсінеміз. 
Т. Тәжібаев 1962 жылы Ленинград педагогикалық институтында 
«ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда халық ағарту ісі, мектеп пен 
педагогикалық пікірдің дамуы» тақырыбында педагогика ғылымының 
докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Докторлық 
диссертациясына оның «ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда 
халық ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы» (1958), «ХІХ ға-
сырдың ІІ жартысында Қазақстанда халық ағарту ісі мен мектеп» (1962),
«ХІХ ғасырдың ІІ жартысында педагогикалық ой-пікірдің дамуы» (1965) 
атты бірнеше монографиялық еңбектері негіз болды. Академиктің 
еңбектеріне жүргізілген талдау нәтижесінде оның сол кезде өз зерттеулерін 
тарихи-педагогикалық зерттеудің әдіснамасын ғылыми болжамдықпен 
қолдана алғанын аңғардық. Сондықтан зерттеушіге қажет болатын
Т. Тәжібаевтың зерттеулерінде қолданылған әдіснамалық ұстанымдар мен 
тұғырлардың жүйесі ғылыми пайымдауды қажет етеді.


285
4.4. Педагогика әдіснамасы саласындағы қазақстандық ғалымдар
1961–1964 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік уни-
вер ситеті педагогика және психология кафедрасының профессоры, ка-
федра меңгерушісі қызметін атқарды.Оның негізгі ғылыми еңбектері 
Қазақстандағы ХІХ ғасырдың ІІ жартысында педагогикалық ой-пікірдің 
даму тарихына, жалпы психология мен педагогика мәселелеріне арнал-
ды. Шын мәнінде, бұл жұмыстар республикада психология ғылымының 
дамуына себеп болды. Т. Тәжібаев алғаш рет Абай Құнанбаевтың, Шоқан 
Уәлихановтың, Ы. Алтынсаринның философиялық, психологиялық және 
педагогикалық көзқарастарына талдау жасады.
Төлеген Тәжібаев өз кезеңінде қазақ тілінің рөлін көтеру қажеттігін 
негіздеген интеллигенция өкілі болды. Бұл ретте кеңес психологиясының 
негізін салушы Л.С. Выготскийдің идеяларына сүйенді. Ол педагогиканың 
әдіснамалық негіздерін де нақты қағидалармен байытты. Нақтырақ айтсақ, 
әлеуметтік педагогиканың ұстанымдары – оның теориялық негіздерінің 
маңызды құрамдас бөліктері, өзінің мазмұнында олар тұлғаның әлеуметтік 
ортада әлеуметтенуін зерттеуге және әлеуметтік-педагогикалық үдерісте 
қолдануға қажет ережелер, талаптар жинағы десек болады. Аталмыш 
ұстанымдар ХХ ғасырдағы педагогиканың мазмұнынан да табылатын еді.
Сондай-ақ Қазақстанда оқу-ағарту ісі мен білім берудің жай-жапсарын 
отбасы мен ауыл өңірінен басталатыны жөніндегі пікірлерін Төлеген 
Тәжібаев өзінің «Қазақстанда қазақ балаларының ауыл мектептері мен 
тәрбиеленуі» деген ғылыми еңбектері мен зерттеулерінде арнайы зерде-
леген. Академик Төлеген Тәжібаевтың еңбектеріне жасалған қысқаша 
талдаудың өзінен біз ғалым сол кездің өзінде әлеуметтік педагогиканың 
табиғатқа сәйкестілік, мәдениетке сәйкестілік, гуманизм, әлеуметтілік 
сияқтыұстанымдарын әдіснамалық, теориялық және тәжірибелік деңгейде 
шебер қолданып, осы ұстанымдар жүйесін педагогика мен психология 
ғылымдарына енгізуге атсалысқанын аңғарамыз.
Кәсіби педагогиканың теориялық-әдіснамалық тұжырымдамасын, ин-
женер маман даярлау жүйесін ҚР ҰҒА академигі Сейтешев Ажес Петрович 
пен оның шәкірттері ұсынды. А.П. Сейтешев ТМД елдерінде кәсіптік білім 
берудің негізін салушы ретінде мойындалған. Оның 
ғылыми мектебі кәсіптік білім беру технологияла-
ры, мамандардың қалыптасуының теориялары мен 
ұстанымдары бағытында жұмыс істеді (В.В. Егоров, 
Ы. Наби, Б. Абдыкаримов және т.б.). 
А.П. Сейтешев болашақ инженер-педагогтардың 
кәсібилігін қалыптастыруды зерттеудің әдіснамалық 
тұғырларын сипаттай отырып, инженер-педагог-
тар дың кәсібилігін қалыптастыруда ізгілік, ан тро-
по логиялық, креативтік, аксиологиялық, акмео ло-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет