47
1.2. Зерттеуші және педагогикадағы зерттеу әрекеті
Педагог-практиктің қызметінің мақсаты
мен педагог-зерттеушінің
мақ саты жұмысының нәтижесіне қарай ажыратылады. Біріншіге оқу шы-
лар ды оқыту мен тәрбиелеуде оңды нәтижеге жету, ал екіншіге білім беру
са ласындағы практик қызметкер әрекетінің тиімділігін ғылыми көзқарас
арқылы негіздеу, білім берудің барлық деңгейлеріндегі ұйымдардың
жұмысын
жетілдіруге жаңа әдістер ұсыну, білім саласын дамытудың
келешегін айқындау, осыған нақты түсіндірме табу маңызды.
Дидактика саласындағы зерттеудің әдіснамасын, әдістерін,
техноло-
гияларын, техниканы меңгеру зерттеушінің тұлғалық дамуына, сонымен
бірге құзыреттілікке жетуіне ықпал етеді. Сөйтіп, оқу материалын оқып
білу үдерісінде қалыптасқан жалпы мәдени құзыреттіліктер ғы лы ми
дүниетанымды кеңейтіп тереңдетеді, өзінің интеллектуалдық жә не жал пы
мәдени деңгейін
жетілдіруде және дамытуда, өз қызметінде әлеу мет тік-
мәдени жағдайға бейімделуде жаңа идеяларды жасау қабілетімен қа ру лан-
дырады.
Кәсіби құзыреттіліктер зерттеушіні дидактиканың іргелі бөлімдері мен
соңғы жетістіктерін игеріп, ғылыми-зерттеу міндеттерін шешуді қамтама-
сыз етеді. Осы құзыреттіліктерді игеру арқылы жұмысты өз бетінше жоспар-
лау біліктілігі, дидактика саласында ғылыми зерттеудің нақты міндеттерін
айқындау іскерліктері, оларды ақпараттық технология көмегімен ең жаңа
отандық және шетелдік тәжірибенің көмегімен шешу қалыптасады.
Жалпы кәсіби даярлық зерттеу типтері туралы ұғым береді:
– іргелі зерттеулер дидактика теориясын, оның әдіснамасын және
ғылыми статусын ғылым ретінде жасақтауға бағытталған. Іргелі зерттеулер
нәтижелері әруақытта және бірден білім беру практикасына тікелей шыға
алмайды;
– қолданбалы зерттеулер үлкен дәрежелі практикалық міндеттерді не-
месе практикалық бағыттағы теориялық мәселелерді шешеді. Қолданбалы
зерттеулер іргелі жаңа ашылулар мен практиканың арасына «көпір» жасай
отырып, іргелі зерттеулерді логикалық түрде жалғастырады;
– білім беру жүйесін оқу-әдістемелік құжаттармен – оқу бағдарла ма-
лары, әдістемелік құралдар, ұсыныстар және т.б. тікелей
қамтамасыз етуші
ретіндегі жобалау жұмыстары.
Сонымен қатар ғылыми-зерттеу құжаттарын жасақтауға және рәсім-
деуге, ғылыми есептерді, шолуларды, баяндамаларды және мақалаларды
жазу дағдыларын практикада қолдануға дайындық туындайды. Оларға ғы-
лыми-зерттеу қызметін этикалық, экологиялық талаптарды ескере отырып
орындау қабілеті және ғылыми авторлық құқығын жүзеге асыруды қам та-
масыз ету жатады.
Дидактикалық құзыреттілік сабақтарды классикалық, дәстүрлі және ин-
новациялық тұрғыда өткізуге дайындықты нығайтады және дидактикалық
1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
48
жағынан сауатты ұйымдастыру мен ізденісті қамтамасыз етеді.
Олардың
қалыптаса бастауы алдыңғы қатарлы педагогикалық тұжырымдамалардың
мәнін меңгеріп, зерттеудің ғылыми аппаратын жасақтай білуді меңгеруге,
теориялық идеялар мен ережелерді аналитикалық-синтетикалық тұрғыда
жүзеге асыруға, эксперимент жүргізе білуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: