141
2.3. Ғылыми-педагогикалық
зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
лардың танымдық белсенділіктерін арттырудың бір жолы деп көрсеткен
психолог-зерттеушілер ретінде Д.Б. Годовкина, А.Н. Поддьяков, С.П. Ива-
новаларды атап айтуға болады.
Оқушылардың зерттеу іс-әрекетін педагогикалық тұрғыдан қарастырып
отырғандықтан, зерттеуші алдымен педагог-ғалымдардың аталмыш мәсе-
леге қатысты көзқарастарына тоқталады. Олай болса,
жалпы оқытудың,
яғни өскелең ұрпақ бойына адамзат жинақтаған тәжірибелер мен білімдерді
берудің тиімді әдіс-тәсілдерінің қатарына жатқызып, оқушылардың өзіндік
жұмыстарын ұйымдастыруда зерттеу іс-әрекетін қалыптастырудың жол-
дарын іздестіріп, аталмыш іс-әрекеттің нәтижесі оқушылардың білімінің,
икемдік-дағдыларының қалыптасуымен байланысты екенін көрсеткен пе-
дагогтардың бірі – П.И. Пидкасистый. Ол өз еңбегінде оқушылардың өзіндік
жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін арттыруға бағытталып,
ғылыми таным әдістері арқылы ұйымдастырылуы керек дейді және ол
жұмыстардың түрлерін төмендегідей ажыратады:
– мұғалімнің жетекшілігімен оқулықтағы
берілген мәтінді оқып,
түсіне отырып, оқулықта көрсетілген әдістер арқылы бақылау және
тәжірибе жасау, осының нәтижесінде жаңа білімдер жинақтау;
– мұғалімнің алдын ала беретін бағытынсыз оқушылардың өз бетімен
жинақтайтын білімдері:
1) оқу арқылы – шағын мақалалар мен басылымда жарияланған мә лі-
меттерді жинақтау арқылы білімін толықтыру;
2) бақылау арқылы – тиісті тақырыпқа
байланысты заттар мен
құбылыстарға бақылау жасап, қорытынды жазу;
3) тәжірибе арқылы – өте қарапайым және күрделі құрылғыларды
қажет ететін тәжірибелерді жүргізу.
Бұл көрсетілген білімді жинақтау тәсілдері автордың ойынша, оқу шы-
ларға ғылыми білімді, ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруіне үлкен қадам жа-
сауға алғышарт бола алады, алғашында бұл таным нысаны ретінде көрінсе,
оқушы бұл білімді толық меңгергенде оқушының танымдық іс-әрекетінің
құралы ретінде қалыптасады деген ой айтады.
Оқушылардың осындай өздік жұмыстарының түрлерін
ажыра-
тып, өзін дік ғылыми-шығармашылық жұмыстарына ерекше мән берген
М.И. Мах мутов бұл жұмыстардың жасалу жолдарына тоқталып, оның
мазмұны мен жүзеге асыру жолдарын көрсетеді. Аталмыш жұмыстардың
мазмұнына кіретін мәселелер: жергілікті жердің табиғаты, тұрғындары, ша-
руа шылығы, сол жерде мекендейтін аңдардың түрлері, олардың тіршілік
тынысы. Ал жүзеге асырылу жолдары:
оқушының эксперименті, экскур-
сия және фактілер жинақтау, мұрағаттарды зерттеу, жергілікті жердің тұр-
ғын дарымен әңгімелесу, баяндамалар дайындау,
әдебиеттерден ақпарат
алу, құрастыру және модельдеу. Сондай-ақ ол оқушылардың зерттеу іс-