2-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің ғылыми аппараты
148
лады. Бұл оқушы шынайы оқитын, бірақ онда оқу іс-әрекеті алгоритмін
бекітудің сыртқы құралдарын қолданған жағдайда: сәйкес мазмұнда оқу
карталары немесе оқу үдерісін ағымдық басқаруды іске асыратын және істің
барысында оған сол іс-әрекеттің құрамына қандай әрекетті оның орындауы
қажет екенін айтып отыратын оқытушы адам. Әрине, мұндай жағдайларда
оқушыны, ақпараттарды сыртқы иеленушілердің нақты әрекетер жаса-
уына мүмкіндік беретін, негіздік икемділігі болуы тиіс. Сонымен, оқу іс-
әрекетінің субъектісі – мұғалім.
В.М. Полонский педагогикалық зерттеудің міндеттерін анықтауда
зерт теудің фасеттік жіктемесін ұсынды. Бұл жіктемелерге сәйкес нақты
ережелердің жиынтығы мен белгілер бойынша бөлудің қалыптасқан
жүйесі негізінде көптеген нақты объектілерді топтарға реттеп бөлу тән.
Фасет – қандай да бір белгі бойынша біріктірілген бірыңғай термин-
дер тобы (бөлу негіздемесінің сипаты). Зерттеудің фасеттік жіктемесі
– объектілерді зерт теу дің түрлі жақтарын сипаттайтын тәуелсіз
топтамаларға бөлу. Әр фасетке білім саласындағы ғылыми жұмыстардың
түрлі белгілерін сипаттайтын көптеген терминдер кіреді. Теориялық және
тәжірибелік маңыздылығы тұрғысынан зерттеудің сипатын көрсететін
белгісінің төрт түрін бөліп көрсетуге болады (міндеттер, нәтижелер,
тұтынушы, басылым түрі).
Бірінші фасет – зерттеудің міндеттері жұмысты жоспарланған мақ сат-
тардың нәтижелері тұрғысынан сипаттайды. Ғалым дидактикадағы зерт-
теудің түрлі тұрпаттары үшін жіктемелік белгілердің құрылымында мін-
дет терді келесі терминдер көмегімен белгілеуді ұсынады: талдау; енгізу;
айқындау; болжам; толықтыру; оқып-білу; зерттеу; қолдану; нақтылау;
жалпылау; деректеу; талқылау; сипаттау; анықтау; бағалау; дайындау; рас-
тау; бекіту; құрастыру; тексеру; даму; қарастыру; жүйеге келтіру; жетілдіру;
құру; нақтылау; тұжырым; сипаттама.
Белгілі тақырып бойынша зерттеудің өзектілігі ретінде зерттеудің
бөлімін жазудың әдістерін аша түсу қажет. Зерттеудің эксперименті мен
әдістері туралы оқулықтың 3.4-тармақшасынан қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: