Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет98/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
244
Полонский Валентин Михайлович (1938) – бел-
гілі ғалым, РБА корреспондент-мүшесі, Грузияның 
Білім беру ғылымдары академиясының академигі, 
педагогика ғылымдарының докторы. Валентин Ми-
хайлович Полонский – РБА Педагогиканвң теори-
ясы мен тарихы институтының жалпы және нор-
мативті әдіснама орталығының жетекшісі.
Жұмысының негізгі бағыттары: педагогика 
ғы лымының әдіснамасы, ғылыми-педагогикалық 
зерт теулер сапасын бағалау өлшемдері мен әдістері, 
зерт теулерді жіктеу, педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппараты, ғылыми-
педагогикалық ақпарат; білімдер жүйесін тексеру және бағалау, интернет 
жүйесіндегі білім беру порталын бағалау өлшемдері.
В.М. Полонский ғылыми-педагогикалық зерттеулер сапасын ба ға-
лау тұжырымдамасын жасады, әртүрлі типтегі өлшемдер жүйеленді, пе-
дагогикалық зерттеулерді, фасеттік жүйелерді, іргелі, қолданбалы зерт-
теулер мен жасалымдардың өзектілігін, жаңалығын, теориялық және 
прак тикалық маңыздылығын сипаттау және анықтау әдістері, зерттеу нә-
тижелері ғылыми қорға енгізілді. Зерттеу нәтижелері Ресейдің Жоғары 
Аттестациялық Комиссияның диссертацияларға қоятын талаптарына енді.
В.В. Краевский және В.М. Полонскиймен тығыз шығармашылық бай-
ланыста Е.В. Бережнова қолданбалы зерттеу мәселелерімен айналысты. 
Бережнова Елена Викторовна – педагогика ғы-
лымдарының докторы, профессор. Ға лым өз зерт-
теуінде педагогтің әдіснамалық мәде ние тін кә сіби 
дайындаудың құрамдас бөлігі ре тінде қарас тырады. 
Ол ғалым мен практиктің әдіс намалық мәдениетінің 
ұқсастықтары мен айыр ма шылық та рын көрсетті. 
Мұғалім әдіснамалық мәдениетті мең геруі үшін фи-
лософиялық, социологиялық, психологиялық жә не 
әдіснамалық білімдерді оқып-үйренуі қажет тігін 
негіздеді.
Е.В. Бережнова ғылыми зерттеулердегі іргелілік 
пен қолданбалылықтың арақатынасын талдады. Ол ғылымдағы іргелілік 
пен қолданбалылық үш жерде көрініс беретінін дәлелдеді: бірінші түрі 
– ғылымдардың іргелі және қолданбалы болып бөлінуі, екінші түрі – бір 
ғылым аясында іргелі және қолданбалы зерттеулердің жүргізілуі, үшінші 
түрі – жеке зерттеудің іргелі және қолданбалы қызмет атқаруында.
Ғалым студенттердің оқу-зерттеушілік әрекетінің негіздерін, педа-
гогика әдіснамасының мазмұнын, әдіснаманы ғалым В.В. Краевскиймен 
шығармашылық бірлестікте анықтады. 


245
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
Е.В. Бережнова педагогикалық білім беру, жоғары мектеп дидактика-
сы, педагогика әдіснамасы мәселелерін зерттеді.
Негізгі еңбектері: Прикладное исследование в педагогике:монография. 
– М., 2003. – 164 с.; Основы учебно-исследовательской деятельности сту-
дентов. – М., 2017. – 128 с. (в соавторстве: В.В. Краевский); Методология 
педагогики: новый этап. – М.: Издательский центр «Академия», 2008 (в со-
авторстве: В.В. Краевский).
Н.А. Константинов пен З.Н. Равкин педаго-
гика мен білім беру тарихы саласындағы ғылыми 
мектептің негізін салды.
Константинов Николай Александрович [26.05.1894, 
Телыпи қаласы, қазіргі Тельшяй, Литва – 18.04.1958, 
Мәскеу қаласы]. 1946–1949 жылдары Жалпы педагоги-
ка институтын басқарды. 
Ғылыми мектептің негізін салған академик, пе-
дагогика ғылымдарының докторы, профессор. Ол 
педагогика тарихының теориялық негіздерін зер-
де леді, оның зерттеу мәселесі мен әдістерін кеңейте зерттеді. Ғалымның 
тарихи-педагогикалық еңбектері терең талдауымен, салыстырмалы және 
сыни тұрғыларымен, зерттеуін шетел тіліндегі әдебиеттерге негіздеуімен 
ерекшеленеді. Николай Александрович Константиновтың идеясын да мыт-
қан академик 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет