Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет99/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Равкин Захар Ильич.
З.И. Равкин (1918–2004) – педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор. Ол отандық тарихи-педагогикалық 
үдерістің дамуының жаңа тұжырымдамасын негіздеді. Тұжырымдаманың 
негізгі белгілері: зерделенуші тарихи-педагогикалық үдерісті бейнелеудің 
объективті сипаты, бұрынғы жағымды тәжірибені өзектендіру; оны зама-
науи мәселелер тұрғысынан педагогиканың қалыптасуының гуманистік 
негіздерін қарастыру болды.
Ғылыми мектептің базистік теориялық қағидаттары:
– білім беру тарихын зерделеудің әдіснамалық және теориялық тұ-
ғырларын мақсатты жасау (жалпы әдіснама);
– нақты тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық құрамдас 
бөлігінің анықтығы (құрылымдық әдіснама);
– хронологиялық сипаттаудан гөрі мәселелік тұғырдың басымдығы;
– тарихи-педагогикалық зерттеулердің пәнаралық сипаты, филосо-
фия, әлеуметтану, психологияның мәліметтерін жүйелі пайдалану;
– тарихи-педагогикалық зерттеулердің отандық білім беру мен өзекті 
мәселелерге бағытталуы;
– зерттеулердің болжамдық сипаты;
– тарихи-педагогикалық үдерісті тұтас қарастыру;


4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
246
– тарихи-педагогикалық үдерістің дамуының тұлғалық тұғырына ба-
са назар аудару;
– зерттеудің терең ғылымилығын сипаттаудың сезімдік-көркемдік, 
публицистикалық стилімен ұштасуы.
Негізгі теориялық нәтижелер:
– тарихи-педагогикалық зерттеулер әдіснамасының түбегейлі жаңа-
руы және білім беруді дамыту үдерісін дамытуға мәденитанымдық, өр ке-
ниеттік, аксиологиялық пен парадигмалық тұғырларды жасау және пайда-
лану;
– әлемдік тарихи-педагогикалық үдеріс аясында отандық мектеп пен 
педагогиканың дамуын кешенді зерделеу және түсіндіру;
– ХХ ғасырдағы отандық білім беру үдерісінің тұтас мәдениетін құру;
– білім беру аксиологиясына гуманистік парадигманың дамуына сай 
тұлғаның руханилығын тәрбиелеу;
– Ресейлік білім берудің дамуының идеялық, философиялық-дүние-
та нымдық базасын кеңейту және терең қайта ойластыру.
1971–1991 жылдары Кеңес өкіметі кезінде білім мазмұнын құрастыру 
теориясының дамуы. Қазіргі кезеңде дидактика – педагогика ғылымының 
дамыған, неғұрлым қалыптасқан маңызды да күрделі саласы ретінде қоғам 
дамуының белгілі кезеңдерінде мектеп алдына қойылатын жаңа, аса жауап-
ты міндеттерді ойдағыдай шешу барысында үнемі дамып отыратын ғылым. 
Орта білім беру жүйесінде дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, 
құрылымын, оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын, ерекшеліктерін, та-
лаптарын, шарттарын, оны ұйымдастыру әдістері мен формаларын және 
технологиясын, оқыту нәтижелілігін зерттейтін педагогиканың маңызды 
саласы болып табылады.
Дидактиканың тарихи тамырларын зерттеу – бүгінгі таңда орта жалпы 
білім беретін мектептегі пәндерді оқыту заңдылықтары мен ұстанымдарын 
жүйелеу, білім құрылымы мен мазмұнын жетілдіру, жаңа сапалы білімге 
қол жеткізу үшін аса құнды. 
Дидактиканың негізін салған педагог Я.А. Коменский «Ұлы дидакти-
ка» атты еңбегінде дидактика ұғымына анықтама беріп, оның зерттеу ны-
сандарын, ұстанымдарын анықтап, оны ғылыми жүйе ретінде негіздейді, 
оқытудың әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Ресей педагог-дидактары М.Н. Скаткин, Б.П. Есипов, М.А. Данилов, 
Л.В. Занков, В.В. Краевский, И.Я. Лернер, Ю.К. Бабанский, В.С. Леднев, 
Б. Гершунский оқыту ұстанымдары, оған қойылатын дидактикалық талап-
тар, білім мазмұны мен құрылымы, оқытуды ұйымдастырудың әдістері 
мен формалары, мектеп оқушыларының меңгеруге тиісті білім көлемі, оқу 
әрекеттері, пәннің мазмұнына қойылатын талаптар, жаңа оқыту техноло-
гияларын ғылыми тұрғыдан пайымдайды. Олардың еңбектерінде: «Білім – 


247
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
адам, қоғам, табиғат, заттар мен құбылыстар жайлы ғылымда жинақталған 
білім жүйесі; адамзаттың жинақтаған мол тәжірибесі; ұғымдардың, заң ды-
лықтардың, тұжырымдардың, қағидалардың, деректердің, пайымдардың 
жиынтығы, т.б. Білім беру – қоғамдық, әлеуметтік, мәдени құбылыс; 
қоғам мен мемлекеттің өзінің азаматына қатысты қызметі; тұлғаның 
мәдениеті, мәдени құндылық; білім, білік, дағды-машықтардың және ойлау 
құралының жүйесі; ғылыми көзқарастар, шығармашылық қабілеттер мен 
мүмкіндіктерді дамыту үдерісі; терең сапалы білім негізінде жеке тұлғаның 
еркін бағдарлай білу, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамыту үдерісі; білім, 
білік, дағды мен іс-әрекеттердің жиынтығы және оны жүзеге асырудағы 
адамның іс тәжірибесі; білім берудің тұтастығы, нәтижелілігі, т.б. 
Білім берудің мазмұны – дидактиканың негізгі нысаны; ғылыми білім 
мен білік, оқу дағдыларының қалыптасу жүйесі; өзіндік шығармашылық, 
ізденушілік әрекет тәжірибесі; жеке тұлғаның жан-жақты дамуының сапалық 
мазмұны мен сипаты. Оқыту – дидактиканың маңызды категорияларының 
бірі; оқытушы мен оқушының өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-
қатынасы, іс-әрекеті; білім беру, біліктері мен дағдылары, іс-әрекеттерді 
меңгерту үдерісі; белсенді шығармашылық әрекетті басқарудың негізгі 
жолы; сапалы білім беру, тәрбие, дамыту мқсаттарына сай оқушылардың 
шығармашылығын дамытуға бағытталған арнайы ұйымдасқан іс-әрекеті, 
т.б. Оқыту үдерісі – мұғалім мен оқушылардың мақсатты бағытталған 
үйлесімді іс-әрекетінің нәтижесінде жеке тұлғаның толық, терең, сапалы 
білім меңгеруі, танымдық және өзіндік шығармашылық қабілеттерінің да-
муы; біліктер мен дағдыларды қалыптастыру тәжірибесінің көзі», – деп 
қарастырылды.
Педагогика ғылымында білім мазмұны теориясы (М.Н. Скаткин,
В.П. Беспалько, В.В. Краевский, И.Я. Лернер, В.С. Леднев, Л.Я. Зорина, 
А.В. Усова және т.б.), жалпы орта және кәсіптік-техникалық білім мазмұны, 
сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің оқу пәнін құрастыру теориясы 
жасалынған. Педагогика ғылымының зерттеушілері оқу пәндеріне матери-
ал іріктеу ұстанымдарына байланысты барлық идеяларды талқылап отыр-
ды. Бұл идеялар ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы оқу бағдарламаларын 
жетілдіруде көрініс тауып отыр. 1965 жылдың өзінде «Советская педагоги-
ка» журналында «Ғылым және оқу пәні» атты пікірталас ұйымдастырылып, 
білім мазмұнын таңдау ұстанымдары туралы мәселе көтерілген еді. «Оқу 
пәні» түсінігінің дамуында оқытуды ғылыми негіздеу мен жалпы орта 
білімінің теориялық негіздері әдіснамасы саласындағы іргелі зерттеулер 
маңызды кезең болып табылады (В.В. Краевский және т.б.). Бұл ретте «білім 
мазмұны», «оқу пәні», «ғылым негіздері» сияқты түсініктердің мәні терең 
зерделенеді, оқу пәндерінің қызметтері анықталды, олардың мазмұнындағы 
жетекші компоненттер бөлініп алынып көрсетілді, оқу пәндерінің типтері 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет