Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет97/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ғылыми мектептің бір анықтамасына талдау жасаңыз.


241
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
2. Педагогика әдіснамасының негізін салушылар қандай бағыттарда зерттеулер 
жүргізді?
3. Ғалымдардың педагогика әдіснамасын дамытуға қосқан үлестерін сипаттаңыз.
4. Құзыреттілік тұғырының негізін салған Н.В. Кузьминаның еңбектеріне шолу 
жасаңыз.
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы 
жетекші ғылыми мектептер
«Ғылыми мектептер» – ғылыми әрекеттің субъективті және объективті 
бөліктерінің сабақтастығымен, «оқытушылар» қарым-қатынасымен си-
пат талатын бейресми ғылыми қауымдастық. Әдетте ғылыми әрекеттің 
субъективті бөлігіне мектептің негізін салушының тұлғасының ерек ше-
лік терін, оның сенімін және қызығушылығын, ғылымға, өзінің зерттеуіне, 
әрекеттеріне қатынасын, зерттеуінің стилін, таным нәтижесін жазып көр-
сетуді жатқызады. Ал объективтік бөліктерге ғылыми-зерттеушілік бағ-
дар лама, идея, зерттеудің пәні, теориялық көзқарастары, ғылыми зерттеуді 
ұйымдастырудың әдістері мен құралдары, ғылыми дәстүрлер енеді.
Ғылыми мектепте ғылыми әрекет тәжірибесі мен жинақталған бі-
лім дерді сақтау, эвристикалық (жаңа білімдер жасау), зерттеушілік және 
педагогикалық қызмет тән. Сондықтан ғылыми мектептерде ғалымдар 
тәжірибесін зерделеу қажет-ақ. Педагогика саласындағы ғылыми мек теп-
тің негізін салушы, өзінің тұжырымдамасы, ғылыми-зерттеушілік бағ дар-
ламасы бар, танымал әрі беделді ұжым. Мектептің идеялары мен теория-
лары түпнұсқалылығымен ерекшеленеді, оның дүниетанымдық бірлігі, 
ғылыми тұғырлардың, зерттеу стилі ортақтығы екені көзге түседі. Ғылыми 
мектеп – ашық жүйе. Ол ғалымдар ізденістерін мойындай отырып, алға 
жылжуда. Идеяларға және олардың әсеріне ашық болу – ғылыми мектептің 
даму факторы. Бұл ғылыми мектептегі зерттеулер оның негізін салушының 
ғылыми бағыты, ұжымның ұстанымдары, мектептің негізін салушының 
жеке қасиеттері бір-бірімен ұштасып жататынын көруге болады.
Ғылыми мектептің пайда болу, қалыптасу, даму жолдарын зерттеушілер 
ғылыми іс-әрекет пен басқарудың жинақы әрі бағдарлы негізін басшылыққа 
алып ғылыми мектептің бес типін, ғалымдардың төрт тобын (ойлаудың 
жаңа тәсілін жасаушылар, ғылымдағы ірі ғалымдар, іргелі ғылымдағы өз 
үлесі барлар, ғылымның қолданбалы саласының мамандары) атап өтеді. 
Ғылыми мектептің құрылуы тек зерттеуші өнеріне үйретумен шектелмейді, 
сондай-ақ ғалымдар жалпы мәселе немесе бағдарлама бойынша жұмыс 
істеуге күштерін біріктіру үшін де ұйымдасады.
Ғылыми мектептің мәнді белгісі – оның жетекшісінің зерттеу бағ-
дар ламасы бойынша жұмыс істеуі, жаңа идеяларды қорғауы және жас 


4-тарау.
Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
242
ғалымдарды үйретуі. Ғылымда ғылыми мектептің қызметі мен дамуының 
түрлі қырларын М. Вебер, Т. Кун, Е.С. Ляхович, Н.П. Лукина, Н.А. Ло-
гиновалар зерделеді. Олар негізінен ғылыми мектеп деп білімді жасаудың 
ұжымдық түрін таниды.
Ғылыми мектептерде педагогика әдіснамасының мәндік алаңы нақ-
тыланған болатын.
1944 жылы құрылған Педагогиканың теориясы мен тарихи инсти-
туты еліміздің сол кездегі жетекші ғылыми мекемесі болып табылды.
XX ғасырдың 90-жылдарына қарай келесідей ғылыми мектептер жұмыс 
істеді:
– В.В. Краевский мен В.М. Полонскийдің ғылыми мектебі (Педагоги-
ка әдіснамасы);
– М.Н. Скаткин, Н.М. Шахмаев, И.Я. Лернердің ғылыми мектебі 
(Жалпы орта білім дидактикасы);
– Н.А. Константинов пен З.И. Равкиннің ғылыми мектебі (Педагогика 
мен білім беру тарихы);
– З.А. Малькова мен Б.Л. Вульфсонның ғылыми мектебі (Салыстыр-
малы педагогика);
– Л.И. Новикованың ғылыми мектебі (Балалар мен жастардың 
тәрбиесі мен әлеуметтенуін жүйелік тұрғыдан зерттеу);
– C.Я. Батышев және А.М. Новиков (Кәсіптік педагогика – үздіксіз 
білім беру теориясы).
Институтта педагогика мен білім беру саласында іргелі зерттеулер 
жүргізіледі, халықаралық бүкілресейлік ғылыми конференциялар мен се-
минарлар, білім беру мекемелерінде эксперименттік алаңдар ұйым дас ты-
ры лады, халықаралық ынтымақтастық дамыды. 
В.В. Краевский мен В.М. Полонскийдің педагогика әдіснамасы са ла-
сындағы ғылыми мектебі.
Ғылыми мектептің зерттеу нәтижелері:
– тәжірибеде пайдалануға қолайлы бірыңғай әдіснамалық талаптарға 
сай ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін сипаттаудың 
нысандық-бөліктік әдісі;
– ғылыми-педагогикалық зерттеулердің фасеттік жіктемесі;
– педагогика әдіснамасы (В.В. Краевскийдің жетекшілігімен, 70-80 жыл-
дар). В.В. Краевскийдің еңбектерінің арқасында бірнеше онжылдықтан 
соң педагогика әдіснамасы дербес ғылыми пән болып қалыптасты, пе да-
го ги калық білім беру стандарттарында курстардың мазмұны нақты ланды. 
Оның жүргізген әдіснамалық семинары кеңінен өрістеді;
– нормативті әдіснама, педагогиканың ұғымдары мен терминдері 
стандартталды, «Жалпы білім беретін мектеп, Педагогика» рубрикаторы 
құрылды, бірнеше сөздіктер даярланды.


243
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
Краевский Володар Викторович (1926–2010) – 
көрнекті педагог, КСРО ПҒА академигі (1993), пе-
дагогика ғылымдарының докторы (1978), профессор 
(1986). Володар Викторович Краевский 1950 жылы 
Куйбышев педагогикалық институтын бітірді. 1948 
жылдан ғылыми-педагогикалық жұмысқа аралас-
ты. 1958–1962 жылдары «Мектептегі шетел тілі» 
журналының редакторы, 1962–1966 жылдары «Про-
свещение» баспасында жұмыс істеді. 1966 жылдан 
КСРО ПҒА ғылыми-зерттеу институтында (1970 
жылдан зертхана меңгерушісі), 1993 жылдан ПҒА-
ның Білім беру философиясы және теориялық педагогика бөлімінің акаде-
мик-хатшысы болып істеді. 
В.В. Краевскийдің еңбектері педагогиканың әдіснамасы мен теориясы, 
дидактика, орта мектепте шет тілін оқыту әдістемесі салаларына арнал-
ды. Ол педагогика ғылымы мен практикасының байланысы, ғылыми және 
оқыту жұмысындағы әдіснамалық рефлексия, педагогика ғылымының басқа 
ғылымдармен арақатынасы тұжырымдамасын жасады; педагогикалық 
зерттеудің әдіснамасы мен логикасын сипаттады. Дидактикалық еңбек-
те рінде ғылымның практикаға қатысты болжау қызметін іске асыратын 
оқытуды ғылыми негіздеудің қызметтерін, құрылымын, әдіснамалық шарт-
тарын белгіледі, нақтылады. Жалпы орта білім мазмұнын қоғамның білім 
беруге қоятын талаптарының моделі деп қарастырды; оның теориясын жа-
сау мәселелерінің әдіснамалық негіздерін ашып көрсетті; білім мазмұнын 
қалыптастыру деңгейлерін анықтады; жалпы теориялық түсінік, оқу пәні, 
оқу материалы, оқыту үдерісі және тұлғаның құрылымы. Тұтас оқу-тәрбие 
үдерісінің жалпы педагогикалық және дидактикалық сипаттамасын және 
оны құру ұстанымдарын ұсынды. 
Еңбектері: Внеклассная работа по иностр. языкам в школах-интерна-
тах. – М., 1964 (соавт.); Проблемы научного обоснования обучения. – М., 
1977; Соотношение пед. науки и пед. практики. – М., 1977; Теоретич. осно-
вы содержания общего образования. – М., 1983 (соавт.); Теоретические ос-
новы процесса обучения в сов. школе.– М., 1989; Методология педагогики: 
новый этап развития. – М., 2006.
В.В. Краевскийдің ғылымдағы оқушысы академик В.М. Полонский 
жалпы мемлекеттік қорға енген ғылыми-педагогикалық зерттеулердің 
сапасын бағалау тұжырымдамасын жасады. Зерттеулерінің нәтижелері 
Ресейдің педагогика ғылымдары бойынша диссертацияларға қойылатын 
талаптарының негізіне алынды. Ғылыми-педагогикалық ақпарат саласын-
да стандарттар мен нормативті құжаттар дайындады (рубрикаторлар, те-
заурус, сөздіктер және т.б.). Бұл құжаттар елдің кітапханаларында және 
ақпараттық орталықтарында қолданысқа енді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет