Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Атмосфералық қысым жоғарылаған жағдайда тыныс алу



Pdf көрінісі
бет123/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Атмосфералық қысым жоғарылаған жағдайда тыныс алу. 

Атмосфералық қысымның өсуі терең шахталарда, сүңгуір жұмыс 

жағдайларында байқалады. Əрбір 10,4 м тереңдікте қысым бір 

атмосфераға жоғарылайды. Жалпы алғанда тереңдікте болу онша 

қауіпті емес. Бірақ қысымы жоғары жерде ұзақ уақыт болғанда 

қанда еріген газдардың, əсіресе, азоттың, мөлшері көбейеді. Үлкен 

тереңдіктен тез көтерілген жағдайда, қан мен ұлпалардағы еріген 

азот газ көпіршіктеріне айнала бастайды да, өкпе арқылы бөлініп 

үлгермейді. Сондықтан ұлпалар мен қанда газ көпіршіктері жи-

налып, олар ми, жүрек, т.б. тіршіліктік маңызы зор ағзалардың та-

мырын бітеп (эмболия), қан айналымын бұзады да (кессон ауруы)

өлім қаупін тудырады.

Атмосфералық қысым жоғарылаған жағдайда тыныс жиілігі 

2-4 есе төмендейді. Дем алу жеңілдеп, оның уақыты қысқарады 

да, дем шығару қиындап, оның уақыты ұзарады. Эритроциттердің 

қан қоймаларына жиналуының салдарынан айналымдағы қанның 

құрамындағы оның саны азаяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет