Атмосфералық қысым төмендеген жағдайда тыныс алу.
Организмде газ алмасу процесі жеке газдардың үлес қысым
айырма сына сəйкес жүретінін баяндап өттік. Көмір қышқыл га-
зының үлес қысымы альвеола ауасында біршама тұрақты дең-
гейде сақталады. Оның мөлшеріне амосфералық қысымның жо-
ғарылап, төмендеуі айтарлықтай əсер ете қоймайды. Мұның зор
физиологиялық мəні бар, өйткені ол тыныс орталығының қоз-
ғыштық қабілетін сақтауға мүмкіндік береді.
Оттегінің альвеола ауасындағы үлес қысымы тұрақсыз: ат-
мосфералық қысым жоғарыласа, ол көбейіп, төмендесе, аза-
йып отырады. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын атмосфера ауа-
сының қысымы төмендеп, альвеола ауасындағы оттегінің үлес
қысымы азаяды. Сол себепті қандағы оттегі кеміп, организм-
де оның тапшылығы байқалады. Мысалы, теңіз деңгейінен
3,4- 4,5 км биіктікте атмосфералық қысым с.б. 500-540 мм, ал
аль
веола ауасындағы оттегінің үлес қысымы 60-65 мм шама-
сында қалыптасады. Бұл жағдайда қан оттегімен 80-85 пайыз
деңгейінде қанығады. 4,5-5,5 км биіктікте - биіктік немесе тау
дерті байқалады: жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет, тыныс алу
мен қан айналым жүйелерінің реттелуі бұзылып, мал ентігеді,
тез болдырады, оның көру жəне есту қабілеті төмендейді. 6-7 км
биіктікке көтерілу өмір үшін қауіпті.
Жоғары биіктікте организм тек қана оттегінің тапшылығынан
ғана емес, қан мен ұлпаларда СО
2
-нің азаюынан да жапа шегеді.
Ентігудің əсерінен гипокапния туындайды. Тыныстың жиілеуінің
салдарынан альвеола ауасы мен қандағы көмір қышқыл газы
азаяды да, тыныс орталығының қозғыштығы төмендеп, тыныс
сирейді.
Организмде немесе оның жеке ұлпаларында оттегінің жетіс-
пеуін гипоксия деп атайды. Гипоксия көп жағдайда қан құрамында
оттегінің жетіспеуінің (гипоксемия) салдарынан туындайды.
Гипоксия оны тудырған себептерге қарай бірнеше түрге
бөлінеді.
1.
Достарыңызбен бөлісу: |