149
еттен келетін афференттік қозу толқындарынсыз-ақ қалыпты
қызметін атқара береді деген түсінік тумау керек.
Организмнің тыныс алуы сыртқы орта жағдайларына бей ім-
деле өзгеріп отырады. Бұл үлкен ми жарты шарларының бағыт-
тауымен жүретін құбылыс. М. В. Сергеевскийдің пікірлеріне
сəйкес ми қыртысының торшалары көмір қышқыл газына өте
сезімтал. Тыныстың жиілігі мен тереңдігіне шартты рефлекстер
қалыптастыруға болады. Тыныс ырғағы түрлі эмоциялардың
əсерімен де өзгереді. Бұл мысалдар тынысқа үлкен ми жарты
шарларының əсері болуының айғағы.
Достарыңызбен бөлісу: