Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Ас қорыту ағзаларының қызметі



Pdf көрінісі
бет133/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

8.2. Ас қорыту ағзаларының қызметі

Ас қорыту процесі шартты түрде алдыңғы, ортаңғы жəне 

соңғы бөлімдерге бөлінетін ағзалар жүйесінде өтеді. Алдыңғы 

бөлімге ауыз қуысы мен жұтқыншақ, өңеш; ортаңғы бөлімге - 

қарын мен ащы ішек, ал соңғы бөлімге - тоқ ішек жатады. Сілекей 

бездері, ұйқы безі, бауыр да ас қорыту жүйесі құрамына енеді.

Ас қорыту жолының алдыңғы бөлімінде азықты қабылдау, 

шайнау, сілекеймен шылау жəне жұту процестері жүрсе, ортаңғы 

бөлімде қоректік заттар негізгі химиялық өңдеуден өтіп, ыды-

рау өнімдері денеге сіңеді, ал соңғы бөлімде қоректік заттардың 

қорытылмаған қалдықтары ыдырап, су мен минералды тұздар со-

рылады, нəжіс пайда болады.

Жалпы алғанда ас қорыту жүйесі органдарына секрециялау 

(сөл бөлу), қимылдау (моторлық), сіңіру, бөлінділеу (экскреция) 

жəне биологиялық белсенді заттар түзу сияқты қызметтер тəн.



Секрециялау (түзінділеу) қызметі ас қорыту жолына түрлі 

сөлдер бөлетін бездердің жұмысымен байланысты. Мысалы, 

сілекей бездері - сілекей, қарын бездері қарын сөлі мен шырыш, 

ұйқы безі - ұйқы безінің сөлін, бауыр - өт, ішек бездері (Либеркюн 

жəне Бруннер бездері) – ішек сөлін бөледі. Ас қорыту сөлдері 

қабылданған азықты бөктіріп, құрамындағы ферменттердің, 

қышқылдардың, сілтілердің əсерімен қоректік заттарды ыдыра-

тады.


Ас қорыту жолының қимылдау қызметі қарын мен ішектің 

қабырғасындағы етті қабаттың əрекетіне байланысты. Бұл ет-

тер 

дің жиырылып-босаңсуы қабылданған азықтың ас қорыту 



сөлдерімен жақсы араласуына, шайқалуына, олардың ас қорыту 

жолымен жылжуына мүмкіндік береді.

Ас қорыту жолының сіңіру қызметі кілегейлі қабықтың 

құрылымдық ерекшеліктеріне жəне арнаулы əрекетіне байланыс-

ты. Кілегейлі қабық биологиялық мембрана қызметін атқарып, 

ішек-қарын қуысынан қан мен лимфаға судың, минеральды тұз-




163

дардың, дəрмендəрілердің, белоктардың, көмірсулардың, май лар-

дың ыдырау өнімдерінің өтуін реттеп отырады.

Соңғы кездегі деректерге сəйкес ас қорыту органдары-

на  гормон түзу қызметі тəн. Ас қорыту жолының кілегейлі 

қабығындағы арнаулы эндокриндік торшалар түрлі биологиялық 

белсенді полипептидтер бөледі. Олар осы жүйенің қимылдау, 

секрециялау жəне басқа да қызметтерін реттеуге қатысады. Мы-

салы, қарынның пилорус бөлігі мен ұлтабар ұшында бөлінетін 

гастрин қарында тұз қышқылының бөлінуін үдетіп, қарын мен 

ішектің жиырылуын күшейтеді. Ұлтабар ұшында (12 елі ішек) 

түзілетін секретин ұйқы безі сөлінің, өттің бөлінуін күшейтеді. 

Аш ішекте бөлінетін вилликинин ішек бүрлерінің жиырылуын 

күшейтіп, қоректік заттардың ыдырау өнімдерінің сорылуын 

жақсартады, т.с.с. Бұл пептидтердің біразы (гастрин, секретин, 

холецистокинин) таза гормондарға, ал кейбір қосылыстар - гор-

мон тəрізді заттар тобына жатады. Ас қорыту жолында гипотала-

муста түзілетін кейбір пептидтер де (соматостатин, нейротензин, 

т.б.) бөлінеді. Бұл құбылыстың мəні əлі белгісіз.

Ас қорыту органдары организмге қажетсіз кейбір заттар-

ды  бөлінділеу (экскрециялау) процесіне де қатысады. Олар қан 

құрамынан өз қуысына зат алмасу процесі кезінде түзілген кейбір 

өнімдерді өткізіп, оларды денеден бөліп шығаруға жəрдемдеседі. 

Зат алмасу процесінің қажетсіз аралық жəне соңғы өнімдері ішек 

- қарын қуысына сөл жəне жалқаяқ (транссудат) құрамында 

бөлінеді. Əр орган тек өзіне ғана тəн бөлінділеу қызметін 

атқарады. Мысалы, йод, калий, натрий сияқты элементтер сілекей 

арқылы шығарылса, несепнəр, зəр қышқылы, сүт қышқылы, бе-

локтар - қарын мен ішек қабырғалары арқылы, ал йодты калий, 

белоктар мен бояулар - ұйқы безі мен бауыр арқылы бөлінеді. 

Қазіргі кездегі деректерге қарағанда, ішек сөлі құрамында орга-

низмнен сумен бірге липидтер, фосфолипидтер, нуклеопротеид-

тер, С дəрмендəрісі, натрий хлоридтері жəне натрий карбонат тары 

сияқты заттар бөлінеді. Жоғарыда баяндалған жайлар - қан мен ас 

қорыту органдарының арасында алмасу процесінің өте қарқын ды 

жүретінінің айғағы. Егер ішек–қарын қуысында белгілі бір зат тың 

мөлшері азайып кетсе, онда ол қаннан ас қорыту жолына өтеді, ал, 

керісінше, көбейе бастаса, тезірек қанға сіңеді. Осындай зат алма-

су процесінің арқасында қарын мен ішек қуысындағы жынның 

құрамы айтарлықтай тұрақты жағдайда сақталады. Сол себепті 

кездейсоқ жарақаттардың салдарынан малдың жыны сыртқа ағып 

кетсе, оның организміндегі зат алмасу процесі бұзылып, қанның 



164

құрамы өзгереді де, торшалар мен ұлпаларға қолайлы жағдайлар 

нашарлап, мал өледі.

Қорыта келгенде, ас қорыту органдары өзінің күрделі қызметі 

арқасында қабылданған қоректік заттарды бойға тез сіңетін 

қосылыстарға айналдырып, организмдегі зат алмасу процесінің 

қалыпты жағдайда жүруіне жағдай тудырады. Сол себептен де ас 

қорыту процесін организмдегі зат алмасудың алғашқы сатысы деп 

те атайды. Ал мал өнімділігінің негізінде зат алмасу процесінің 

қарқыны жатады. Қабылданған азықтың жұғымдылығы, 

мал өнімділігіне əсері оның қорытылу жылдамдығына, сіңу 

қарқынына тікелей байланысты. Осыған орай мал өнімділігін 

қажетті бағытта арттыру, оның шаруашылыққа тиімді қасиеттерін 

ұтымды дамыту үшін организмдегі ас қорыту процесінің жалпы 

заңдылығын жақсы білген жөн. Сонымен қатар азықтандыру 

мəселесін дұрыс ұйымдастыру үшін əр түліктің ас қорыту 

ерекшеліктерін білу керек. Барлық малда ас қорыту органдарының 

құрылым принципі бірдей болғанымен, əр түлік малдың азықты 

қабылдаудан бастап, оның қорытылмаған қалдығын бөліп 

шығаруға дейін тек өзіне ғана тəн ерекшеліктері болады. Тағы 

бір көңіл аударар жағдай, организмде ас қорыту органдары 

біртұтас жүйе құрғанымен, ол құрылымы мен əрекеті жағынан 

айтарлықтай ерекшеліктері бар түрлі бөлімдерге бөлінеді. Мыса-

лы, ауыз қуысы, қарын, ащы ішек жəне тоқ ішек. Аталған органдар 

бірімен-бірі жалғасып жатқанымен, өзара не қысқыш (сфинктер), 

не қақпақша арқылы бөлінеді. Бұл органдардың əрқайсысында 

өзіндік орта қалыптасады да, соған сай күрделі биохимиялық, 

микробиологиялық процестер жүреді. Осыған орай оқулықта ас 

қорыту органдарының əр бөлімінің құрылымы мен қызметінің 

ерекшеліктеріне тоқтаймыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет